Төребай Әлия Математика оқу қызметі “2 саны мен цифры”
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: 2 цифры мен санмен таныстыру
Мақсаты:
Тәрбиелік:Достарын сыйлауға,көмек қолын созуға тәрбиелеу
Білімділік: 2 цифры мен санымен танысады,өзіндік жұмысты мұқият орындайды
Дамытушылық : Ойлау есте сақтау қабілеттері дамиды
Әдіс-тәсілі: Жұмбақ жасыру, тапрсымалар орындату,сұрақ-жауап жүргізу
Көрнекілігі: АКТ, жұмыс дәптерлері,таратпа материалдар
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы күш |
-Балалар,сендер қай балабақшаға барып жүрсіңдер? Жарайсыңдар балалар Биыл біздің балабақшамызға 10 жыл
Ойын «Адасқан сандар» Шарты: Тақтада көрсетілген сандарды ретімен орналастырып қою керек
Қанекей сандарды ретімен санап өтейік 1-5 ке дейін ретімен санау
|
Балалар сұрақтарға жауап береді -Біз «Алтын ұя» балабақшасына барамыз
Ойын ойнайды ,сандарды ретімен орналастырады
1-5 ке дейін ретімен санайды |
Ұйымдастырушы ізденімпаздық
|
-Балалар,бүгін біз 2 цифрымен танысамыз. -2 цифры 2 бірліктен тұрады 1+1 =2
Бүгін біз «Ғажайып тақтаның» тапсырмаларын орындаймыз
Логикалық есептер Алма ағашта 4 алма Қандай жақсы жесе алма 2 алманы жеп қойдым Қалды сонда неше алма?
Аулада 3 үйрек 1 үйрек тығылды Қалды сонда неше үйрек
Далада жүрген аюдың Іші пысты жалықты 1 аю келіп қасына Қатары оның толықты Қанша аю болды?
Тапсырма орындау Алдымызда тұрған жолақшаның бірінші қатарына 1 сабын ,оның қатарына тағы 1 сабын қоямыз сонда неше сабын болды
Құрылымдалған ойын «Құлыпты аш» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып білуге үйрету Шарты :Әуен ақталған сәтте қолдарындағы пішіндерге сәкес құлыптардың ашу керек Күтілетін нәтиже: Балалар пішіндерді табады
Тақтамен жұмыс Суретте қай тазалық құралы екеуден берілген соны қоршап шығамыз
Дәптермен жұмыс Цифрлардың ішінен 2 санын тауып қоршаймыз
Сергіту сәті Ағылшын тілінде |
Оқу қызметінің барысымен танысады
2 санының 2 бірліктен тұратының таяқшалар арқылы көрсетеді
Логикалық есептердің жауаптарын табады
Тапсырманы орындайды
2 сабын болады
Ойынды ойнайды Сәйкес пішіндерді табады
Тақтамен жұмыс жасайды Қай тазалық құралының екеуден берілгенің табады
Дәптердегі тапсырманы орындайды
Бір серігіп алады |
Рефлекциялық түзету | Қорытындылау
-Балалар,бүгінгі оқу қызметінде қандай санмен таныстық? -Екі саны неше бірліктен тұрады екен? Бүгінгі оқу қызметіне сендер жақсы қатысып отырдыңдар жарайсыңдар балалар |
Сұрақтарға жауап береді -Бүгін 2 цифрымен таныстық -2 саны 2 бірліктен тұрады |
Күтілетін гәтиже:
Жаңғыртады: Тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: 2 цифры мен санын түсінеді
Қолданады:Жұмыс дәптерін ,тақтамен жұмыс жасайды