“Тәрбие – адам тағдырын шешетін, ұлы іс” (В Белинский)

Қазақ халқының қазынасында тәрбиеге толы мол мұралар бар.Соның бірі, Мұхтар Әуезовтың: “Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз”, – деген баға жетпес асыл сөзі бар.Шындығында бала  болашағынан мол үміт күтетін әрбір адамзат баласы, ұрпағының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз.Ертеде баланы құрсақта жатқан кезден -ақ тәрбиесіне көңіл бөлген.Олай болса, балам өмірге келген соң тәрбие нәрімен баптармын дейтін болсақ, сәл тәрбиеден кешеуілдеп қалатынымыз өкінішті емес пе?Ежелден ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған.Қазірде жеткілікті тәрбие беріп жатырмыз…дегенмен ол қаншалықты? Баланы жас кезінен өмірдің қыр -сырына төзімділікпен қарауды үйрету-ол үлкендердің міндетінде.Бала тәрбиесіне әрбір отбасындағы үлкендер жауапты.Олай болса “Жаста берген тәрбие-жас шыбықты игендей”, -демекші баланың қоғамда дұрыс адам болып қалыптасуының алтын діңгегі, біздің қолымызда екенін ұмытпаған жөн.

Қоғам жақсы болсын десек, тәрбие тізгініне мықты болайық ағайын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *