Қашықтан оқытудың тиімді тұстары

Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық дерлік қоғамдық орындар, соның ішінде оқу орындары жабылып, елде карантин жарияланды. Мектеп, ЖОО үшін «қашықтықтан оқыту» технологиясы енгізілді. Бұрыннан бар, қолданыстағы технология болғанымен, біз онымен тығыз танысуға енді «мәжбүр» болып жатырмыз. Қашықтықтан оқыту режимінде оқу үдерісі оқытушы мен оқушылар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы алыстан жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту әдісінің өзіндік пайдалы тұстары,яғни тиімділігі өте көп. Бұл білім алудың бір жүйесі болып табылады. Қашықтықтан оқыту-білім беруші мен білім алушы оқушының арасындағы тығыз байланыс. Осы әдіс арқылы білім алушы білім беруші ұстазды тыңдап, ақпарат алмасады. Бұл қосымша компьютермен де, ұялы телефонмен де кіруге ыңғайлы. Оқушы ақпаратты кез келген орында, қандай жағдай болса да сусындайды және де қашықтықтан оқыту мұғалімдерге де тиімді десек қателеспейміз, себебі мұғалім осындай оқу үдерісінің жаңа формасын қалыптастырып, өскелең ұрпаққа сапалы әрі тиімді терең білімді жеткілікті дәрежеде әртүрлі технологияны меңгеру жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқу арқылы оқушы ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдыланады. Қашықтықтан оқыту әдісі ата-ана қауымы мен мектеп арасындағы байланыстың нығаюына үлкен септігін тигізеді. Қашықтықтан оқыту дегеніміз-мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.Мұндай формат сабақты геймификациялауға(ойын түрінде өткізуге), өзін –өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы,оқытуы дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл-біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *