«Бояулар әлемі»

Тақырыбы: «Бояулар әлемі»
Білім беру саласы:Таным, шығармашылық, коммуникация
Бөлімдері:Сурет, математика, сөйлеуді дамыту.
Мақсаты:
Білімділік: Бояулардың сиқырлы сырлары жайлы тәжірибе жасап, түстер туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық :Дәстүрден тыс сурет салу әдіс-тәсілін пайдалану арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: кемпірқосақ суреті, жеті құртақандар, көктем мезгілінің суреті, карточкалар
Қажетті құралдар:ПВА желім, таяқшалар, ( мақталы таяқша, тіс тазалау таяқшасы)
m&m кәмпиті, су, сүлгі, түрлі-түсті құм, сүт, ас бояулары, гуашь, тақтайша, сұйық сабын.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ой қозғау
Сөздік жұмыс: суық түс, жылы түс
Полингвальды компаненті: қызыл-красный-red, сары-желтый- yellow, қызғылт сары-оранжевый-orange, көк-синий-blue, көгілдір- голубой-light blue, жасыл-зеленый-Green, күлгін-фиолетовый-purple
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық Қайырлы таң! Аңға да,құсқа да,
Қайырлы таң! Барша жанға да.
Доброе утро всем нам!
Доброе утро всем гостям!
Good morning,good morning
Good morning to you.
Good morning,good morning,
I am glad to see you. Балалар тәрбиешімен бірге айтады

Ұйымдастыру- іздестіру 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір қандай мезгіл?
-Бір мезгілде неше ай бар?
-Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сурет бойынша әңгімелесу.
– Күн жылынады. Қар, мұз ериді. Адамдар жылы киімдерін шешеді. Аңдар ұйқыдан оянады. Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады.
(жаңбырдың дыбысын естиді)
-Балалар ненің дыбысын естідік?
– Балалар ендеше саусақ жаттығуын жасайық.
Бір саусақпен алақанға соғамыз (жаңбыр тамшылады)
1,2,3,4,5
Алақанды қатты қатты соғамыз (жаңбыр қатты жауды)
Жаңбыр басылды,
Күнің көзі ашылды.
Балалар күннің көзі ашылған соң не пайда болады?
Жұмбақ жасырайын.
Көтерілді қақпалар,
Бар әлемге сәнділік.
Күн « Тоқта!» деп бұйрық берді,
Жеті түрлі көпірге. (Кемпірқосақ)
-Кемпірқосақ
-Балалар қемпірқосақ түстері адасып, шатасып қалыпты.
Балалар мынау кімдер?
-Кішкентай құртақандар, түстерді жинастырып орнына қоя алмай жүр екен.
Балалар біздер көмектесеміз бе?
Балалар түстерде берілген амалдарды орындап шығарады.
1+0, 1+1, 2+1, 3+1, 4+1, 5+1, 6+1,
Әр түстерді ретімен қояды.
-Балалар түстерді кім атап береді?
-Қазақша,орысша атайды.
Балаларға видеодан түстерді ағылшынша атап айтады
Полингвальды компаненті: қызыл-красный-red, сары-желтый- yellow, қызғылт сары-оранжевый-orange, көк-синий-blue, көгілдір- голубой-light blue, жасыл-зеленый-Green, күлгін-фиолетовый-purple
Сөздік жұмыс: суық түс, жылы түс
1.Тәжірибе:(m&m кәмпитіне тәжірибе жасау )
-Балалар мынау не?
-Оның пішіні қандай, түстері ше?
Балалар бұл жайғана кәмпит емес, сиқырлы екен. Қане, көрейік. ( тарелкаға m&m кәмпитін айналдырып тізіп қоямыз,тарелканың ортасына жылы су құямыз)
Балалар қараңдаршы? Не көріп тұрсыңдар?
2.Тәжірибе:Балалар алдымыздағы тарелкада сүт бар. Сүтке ас бояуларын қосамыз.Мақталы таяқшаны алдымызда тұрған сұйық сабынға батырамыз. Сосын сүт бетіне саламыз.
(Балалардың жұмысын қадағалап отыру)
-Балалар сүттегі бояулар қалай болды?
Балалар келесі үстелге келіп тұрайық.
Дәстүрден тыс сурет салу:Балалар біз сиқырлы тіс тазалағыш таяшамен ғажайып сурет саламыз.
( Тақтайшаға ПВА желімін құямыз, Желімге әртүрлі түсті гуашь тамызамыз да, тіс тазалағыш таяқшамен сурет саламыз.)
Салынған сурет бетіне ақ қағазды бастырамыз.Қағаздағы суреттен көрме ұйымдастырып, тақтаға ілеміз.
-Балалар суреттеріміз қандай әдемі болып шықты?
Ескерту : ПВА желімін ауызға салмаймыз. Жұмысты таза ұқыпты орындаймыз.Таяқшамен ойнамаймыз.
3.Тәжірибе: Балалар алдымызда ыдыстарда не тұр?
-Құм
Олар жай құм емес, әртүрлі түсті сиқырлы құм екен.
Қазір мына менің алдымдағы ыдыстқа (әр бала әр түсті) құм әкеліп саламыз.
Балалар қараңдаршы сиқырлы құм неге айналды?
Кемпірқосаққа
Енді сол құмға әдемі түсті гүлдерді салайық.

Балалар сұраққа толық жауап береді.

Көктемгі табиғаттағы өзгерістерді айтады.

Балалар тәрбиешімен бірге саусақ жаттығуын орындайды.

Кемпірқосақ түстерін ретімен орналастырады.
Балалардың жауптары тыңдалады.

Кәмпиттерден кемпірқосақ түстері пайда болды.

Сүтте әртүрлі сиқырлы түстер шықты.

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Рефлексивтік – түзетушілік Қорытынды:
Ойын: «Түстерді ажырат»
(заттардың түстерін ажытатады)
Мы: Тиін қандай түсті болады?
-Ол қайда өмір сүреді?
-Немен қоректенеді?
– Жүзім қандай түсті ?
-Ол жеміс пе? Көкеніс пе?
-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Сендер не жайлы білдіңдер? Не жасадық?
-Белсене қатысқан балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:бояулардың сиқырлы ерекшелігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қажетті құралдарды дұрыс пайдалануды, тәжірибе жасауды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Дәстүрден тыс сурет салуды меңгереді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *