«Мектеп жасына дейінгі балалардағы тілдік кемістікті жою бойынша тәрбиелік түзету жұмыстарда ата-аналардың қатысуы»

Арнайы мектеп жасына дейінгі жұмысты ұйымдастыру жағдайында ата-аналармен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Ұйымдастыру кезеңі: ата-аналармен жұмысты олардың балалары топқа келуден бастап қамтиды;
2. Оқыту кезеңі : тілінде ақаулықтары бар балалардың ата-аналарымен жүйелік жұмыс жүргізу болып табылады;
3. Соңғы кезең: отбасымен жұмыс істеудің тиімді әдістерін анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Осы кезеңнің мақсаты: қызметтес болуға отбасының психологиялық дайындығы, баланың жеке басына отбасы мүшелерінің тепетең қатынасын қалыптастыру, балаларды тексеру нәтижесі туралы ата-аналарды хабарлар ету, үй жағдайында балаларға бақылау жасау, тіл ақауы бар балалармен түзету оқу бағдарласымен ата-аналарды таныстыру.
Осы кезеңде ата-аналармен жұмыстың негізгі түрлері:сауалнама, ағартушы-дәрістік, көрнекі-ақпараттық түрлері жүргізіледі. Тіл ақауы балалармен түзету жұмыстың бастапқы кезінде сауалнама әдісі қолданылады., ол бала және оның отбасы туралы келесі бөлімдер бойынша деректер алуды қарастырады: бала туралы мәлімет, баланың тәрбиелеу жағдайының сипаттамасы, отбасының оның дамуына ықпал етуі, отбасының логопедпен қызметтес болуға дайындығы.
Бала тілінің кемістігін жоюда логопед ата-ананың ерекше рөліне бөледі және қажеттіліктерін белгілейді: балаға талап қоюдың бірлігіне , тапсырманы орындағанын бақылау; балаға дәптерін, ойын, дидактикалық материалдарды жүргізуге көмектесу; балабақшада ата-аналар үшін өткізілетін шараларда қатысу.

Оқу кезеңі
Бұл кезең түзеу- дамыту жұмыс үрдісіне отбасын бірте-бірте кірістіруді қарастырады. Кезеңнің мақсаты: тіл ақауы бар баланың сөйлеуін дамыту және жалпы психикалық мәселелер бойынша білімді кеңейту: ата-аналардың балалармен отбасында түзету жұмысының әдістеріне оқыту, отбасылық тәрбиелеу процесінде сөйлеуді дамыту дағдыларына және ептілікке ата-аналарды үйрету. Осы кезеңдегі ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері: кеңестік- ұсыныстық, ағарту-дәрістік және көрнекі- ақпараттық түрлері болып табылады.
Логопедтің кеңестік – ұсыныстық жұмысының негізгі мәселесі үлкендермен мен балалардың бірлескен жұмысынұйымдастыру болады, ол балаларды еріксіз жаттығу жасауға және жаңа сөйлеу дағдылырына итермелейді., сол сияқты олардың белсенді сөйлеуіне ықпал етеді.
Ата-аналармен оқу жылының барлық ағымында ашық логопедиялық іс-әрекеттер жүргізіледі. Осы іс-әрекеттерде ата-аналар логопедтің негізгі әдістерімен, көрнекі- иллюстрациялы және сөйлеу материалдарымен, сондай-ақ сабақ үрдісін балаларға сөйлеуіне қойылатын талаптармен таныстырады.
Қортындылау кезеңде логопед пен ата-аналардың арасындағы байланыс болуда келесі мәселелер шешіледі: отбасымен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін анықтау, оқу барысында алған тәрбиелеу білімін ата-аналармен отбасы жағдайында нығайтуды үйрену; мектеп жасына дейінгі түзету мен оқытудаата-ананың шығармашылық жұмысына ықпал-ету; ата-аналармен үй жағдайында логопед тапсырмасын орындауына бақылау түрлерін қолдану. Осы кезеңдегі отбасының логопедпен өзара қатынас процесінің мағыналы- құрымдылық негізгі ерекшіліктері болып топта дискуссия өткізу, оның барысында ата-ана пікірімен, түзету мәселелерді шешудің түрлері туралы ойларымен алысады. Аяқтау кезеңінде сөйлеуі жетілмеген мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және түзету оқу үрдісіне ата-аналардың саналы қатысуы, балаларда сөйлеу және әлеуметтік қатынастық дағдыларды тиімді
дамыту, сондай-ақ баланың осындай сөйлеуі бұзылу түрімен үйлесімді дамуы логопед жұмысының нәтижесі болып табылады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *