Камзолды практикада қолданып, ою-өрнектермен безендіру

                                              Шымкент қаласы

М.Сапарбаев институтының

Парасат колледжінің арнайы пән

                                                оқытушысы Карибозова Айсұлу Маханбетқызы

 

Камзолды практикада қолданып, ою-өрнектермен безендіру

 

Камзол қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны ерекше болған.ол да әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдің сырт киімі болып

табылатын бұл камзолды тек қазақ қана емес, басқа да түркі халықтарының

тұрмысынан кездестіруге болады.

Костюмнің ұлттық жанрын дамытып,бүгінгі талаптармен бабаларымызды

тәрбиелеп, киіндірсек, бесік жырын айтып,халықтық музыкамен сусындатсақ бойын таза ұстауға үйретсек, баланың халық қалаулысы, азаматы болып өсететіндігіне күмәніміз жоқ.

Әрбір архитектоникалық өнердің көркемдік және пайдалылық-утилитарлық қызметі болады. Олар бірлікте өмір сүріп, аталып отырған өнердің, біздің жағдайымызда костюмнің, мазмұндылығы(аксиологиялығы) мен текноникалығын (морфологиялығын) айқындаймыз.

Камзолдың мазмұндылығы (утилитарлық, әсемдік және эстетикалық қызметінің бірлігі) мен тектоникалығының (конструкция мен форманың бірлігі) бір арнаға құйылуы – Камзолдың көркемдік-эстетикалық лайықтылығын білдіреді.

Сонымен, киімнің атқаратын қызметтеріне сай бағалайтын, болсақ сапалы киімді ажырататын боламыз. Әрине киімнің күнделікті тұрмыста киетіні, сән байқауларында киетіні, той-думанда т.б. түрлері болатынын көріп те,естіп те жүрміз.

Қандай киім, камзолдың болса да оның сапасы әртүрлі өзіне тән қағидалар бойынша, қажеттік қызметтерін сипаттайтын талаптар бойынша анықталады. Соларға тоқталайық.

Камзолдың пайдалық –утилитарлық сапалары.

Камзолдың пайдалылығы: тиімділігі (сенімділігі мен жарамдылығы), эргономикалығы (шағындылығы мен ыңғайлылығы, киім мен адамның өзара әсері, конструкцияның қарапайымдылығы), үнемділігі (материалды тиімді пайдалану мен сәйкестігі), технологиялылығы (өңдеудің тиімді әдістері мен құралдарын талап етуі), конструктивтілігі (материалда негізгі кеңістікте ұйымдастыру әдістері мен конструкцияның өзара байланысы, сондай-ақ, костюмнің жұмысқа жарамдылық қызметін оның кеңістік ұйымдастыруға сәйкестеуге ұмтылуықағидалары бойынша анықталады).

Камзолдың эстетикалық сапалары: бейнелілігі (көркемдік мазмұнына формасының сәйкес келуі), байланыстылығы (рухани мүмкіндік пен адам қажеттігін өтеуге форманың сай келуі), ағымдылығы (материал мен форманың өзара әсері), ұйымшылдығы (композиция мен форманың өзара әсері) бойынша анықталады. Камзолдың көркемдік мәнерлілігі күрделі құрылым.ол көптеген нәрселерге негізінен байланысты. Камзолдың мәнерлілік туғызу үшін, оған бейнелік ,поэтикалық және идеялық-эмоциялық мағыналар берілді.

Сондай-ақ ,форма мәнерлілік күші ретінде көрінеді.

Форма / лат. Форма-сыртқы түр/-мазмұнының сыртқы көрініс, мазмұн бөлшектерінің өзара әсері, байланысы, типі мен құрылымы .

Көркемдік форма- ішкі ұйымдасу, көркемдік –мәнерлік құрылымы жүйесі арқылы белгілі бір өнер түрінің көркемдік азмұнын сипаттау үшін жасалған көркем шығарманың құрылымы. Камзолдың көркемдік формасын жасау арқылы оның мазмұндылығы эмоциялы қабылданып, эстетикалық мағынаға ие болады. Форма техникалық ,тәуелділік және бейнелілік шешімге байланысты әркімге әртүрлі әсер етеді. Әрі белгілі жағдайға, уақытқа байланысты формасы өзгеріп отырады. Камзолдың адам денесіне лайықталып тігіледі,ал адам болса белгілі ортада өмір сүреді. Демек, адам – орта –форма құрылымдық байланыста болады. Камзолдың кеңістігі қалпы, алатын орыны – оның формасы болады. Ол өзінің силуэтімен анықталады.

Силуэт /фр. Silhuet-сыртқы көрініс/-костюмнің жазықтықтағы әр қырынан көрінуі. Мысалы, Камзолдың алдынан,артынан,жанынан көруге болса,аяқ киімді үстінен, астынан (табанынан) және жанынан көруге болады. Осы жағдайда әртүрлі тоғысқан және орналасқан сызықтарды байқаймыз.

Камзолдың көріністерін салып үйрену үшін немесе көріністерді дұрыс ажырата алу үшін оңай заттардың әртүрлі көріністерін қарап үйрену қажет.

Қамзол- жеңсіз, жеңіл киім.

Бір түсті едәуір қалың матадан,мақпалдан,барқыттан,жібектен,кейде гүлді мақпалдан,атластан ( жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Қыз келіншектерге арналған қамзолдың екі өңіріне кесте тігіліп,ою өрнек салынады,түйме орнына әшекейлі металл немесе күміс қапсырмалар тағылады. Қамзолдың жүн тартылып ,аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол 18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім.

Қамзол сызбасына қойылатын негізгі талап:

-денеге қонымды болу;

-сәнді,ұлттық нақыштармен ерекшеленеді;

 

 

Қамзол:

-жеңсіз және жеңді (ұзын,қысқа);

-қима бел және тік пішінде болады.

Киімді үлгілеу барысында адамның дене бітіміне назар аудару шарт. Әркімнің мүсініне әр қалай болғандықтан денеге кемшілікті жасырып,адамның сырт келбетін әдемі етіп көрсетуге тырысу керек. Мұндай жұмыстар жасау оқушыны талғампаздыққа үйретеді,ой өрісін жетілдіреді, эстетикалық талғамға сай киіне білуге тәрбиелейді.

Камзолдың сызбасы негізгі үш бөлікке бөлінеді: тор, алдыңғы бой, артқы бой. Киім тігерде оның әсемдігіне, ыңғайлылығына, гигеналық талапқа сай болуына, мықтылығына назар аударылу керек. Камзолда жең, жаға болмайды. Тек омырауға дейін ойық қалдырады. Техникалық модельдеу — бұл бұйымның сызбасы мен үлгілерін өңдеу процесі. Бұл процесс келесі кезеңдерді қамтиды:

Модель үлгісін немесе эскизін зерттеу және анализ жасау.

Модельге конструктивті сипат беру: жаңа силуэтті негізді өңдеу немесе сәйкестендірілген бастапқы силуэтті негізді таңдау

Негізді анықтау және модельдік ерекшеліктерді енгізу: конструкциялық өңдеудің дұрыстығын тексеру.

 

Техникалық модельдеудің бірінші кезеңіне жаңа модельдің ерекшеліктерін мұқият зерттеу жатады. Конструкциялаудың бұл әдісі киім эталонының жазықтығын үлгісінің тік өлшемдерінен негізделген неғүрлым дәл болып саналады. Ол жобаланған конструкцияның технологиясын, киім бөлшектерінің сызбасының дұрыс құрылуын қамтамасыз етеді. Модельді зерттеген кезде көбінесе оның сипатына және ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөледі: бұйым көрінісіне, силуэтіне, пішініне, бас өлшеміне, ұзындыққа, мата түріне, кеңдігіне, жаңа бөліктеріне көбірек көңіл аударған жөн қосымшалар еркін қозғалыс және кеңдігін анықтайды.

Жаңа модельдің конструкциясының еркшеліктері енгізілген бастапқы негіз сызбасын бекіту, техникалық модельдеудің ең бір жауапты сәті болып табылады.
Модельдеу ерекшеліктерін енгізу бастапқы негіздің кейбір дәлдіктерін кірістіре алады немесе оны көркейтеді. Осыған байланысты мүнкіндік беретін үш түрге бөлінеді:
Жаңа модель алғашкы негіздің қарапайым түрде ауыстырылуы мүмкін. Бұл түрі көбінесе жұмыс тәжірибесінде қолданылады: төменгі жағы кеңейтілген немесе қысылған бас айнылымына дұрыс орналасу сатысы және пропоцияға байланысты негіз силуэтінің өзгерулері қадағалынады. Бұл түрдегі тәсілдермен салыстырғанда неғұрлым берік және қиын тәсілдер қолданылады.

Макетті тәсіл — өте қарапайым, лекало бастың айналымына байланысты әзірленеді.
Графиктік тәсіл — перпендикуляр, белгілер және қиыстырылған тәсілдер кірістіледі. Көп жағдайда бірінші тәсіл қолданылады.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы.

Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.
Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі. Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау. Осы салада отыз жылдан аса уақыттан бері ұлттық ою-өрнекті дамытумен айналысып келе жатқан менің басты мақсатым – мүмкіндігінше ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нәзік те күрделі өнердің жасалу жолдары мен оны тұрмыста пайдалану реттерін өнерпаз жастарға ұсыну. Қажетіне жаратамын деген талапкерге көмектесу, ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы ұлтымыздың мәдени өнерін басқа елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды өндіріске еңгізу, оқулықтар шығару, зергерлік қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға қарапайым тілмен түсіндіру, құзырлы орындарға ою-өрнекті дамыту туралы өз ұсыныс, пікірімді жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан отыз жылдан аса уақыт ішінде ешқандай ою түріне қарамай ұлттық бағыттағы басты ою түрі «қошқар мүйіз» айшығын сақтай отырып, бір жарым мыңдай үлкенді-кішілі, ірілі-уақты әр түрден ою түрлерін жасадым. Басты мақсат – қошқар мүйіз оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлері де бар. Мақсат жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық түсіндіре отырып, пайдалану жолдарын ұсыну, оюдың өндіріске енуіне ықпал жасау. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен түрін, пішінін өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-өрнек, кие қасиет. Осы киіммен халқымыз тарихи дәуір өткізген. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек тілінен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, бір-бірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды. «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді:

1.Өсімдік.
2.Зооморфтық.
3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

Ою-өрнек түрлеріне зер салып, олардың қай киімде көбіне қолданыста екендігі туралы мағлұмат іздей бастадым.

Әсіресе осы оюлардың ішінде өсімдік пішіндес ою-өрнекті көбіне қыз балалардың камзолына, сәукелесіне сәйкестендіріп салып отырған. Ал қазақ халқының жолға шығарда киетін киімдерінің өзіне салынатын оюларды да ерекше болған. Оларға аң пішіндес ою-өрнектер салып отырған. Себебі: «Жортқанда жолың болсын» — деп құстың, аңның бейнесіндегі оюларды келтірген. Сонымен қатар геометриялық оюларды да ер адамдардың киімдеріне салған. Қазақтар ұлттық киім кигені дұрыс. Ұлттық киімнің тәрбиелік мәні зор. Рухты тәрбиелейді. Маңғыстау елінде ұлттық киімдердің қазіргі заманға сай үлгіде тігілген керемет киімдерін көруге болады. Менде осы ұлттық киімдеріміздің жандануына, ары қарай үлес қоссам деген ойдамын. Киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері, айшықты, ырғақты, стильдерді өз ерекшеліктерімен құнды. Ұлттық киімді әшекейлеп әзірлеу, қолданбалы ою-өрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады

Пайдаланып отырған фетр матасын біздер ою-өрнектерді қиып алып болғаннан кейін ғана біріктіреміз. Бұл матаның ерекшелігі осында болып отыр. Оның оң терісі болмағандықтан деп тісіндіруге болады. Осы фетр матасының жұқа түрін пайдаланып, ұлттық киімді заманауи үлгіде тігіп, ойып шықтым. Жоғарыда атап өткендей оюдың өзіме жақын өсімдік пішіндес ою-өрнекті, жануарлартектес өрнегімен ұштастыра отырдым. Қағазға түсіріп болғаннан кейін, матаға түсіріп оны ою маған қызықты әсер қалдырды. Бұл жұмыс өте ұқыптылықты қажет етеді. Өйткені бір ойылғаннан кейін,қиылып алып алғаннан кейін бөліктерді бір-біріне жалғаймыз. Түс таңдау мәселесіне келсек, кез-келген киімдегі маңызды бір мәселе түсі болып табылады. Ол адамның сезіміне, көңіл күйіне күшті әсер етеді. Адамның түсі қабылдауының өз заңдылықтары бар. Қыздар көбінесе алқызыл түсті камзол киген, қызыл түс байлықтың, күннің, оттың, өмірдің символы. Ал орта жастағы әйелдер, қарт әжелер негізінен көк, ақ түсті киімдер камзол киген. Ал, психологиялық көзқарспен қарасақ, қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар деп айтуға болады.

Қағаз бетіне сызып алғаннан кейін оны ойып барып, матаға түсіруге болады. Әрбір бөліктерін бөлек жасап алып, оларды матаға түсірдім.

Түскен сызбаны әуелгі жағдайда жіппен көктеп барып, оны үстіме өлшеп болғаннан кейін ғана тігін машинасына салуға болады. Ал енді камзолдың соңғы сатысы бұл ою-өрнектердің айналасын көмкеру жұмыстарына кірісеміз.

Әрбір ою-өрнектің тұсына моншақты тігіп, әсемдейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Сапар Төленбаев, Маргарита Өмірбекова «Ою — өрнектердің жасалу жолдары»
  2. «Қазақстан әйелдері» №1 1994ж.
  3. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *