«Буратиноға көмек»
Тақырыбы: «Буратиноға көмек»
Мақсаты:
Білімділік:Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру. Осы геометриялық пішіндеріне ұқсас заттарды табуға үйрету. Жыл мезгілдерін атап, жыл мезгілдеріне байланысты қандай киім киетінін білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөздік қорын, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлеріне көмектесуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Билингвальдық компоненті: алтын кілт – золотой ключик, дөңгелек – круг, шаршы – квадрат, үшбұрыш – треугольник.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме!
• Балалар бізге топқа хат келіпті. Қазір мен сендерге оны оқып беремін. «Сәлеметсіңдерме балалар! »маған сендердің көмектерің керек еді. Менің алтын кілтімді Карабас-Барабас ұрлап кетті, ол кілтті тапсырмаларын орындаса ғана қайтарады, мен жалғыз тапсырмасын орындай алмаймын маған сендердің көмектерің керек!»
– Балалар Буратинаға көмектесеміз бе?
– Иа
Олай болса орманға поездбен барайық, қане бәрімәз қатар-қатарымен бір-біріміздің артымызға тұрайық.
Сабаққа қызығушылықтары артады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
1) Балалар бірінші тапсырма жыл мезгілдеріне байланысты екен. Балалар жылдың неше мезгілі бар?
– жылдың 4мезгілі бар.
– Дұрыс балалар, ал қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір көктем мезгілі.
– Жарайсыңдар балалар, енді тапсырмаға көшейік. Жыл мезгіліне сәйкес киіндір.
Шарты: Мен сендерге қай жыл мезгілін айтсам, сендер соған сәйкес киімдер киіндіресіңдер. Келістік пе?
– Иә
2-аялдама «Түстерді топтастыр». Балалар мына вагондарда түстер көрсетілген, сол түстерге байланысты пішіндерді топтастыру қажет.
3-аялдама Ал келесі тапсырмамыз «Үйін тап» ойыны. Қояндардың көлеміне қарай үйлерге жол тауып сызу?
Балалар тапсырмаларды орындап шаршаған шығарсыңдар, олай болса бір сергіп алайық. Қане бәріміз шеңбер құрып тұрайық.
Сергіту сәті.
• 4-аялдама Жарайсыңдар балалар, келесі тапсырмамыз «Жемістерді ата» ойыны
Шарты: Жемістерді атын және түсін атау.
5-аялдама. Балалар енді карабас барабастың соңғы тапсырмасын дұрыс орындасақ, Буратино досымыздың алтын кілтін тауып береміз. Қане, орындаймызба тапсырманы?
Келесі тапсырма «Бөліктерді құрастыр»
Кішкентай қорапшаны тауып аламыз ішінде кілт болады.
• Жарайсыңдар балалар. Біз Буратина досымыздың кілтін таптық, енді кілтті егесіне қайтарайық.
(Буратина балалардың алдынан шығып, қарсы алады)
• Буратина: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
• Балалар: Сәлеметсіз бе.
• Тәрбиеші: Буратина біз сенің хатыңды алдық және Карабас-Барабастың барлық тапсырмасын орындап, сенің кілтіңді тауып алдық.
• Буратина: Балалар сендерге көптен көп рахмет. Мен жалғыз өзім ол тапсырмаларды орындай алмас едім. (Қатты қуанады) Балалар сендерге алғыс ретінде мен сендерге кішігірім сыйлық дайындап қойдым. (Балаларға жануарлардың суреті бейнеленген монеталарды таратады.)
• Жүргізуші: Рахмет. Саған Буратина балаларды бір қуантып қойыдың, ал енді біздің балабақшаға оралуымыз керек. Біз кетейік.
• Буратина: Балалар сендермен қоштасқым келмейді. Сендер өте жақсы балалар екенсіңдер. Тағыда кездескенше балалар. Сауболыңдар!
Балалар: Сауболыңыз! (Поездге отырып балабақшаға аттанады)
• Жарайсыңдар балалар. Сендер Буратинаға кілтін табуға көмектестіңдер. Барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар.
• Осымен біздің сабағымыз аяқталды балалар, қонақтарымызбен қоштасайық.
Балалар: Сауболыңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718