«Ұлттық мәдениет ерекшеліктері мен үрдістері.»

Пән:                                      Қоғамтану

Курс, топ:                            1курс 1 топ  Аспазшы

Тақырыбы:                        «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері мен үрдістері.»

Сабақтың түрі:                   Семинар сабақ

Өткізу әдісі:                         Баяндама тыңдау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.

Мақсаты:

                Білімділік:          Білімгерлерге мәдениет дегеніміз не, мәдениттің даму

бағыттары, өрлеу үрдісі, ұлттық мәдениеттің

ерекшеліктер туралы білімдерін қалыптастыру.

 

      Дамытушылық:          Білімгерлерді өз бетінше ізденуге, өз ойларын

ашық айта білуге, мәдени сөйлеуге дағдыландыру.

 

                Тәрбиелік:          Білімгерлерді өз елінің мәдениетін білуге, ерінбей

білім алуға, ұлтын сүйетін азамат болуға

тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс:    Тарих, әдебиет.

Көрнекілігі:                        Қазақ халқының ұлттық мәдени-рухани мұралары

(суреттер)

Мәдени ескерткіштер (слайд)

Мәдениетке қатысты тұлғалар (слайд)

Ұлағатты сөздер:              «Құсқа екі қанат қандай қажет болса,

жастарға екі тілді қатар білу сондай қажет»

«Дана болам десең, соңғы талап – шындықты

құметте».

«Әр нәрсеге қызығуы болмаған адам атын

ұмытады».

«Адам орындаған ісімен танылады».

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:      Сәлемдесу білімгерлерді түгендеу, дәрісхана

тазалығын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

  1. Қоғамның мәдени дамуы.
  2. Рухани мәдениеттің сипаты.
  3. Мәдениет – қоғамдық құбылысы.

ІІ. 1 Жауабы:

 

Мәдениет ұғымы философиялық, соцйологиялық, саяси және көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Мысалға тарих пәні бойынша «Беғазы-Дәндібай мәдениеті», «Пазырық мәдениеті», «мәдениеттің орта ғасырлардағы дамуы» деген ұғымдар жиі кездеседі. «Демократиялық мәдениет», «бұқараның саяси мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті», «киім кию мәдениеті» деген түсініктер мен қалыптар да бар.

Мәдениет – қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы. Мәдениетөнімдерін жасаудың мұраты айналаны қоршаған ортаны өзгертуге, адамзаттың тарихи дамуы үдерісінде жинаған бар байлығын жеке адамның рухани игілігіне жаратуға, адамды дамытуға бағытталуынан көрініс табады.

 

ІІ. 2 Жауабы:

 

Рухани мәдениет – ғылым, әдебиет пен өнер, философия, мораль, құқық, білім беру істерін қамтиды. Сонымен қоса, рухани мәдениет бұқараның саяси мәдениетін де қамтиды. Қоғам мүшелерінің, таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның қызметінің сапасы, көзқарастары, ділділігі тұтастай қоғамның мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жеке адамның, әлеуметтік топтардың қоғамдық қатынастарды өзгерту субъектісі ретіндегі қызметінің сапалық көрсеткіштері әлеуметтік дамудың да шамасын сипаттайды.

 

ІІ. 3 Жауабы:

 

Адам, қоғам және мәдениет – бұл үшеуі бір-бірінен ажырағысыз, тұтас дүние. Мәдениеттің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні оның ешқашан жеке адамның қолымен емес, тек қоғамның күшімен жасалатынынан көрініс береді. Өйткені кез келген адамның жетістігі оның өзінің жетістігі бола алмайды. Барлық жағдайда мәдениеттің дамуы мен қоғамның дамуында сәйкестік болып, олар бір-біріне тура ықпал етіп отырады.

Мәдени даму – қоғам дамуының мәнді бір саласы. Егер қоғамды тұтас бір дене десек, мәдениет оның бір жанды ағзасы болып шығар еді. Қоғам дамуындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мәдениеттің дамуына да тікелей әсет етіп отырады.

 

 

ІІІ. Семинар сабақтың тақырыбын,

       жоспарын хабарлау:

 

  1. Ұлттық мәдениет оның дамуы мен ерекшелігі.
  2. Ұлтқа дейінгі мәдениетке қатысты тұрғылар.
  3. Мәдениеттің даму үдерісіндегі бағыттар.
  4. Іркілістер және олардың себептері.

 

 

ІҮ. Тірек білімді жандандыру:

 

Оқытушы:  —  Ал енді сабағымызды бастамас бұрын келесі сұрақтарды талдап көрейік.

 

  1. Мәдениет дегеніміз не? және қазақ мәдениеттің дамуына Қазақстанның географиялық орналасуы қандай әсер береді.

 

Жауабы:  – Мәдениет дегеніміз қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы. Ал Қазақстанның  географиялық орналасуы жағын қарастырсақ еліміз  шығыстық елдер қатарына жатады сондай-ақ Азия құрлығына шектеседі қоғам өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде тұрмыстық пайдаланатын материалдық игіліктер Шығыс және Батыс мәдениетінің түрлерін қамтиды, сондықтан біздің мәдениетіміз орналасқан жеріне байланысты дүние жүзінде іске асырылып жатқан мәдени үрдістерден тыс қалмай, солармен қатар дамып келеді.

 

Оқытушы – дұрыс айтасың ал

 

  1. Қазақстанда мәдениеттің дамуының өзіндік ерекшеліктері қандай кім жауап береді?

 

Жауабы:  – Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұратындықтан мәдениетіміз көптілді және көптүрлілік сипат алады кез келген азамат өзінің белгілі бір ұлт өкіліне тәнділігіне орай белгілі бір тілде жасалынған мәдениетті тұтынады. Біздің жеріміздегі мәдениет түрі мен жанры жағынан бай және әр алуан, мазмұны жағынан халықтар достығының жаршысы және көрінісі ретінде ерекшелеп көрсетеді.

 

 

  1. Қазақстан мәдениеттің тұрпаты қалай айқындалады.

 

Жаубы:  — Мәдениеттің тұрпаты оны жасаушылар мен тұтынушылардың дүниетанымымен, ділімен, кейде тілімен айқындалады.

 

Ү. Жаңа тақырыпқа ынталадыру:

 

Оқытушы:  — Дұрыс айтасыңдар кез-келген халықтың өкілі өзінің ұлттық мәдениетімен қоса, өзге тілдерде жасалынып жатқан рухани игіліктерді қоса меңгергеріп өзінің рухани-эстетикалық дүниесін байыта түседі. Мәдениеттір алмасуы үдерісін мәдениет туындаларын жасаушылар әрқашан өзге тілдегі мәдениеттерден көптеген тәжірибелерді меңгереді, дәстүрлерді қабылдайды. Ал енді «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері мен үрдістері.» Атты семинарымызды бастайық.

 

 

ІІІ. 1     Ұлттық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған, бірмінді айқындамасы жоқ, оның бірнеше айқындамасы бар. Солардың ішіндегі негізгі екеуіне тоқталымыз. Оның біріншісі – ұлттық мәдениет дегеніміз белгілі бір ұлт өкілдерінің күшімен жасалған мәдени-рухани мұралардың жиынтығы. Жинақтай айтқанда, қазақ ұлты өкілдерінің интеллектуалдық және тәни күшімен жасалған мәдениет жетістіктерінің барлығы қазақ халқының мәдениеті болып табылады.

 

Мына слайдқа көңіл бөлсеніңдер:

1.слайд (Мәдени ескерткіштер)

 

 

 

Археологиялық  қазба жұмыстары барысында табылған ескерткіштер.

 

 

 

 

 

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

 

Арыстанбаб кесене-мешіті.

 

Қарахан кесенесі

 

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті дегенде қазақ ұлты өкілдерінің қолымен, ойымен, ақылымен жасалған барлық рухани көркем, ғылыми, білімділік, материалдық игіліктердің жиынтығы ойымызға түседі. Мейлі ол Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі болсын немесе Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерінің алтын киімі болсын, немесе М.Әуезовтің романдары, Мағжанның өлеңдері болсын – барлығы да қазақ ұлтының мәдениеті болып табылады.

Бұл айқындаманың ерекшілігі оның мәдениетті ұлттық шеңберде алып, тұтас қоғам мәдениетінен бөле қарастыруында болып табылады. Мұны Қазақстанда тұратын өзге ұлттық диаспораларға қатысты қолданғанда орыс, украин, татар, өзбек, ұйғыр халықтарының өкілдерінің күшімен жасалған мәдени туындылардың жиынтығы болып шығады. Бұдан Қазақстанда өзара сұхбатасатын көптеген ұлттық мәдениеттер қатар өмір сүреді деген байлам келіп шығады.

Мәдениетті тар шеңберде алып қарастырушылар патриоттық сезімдердің жетегіне көбірек ілеседі, мәдениеттердің кірігуін қаламайды және оған күдікпен қарайды. Олар үшін ұлттық төлтумалық қымбат. Сондықтан олар өнердің ежелден келе жатқан дәстүрлі түрлеріне ден қояды, солардың дамуын жақтайды және қадағалайды, өркениетті елдерде таралған мәдениеттердің түрлеріне жатсына қарайды.

Ұлттық мәдениеттің мәніне қатысты екінші тұрғы оның ұлттық мемлекеттік шеңбердегі аясынан көрініс береді. Бұған қатысты, алдымен, «ұлттық», «мемлекеттік» ұғымын саралап алу қажеттілігі туады.

Қазір бізде де дүние жүзінің өркениетті елдері қабылдағандай, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен барабар қолданылады. Демек, «ұлттық банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» тектес тіркестер де «ұлттық» сөзі «қазақтікі» деп түсінілмейді, бүкіл Қазақстан халқынікі немесе мемлекеттікі деп түсініледі. Сол сияқты «ұлттық мәдениет» дегенде де біз тек қазақ халқының мәдениеті туралы емес, Қазақстан халықтарының мәдениеті туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз керек. Сонда ұлттық мәдениет қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген түрлі өзге ұлттық диаспоралар өкілдерінің қатысуымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы болып шығады.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті Қазақстан халықтарының мәдениетінің негізін құрайды. Өйткені республика атауын арқалаған қазақ халқы – бұл елдің автохтонды тұрғындары және республмка тұрғындарының басым көпшілігі құрайды. Бұл жерде қазақ тілінің мемлекеттік тіл болу факторының айрықша маңызы бар. Ол келешекте қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл ретінде күшіне енгенде Қазақстанда жасалып жатқан мәдениеттің негізгі тіліне айналады. Осылардан қазақ ұлтының мәдениетінен тұтастай Қазақстан халықтары мәдениеттерінің ұйытқаса болу мәртебесі көрініс береді. Қазірдің өзінде Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан қазақстан өзге ұлт өкілдерінің қолымен жасалған игіліктің бәрі де ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, ал кейін ол игілік қазақтың ұлттық мәдениетімен кірігіп, ажырамас біртұтастықты құрайтын болады. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Оқытушы: — сізгеде рахмет жақсы дайындалыпсыз дегенмен сізге сұрақ

«Ұлттық мәдениет» деген тек қазақ халқының мәдениеті туралы айтуымыз керек пе?

Жауабы:    Жоқ бұл жерде Қазақстан халықтарының мәдениеті туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз керек. Сонда ұлттық мәдениет қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген түрлі өзге ұлттық диаспоралар өкілдерінің қатысуымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы болып шығады.

Оқытушы – енді келесі сұрағымыз бойынша семинарымызды жалғастырайық.

ІІІ. 2    Өдетте, ұлт қалыптасқанға дейінгі мәдениет те ұлттық мәдениет шеңберінде алынып қарастырылыды. Мұның өзіндік қисыны бар. Сонымен қоса, бұл тұстан туындайтын проблемалар да жоқ емес. Мысалы, сөз қазақ халқының ұлттық мәдениетіне қатысты болатын болса, қазақ ұлт ретінде атала бастаған ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бұрын жасалған туындыларды да ұлттық мәдениетке қосады. Бұдан ұлтқа дейін жасалған мәдени мұраларды иемдену хақында тарихи туыстас халықтар арасында талас туып жатады.

Қазақтармен түбі, туыс халықтар — өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, қырғыздар, түркмендер, әзірбайжандар арасында талас тудыруды мүмкін мәдени объектілер мен ұлы қайраткерлер көп. Ондай талас Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Ә.Бирунидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің шығармашылық мұраларына немесе «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Қырымның қырық батыры», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты эпостық және лиро-эпостық жырларына қатысты туындап жатады.

Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі кезеңдеріндегі мәдениеті қазіргі қазақ халқының ғана емес, онымен туыстас өзге ұлттардың да мәдениетінің бастауы болып табылады. ХҮ ғасырға дейін қазақ және өзге түркі тектес халықтар мекен еткен жерде өмір сүрген рулар, тайпалар, ұлыстар, б.з.д. І мыңжылдықтардағы түркі тайпалары – ғұндардың, сақтардың, б.з.д ҮІ – Х ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінің қарамағына енген халықтардың мәдени мұралары қазақтың және онымен туыстас халықтардың ұлттық мәдениетінің бастаулары және ол мұралады өздерінікі деп мәдениеттің бастаулары және ол мұраларды тең пайдалануға тиіс. Сол сияқты біз ХІІІ ғасырға дейінгі кезеңдегі қазақ және қазіргі өзбек жерлерінде тұрған қалалардағы гүлденген мәдениет, ғылым және көркемөнер туындыларына, материалдық өндіріс саласындағы жетістіктердің бәріне де ортақ игілік ретінде қарап бағалауымыз керек.

Оқытушы:   Ал енді мәдениеттің даму үдерісіндегі бағыттар туралы  келесі баяндамашыны тыңдайық.

ІІІ. 3  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңдегі ұлттық мәдениеттің даму үдерісінде екі үрдіс көрініс берді. Олардың біріншісіне, мәдениеттің жаңа қарқын алып, карышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы.

Өрлеу үрдісі көркемөнерде коммунистік идеологияның үстемдігінен азат болудың нақты өмір шындығын көркем бейнелеу мүмкіндігін алудың нәтижесінде көрініс берді. Осы уақытқа дейін игерілмей келген тың тақырыптарға бару, тарихтың түрлі кезеңдернде объективті ашылмай қалған, «ақтандақтар» деп аталған құбылыстарды ашу мүмкіндігі туды. Қазір көптеген оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптасты. Отандық тарихтың ірі оқиғаларына, әсіресе көтерілістер мен халықтық қозғалыстарға осы уақытқа дейін комунистік идеология тұрғысынан беріліп келген бағаны өзгеше ғылыми түрде объективті көрсетуге мүмкіндік туды.

Бұған дейін ғылыми шығармалар, негізінен, орыс тілінде жазылып келген болса, қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар қазақ тілінде еркін сөйлей бастады. Бұл жерде бірқатар қиындықтардың да кездесіп отырғаны бар. Ғылыми терминологияның қалыптасуы, ғылыми стильдің жетілмеуі үлкен кедергілер келтіруде. Дегенмен бұл жұмыстар да біртіндеп жолға қойылып келеді.

Кеңес кезінде үстемдік орнатып келген кейбір тұрғылар да жаңаша түсіндіруді қажет етеді. Олардың негізгілерінің бірі – қазіргі қоғамдық ғылымдардың ішіндегі түсіндірулерде орын алып келген русскоцентризм ұстанымы бойынша озық мәдениетті Шығысқа тартқан тек қана Ресей мемлекеті болып шығады.

Кеңес кезінің жастары жақсының бәрі Батыстан Шығысқа қарай тарады деген сыңаржақ білім алды. Түркі тілдес халықтардың, қазақ халқының Кеңес Одағына дейінгі тарихында елеулі оқиғалары мен құбылыстары өрескел бұрмалады, олардың кейбір жарқын беттері көпе-көрнеу көмескіленіп келді.

Түркі тілдес халықтардың дүниежүзілік өркенитеке қосқан үлестерінің қомақты екендігі, олардың ешбір өзге халықтардікінен кем емес, кейбір тұстарда жаңа өзіндік қолтаңбасымен бүкіләлемдік мәдениетке қосылған үлес болғандығы белгілі. Бұл мәселелер Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде ғана өзінің нақты ғылыми бағасын ала бастады.

Кеңес кезінде Қазақстан тарихы Ресей тарихының құрамдас бөлігі ретінде зерттеліп келсе, енді Қазақстан тарихы Орталық Азия елдерінің, түркі және мұсылман әлемінің тарихымен сабақтастыра қарастырылуда. Әсіресе, қазақ тарихын туыстас, тілі бір, діні бір түркі тектес елдердің тарихымен байланыстыра зерттеу – жалпы бұл ғылымның дамуына жаңа бағыт, жаңа серпіліс әкеліп отыр.

Қазақ елі өзіне тән бетпердесі, қолтаңбасы, ұлттық санасы, мәдениеті, дәстүрі бар ел ретінде дүние жүзінетаныла бастады. Ірі тарихи оқиғаларға, кейбір қоғамды-саяси қайраткерлерге қатысты көзқарастар да өзгеріске ұшырауда. Кеңестік кезеңге дейінгі ірі саяси қайраткерлердің, мемлекет басшыларының, әскербасыларының, ұлы билердің, қазақ халқының шет жұрттық басқыншыларымен соғыс жүргізіп жатқан кезеңде саяси аренаға шыққан қайраткерлер мен батырлардың өмірлеріне қатысты материалдар да түгелдей жаңа көзқарастар тұрғысынан бағалануда.

 

2.слайд (қазақ халқының ұлы тұлғалары)

 

 

Есім хан                               Тәуке хан                          Абылай хан      

 

 

 

               Қазыбек би                                  Төле би                                       Әйтеке би

 

 

         

 

Қаракерей Қабанбай                       Қанжығалы Бөгенбай                   Шапырашты Наурызбай

 

Қазіргі тарихшы ғалымдар бұрынғыдай хандардың, билердің, бай адамдардың бәрін жағымсыз етіп бейнелеуден бас тартты. Бұл жаңа ұстаным тарихты шыншыл түсінуге септігін тигізді. Коммунистік терминологоя бойынша, «үстем тап өкілдері» деп аталғандардың арасында шындығында қазақ мемлекетін нығайтуға, халықтың әлеуметтік өрлеуіне қомақты үлес қосқан қайраткерлер де аз емес болатын. Есім ханның, Тәуке ханның, қасым ханның Абылайдың есімдері қайтадан тарихтан өздеріне лайық орын алды. Қаза-жоңғар соғыстары кезінде қазақтың саяси көкжиегінде жарқырай көрініс берген, халықтың ұранына айналғын қолбасылар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Науыразбай, бүкіл қазақтың әділділігінің айнасы болған, қара қылды қақ жарған, ауыз дуалы үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, алшын Әйтеке би сияқты қайраткерлердің өмірлеріне, олардың шығармашылық  қызметтеріне қатысты да түбегейлі өзгерді.

Алашорда қайраткерлерінен кейін ұмтыла бастаған қазақ философиясы өзінің бұрынғы дәстүрлі ойлау және сөз саптау жүйесіне қайта оралуда. Қазір қазақ философиясының оқулықтары, сөздіктері қайта шығып таратыла бастады. Философ ғалымдар мен зерттеушілер монографияларын, диссертацияларын ана тілінде даярлап бастыру, қорғау жұмыстарын қолға алды. Кезінде халық жауы аталып, шығармалары өндірістен алынып тасталған қайраткерлердің әдеби- мұралары қайтадан халық игілігіне айналып отыр. Осылардың бәрі ХХІ ғасырдың бас кезеңіндегі республиканың рухани өміріндегі айқындаушы үдерістері болып табылады.

 

Сұрақ:     Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі яғни қазіргі таңдағы білім беру саласының дамуының дәрежесі қандай?

 

Жауап:    Қазіргі таңда білім берудің қазақ тілінде жүргізілетін саласы жақсы дамып келеді. Қазақ мектептерінің және оларда оқитын оқушылар құрамының саны маңыз аларлықтай артты. Қазақстан өзінің төл оқулықтарын шығарып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырып отыр.

Республика жас ұрпаққа мектеп құрылымы бойынша жаңа білім беру жүйесіне көшу 1997-2007 жылдарды қамтиды. Енді қазақстан Республикасының алдына білім беруді реформалаудың кезекті сатысы – дүние жүзінің өзге елдеріндегідей 12 жылдық білім беруге көшу алға тартылуда.

 

Сұрақ:     Ал осы 12 жылдық білім беруге сіздің жеке көзқарасыңыз қандай?

 

Жауап:    Менің ойымша бұл өте дұрыс өйткені біз тек 12 жыл ғана білім алып қана қоймай өмір бойы білім алумен шұғылданамыз.

 

Оқытушы:    Рахмет сізге, біздің келесі сұрағымыз Іркілістер және олардың себептері.

 

ІІІ. 4  Тәуелсіздік жағдайындағы даму үрдісінің кейде тоқырау құбыластарымен қабысып жату да ұшырасады. Әрине, Кеңес кезеңіндегі тоқырау мен тәуелсіздік жылдарындағы іркілестердің мәні де, сипаты да себептері де басқаша. Егер Кеңес кезеңіндегі тоқырау, негізінен, коммунистік сыңаржақ идеологияның үстемділігінен туындап, ұлттық мәдениеттерді жойып жіберуге бағытталған пәрменді шаралар жүргізудің салдарынан болса, тәуелсіздік жағдайындағы тоқырау экономикалық қиындықтардан, жемқорлықтың өршуінен, мәдениетті дамытуға бөлінген қаражаттың жетіспеуінен туындаған еді.

Республика экономикасын нарықтық ұстанымдарға лайықтап қайта құру басталғанда өнеркәсіп орындарының маңыз аларлық бөлігінің өндірісті тоқтатқаны, экономикалық дағдарыстың одан әрі тереңдей түскені, бюджеттік салалардың жағдайының қиындап кеткені белгілі. Бұрын мемлекет тарапынан демеу қаржы алып келген көптеген мәдениет мекемелеріне бұл өте ауыр тиді. Театрлардың, кітапханалардың, мәдениет үйлерінің, кинотеатрладың бірқатары жабылып қалды. Жоғары және орта оқу орындарындағы студеттер мен оқушылар құрамы едәуір қысқарды.

Рухани саладағы келесі бір тоқырау құбылысының көрінісін шығармашы зиялы қауымның психологиялық тұрғыдан қайта құрыла алмауынан көрініп отыр. Қоғамдық өмірде болып жатқан үдерістердің шапшаң жүріп жатқаны соншалықты, көркемөнерді жасаушылар оларды рухани игере алмай, олардың даму қарқынына ілесе алмай қалатын құбылыстар кездесті. Көркем шығармаларда бейнелеуге болатын қызғылықты оқиғалар көбейіп, тақырып ауқымы кең  ауқымда ашылып отырса да, оның қазіргі демократиялық және жариялылық талаптарына сай көркем шығармаларда бейнеленуі өз деңгейінде болмады. Әсіресе, бұқараның мәдени-эстетикалық талғамын ескере отырып көркемөнер шығармаларын жасау ойдағыдай жолға қойылмады.

 

ҮІ. Бекіту кезеңі:

 

Сөз жұмбақ, ребустар шешу.

 

ҮІІ. Қорытындылау, бағалау кезеңі:

 

Кез-келген халықтың ғасырлар қойнауынан келе жатқан, өмірлік тәжірибесі, дәстүр тағылымдары болады. Заманауи мәдени болмысының өзіндік қолтаңбасы, ұлттық айшықты нышандары болады. Мәдениеттің қандай туындысы болса да,  мейлі ол әпсаналық немесе эстетикалық, әдеби, этикалық, философиялық болсын, бәрі-бәрі мәдениет әлемінде тек дәстүрді дамыта отырып ілгері жылжиды. Дәстүр жалғастығын мәдениеттің мәңгілік өзіне келіп қосылып жатқан сансыз бастау бұлақтарға теңеуге болады., — деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа белсене қатысып өз пікірлерін айтып дайындалып келген білімгерлерге рахмет!

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:

 

«Мәдениеттің заманауи көріністері» (талдау жасау)

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *