Түркістан облысы Кентау қаласы «Серт» шағын жинақталған жалпы орта мектебінің тренері Закирбаева Айша Сайдуллаевнаның коучинг сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы  Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін қолдану. Мектептегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері.
Сабақтың мақсаты    Мұғалімдер сабақты зерттеу сұрақтарын құрастырады, «Сабақты зерттеу» тәсілін мектепте жүзеге асыру жоспарын дайындайды. Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісін ұсынуды жасайды. Тәжірибені жетілдіру ретінде Сабақты зерттеу (Lesson Study)  қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсетеді.
Күтілетін нәтиже       Мұғалімдер бірлесіп оқуды пайдалана отырып мектепте Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру үшін іс-шаралар жоспарын жасайды. Мұғалімдер Сабақты зерттеу (Lesson Study)  үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Сабақты зерттеу (Lesson Study)   пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Сабақты зерттеу (Lesson Study)   кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының  оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Мектепдегегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері белггілеуді  уйренеді.
Түйінді идеялар * Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек.
* Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі.
Материалдар және ресурстар Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба,үлестірме материалдар,маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар
Уақыты Тренердің  іс әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті ресурстар
Сәлемдесу

Қар көшкіні

5 минут

 

-Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қалай?Жақсы жұмыс жасауға, жақсы көңіл күй керек. Мұғалімдер орнынан тұрып, жұптасады.Бір-бірінің арқасына сурет салады.Сергиді

 

 
Шағын топқа бөлу 5 минут Стикерлермен топқа бөлу Стикерлерді таңдап 4 топқа бөлінеді. Сынып тақтасы, бор.
Миға шабуыл

20 мин.

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан «Балет», «кофта», «оқушыны қара» бейнежазбаны  көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.

Бейнежазбаны

мұқият көреді, ойланады, өз ойларын, пікірлерін айтады.

Интерактивті

тақта, бейнежазба

Жуптық жұмыс

10 мин.

 Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жақсарту үшін өз
сыныптарыңызда жасап көргіңіз келетін «оқу/оқытудағы жаңа тәсілді»
анықтап алыңыз.
Осы тақырып бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып
табылатын үш оқушыны айқындаңыз.
Мұғалімдер мұқият тыңдап,өз ойларын ортаға салады , параққа жа Интерактивті тақта, слайд
 

Топтық талқылау

10мин.

 

1 топ: Сіз қалай ойлайсыз, мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуге қандай жағдайлар ықпал етеді?
2 топ: Мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуде қандай кедергілер кездеседі?

 

Сұрақтарға топта әрбір қатысушы өз ойын айтады.

 

1.МАН

 

Постер жасау, қорғау, бағалау 20минут 1 топ: Мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуде қандай кедергілер кездеседі?

2 топ: Сіз қалай ойлайсыз, мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуге қандай жағдайлар ықпал етеді?

 Тақырып ауысып, топта талқылап, постер жасайды.Топтан бір адам қорғайды. Плакат, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.
Сергіту      сәті

2 минут

     «Көзге арналған жаттығу» Көзге арналған жаттығуды жасайды. Интерактивті тақта,слайд

 

«Ыстық орындық» әдісі 15 мин. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беруді ұйымдастырады Қатысушылар сұрақтар береді. Маркерлер, стикерлер
Бағалау

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Топтар бір-біріне баға берді. Түрлі-түсті

стикерлер

Рефлексия

5 мин.

« Мен бәрін түсіндім, өзгеге көмек көрсете аламын»

«Мен тақырыпты түсіндім. LS –ды өткізуге қарсы емеспін»

«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет»

Стикер арқылы сабақтағы әсерін білдіреді Стикерлер
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *