«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнің оқытудағы жаңашылдық көзқарас» мақала

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа әдістердің
тиімділігі

Сабақ беру жай ғана үйреншікті
нәрсе емес, ол-жаңадан жаңаны
табатын өнер.
Ж.Аймауытов

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар,ақпараттар ағыны,бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайлар білім беру мәселесінің алдына жаңа міндеттер қоюда.Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауында : «Ұлттық бәсекелестік қабілеті  бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»деп тұжырымдаса, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында  «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»деп атап көрсетілген.Ендеше ,Елбасының «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс.
Осындай жаңа талаптар негізіндегі кәсіби дайындық ұстаздардың жоғары кәсібилігі,шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асатындығы белгілі.Ал бүгінгі «жаңа формациядағы педагог ізденімпаз,өзіне-өзі талап қоя білетін,кәсіби және шеберлік деңгейі жоғары,рухы биік,даралық сапалары жетілген шығар тауы биік маман»екендігін Қазақстан Республикасының  «Жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз педагогикалық білімі»тұжырымдамасы айқындап берді.
Қоғамдағы ізгілендіру мен демократияландыру білім беру ісіне де әсер ететіні сөзсіз.Ол  бүгінгі білім берудегі мақсаттық бағдарламаларының өзгеруін талап етеді,басты орынға оқушының шығармашылық қабілетін дамыту,өз бетімен оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсаттарын қояды.Бұл жағдайда орнығып қалған түсіндіру және қайта айтқызудан тұратын оқытумен шешу мүмкін емес.Сондықтан мұғалімге қойылатын талап-оқытудың жаңа педагогикалық технологиясының мағынасын түсініп,оны өз тәжірибелерінде тиімді қолдана білудің мәні зор екендігі.Бүгінгі таңда қолданылып жүрген инновациялық оқыту технологиялары- баланың тұлғалық дамуына бағытталған.
Педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.Жаңа технологияны қолдану төмендегідей алғышарттар арқылы іске асады:
1-кезең  -оқып-үйрену кезеңі,2-кезең-меңгеру кезеңі,3-кезең-өмірге ендіру кезеңі,4-кезең-дамыту кезеңі.
Бүгінгі таңда  оқыту тәжірибесінде Ж.Қараевтың «Үшөлшемді деңгейлеп оқыту», Н.Оразақынова «Сатылай кешенді талдау»,М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»,Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту ,дамыта оқыту технологиясы кеңінен қоладылып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылып жүрген оқыту технологияларының бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».СТО бағдарламасы әлемнің 18 елінде тәжірибеге енгізілген,облыс 2002 жылдан бері жұмыс жүргізеді.Бұл бағдарламаның философиясы-жазу мен оқу арқылы сыни ойлауды дамыту,бала бойындағы өзіндік «менін» қалыптастырып,шығармашылық қабілетін ашу,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Әдіскер –ұстаз Қ.Бітібаева : «Мектептегі барлық пәндердің ішінен баланың жан-жүрегі,ой дүниесіне бойлай еніп,оның рухани өрісін болжай алатын бірден-бір пән әдебиет пәні сияқты.Әдебиет пәні нағыз достықтың,ынтымақтастықтың пәні»деп баға берген.Осы орайда қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда алға қойған мақсатым-оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып,оқушының қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу,өз пікірін қалыптьастыру.Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім –білік дағдыларын меңгертумен қатар,көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу,ойын еркін жеткізе білу,тіл байлығын дамытуға басты назар аудару керек. СТО бағдарламасы негізінде жоспарланған сабақ үш кезеңнен-қызығушылықты ояту,мағынаны тану және ой толғаныс кезеңінен тұрады..
Сабақтың «қызығушылықты ояту»кезеңі-жаңа сабаққа деген оқушы белсенділігін арттырудың ең бір маңызды кезеңі.Бұл кезеңде оқушыны жаңа сабақты бастамас бұрын түрлі әдістерді қолдану арқылы «нені білетінін», «не қызықтыратынын»  аңғаруға болады.Мысалы, 6-класта А.Құнанбаевтың  «Әсемпаз болма әрнеге»өлеңін өткен кезде алдымен оқушыларға ақын туралы не білетіндігі  сұралады.
Абай Құнанбаевты кім ретінде білеміз?
Бұл жерде  «ББҮ»әдісін пайдаландым:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Қазақтың ұлы ақыны -Абай Құнанбаев.
Ақынның өмірі мен артына қалдырған әдеби мұралары

Балалар төменгі кластан ақын туралы білетіндерін жаза бастайды.,ал келесі бөлігіне түрліше жазады.Өмірі,шығармашылығы туралы слайдтар арқылы жан-жақты түсіндіріп өткен соң, «Әсемпаз болма әрнеге»өлеңімен танысамыз.Өлеңді жатқа оқып берген соң оқушыларға оқулақтан өлеңді мәнерлеп оқыта оытырып,өлеңнің тақырыбы мен негізгі идеясын ашу үшін «Екі жақты түсіндірме күнделігін»ұсынамын:
Тіркестер
Оқушы пікірі
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та ,бар қалан.
Ақын жақсы азамат болу үшін жақсы қасиеттерді бойына жиып,жаманнан аулақ болуды айтады.
Бұл кестені үш жақты күнделік ретінде қолдануға болады:
Тіркестер
Оқушы пікірі
Мағыналас мақал-мәтел

Көне түркі жазба ескерткіштерінің бірі «Күлтегін жырын» өткенде жыр мәтінімен таныспас бұрын оқушыларға Күлтегін ескерткішінің суретін көрсете отырып, «Балалар,бұл ескерткіште не жазылған деп ойлайсыңдар?»деп сауал беремін.Бұл жерде оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында «Болжау кестесі»әдісін ұсынамын:
Не жазылған деп ойлайсың?
Қандай дәлелің бар?
Шындығында не болды?

Оқушылар  мәтінмен таныса отырып,тақырыбы мен идеясы жағынан қазақтың батырлар жырына ұқсас екендіктерін айтты.
Сабақтың  «Қызығушылықты ояту»кезеңіндегі тиімді әдістердің бірі-еркін жазу стратегиясы.Бұл әдісті қазақ тілі сабағында да қолдануға болады.Мысалы «Сөз таптарынан өткенді қайталау»сабағында «балалар,сонымен қазақ тілінде қанша сөз табы бар?» деп сауал беремін.Оқушы жаза бастайды.Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен таныспас бұрын,төменгі кластан білетіндіктерін аңғару үшін де осы әдіс тиімді деп ойлаймын.Мысалы, 9 класта «Ж.Жабаевтың Отаншыл жырлары» тақырыбын өткенде  төменгі кластан Жамбыл Жабаевты кім ретінде білетіндігі сұралады.
Ж.Жабаевты кім ретінде танимыз?
Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде мұғалім бағыт беруші де,оқушы белсенді рөл атқаруы тиіс.Мысалы,әдебиет сабағында  оқушыны көркем әдебиет үлгілерінің  мәтінімен,өлең мәтінімен таныстырғанда,мұғалім мазмұндап бермей,оқушы өзі оқып,талдау кезінде  түрлі әдістер арқылы тақырыбы мен идеясын ашып,кейіпкерге мінездеме беруге ,жан-жақты талдауға,салыстыруға болады.
Мысалы,О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбозат»повесіне мазмұндық-идеялық талдау жасап,тақырыбы мен идеясын түсіндірген соң,әңгіме кейіпкерлеріне
мінездеме беру үшін ВЕНН диаграммасы,бес жолды өлең әдістерін қолдануға болады.Тортай бейнесін С.Мұратбековтың «Жусан иісі »әңгімесіндегі Аян бейнесімен салыстыруға былайша жұмыс жүргізуге болады:
ВЕНН диаграммасы бойынша:
Тортай
Ортақ ұқсастығы
Аян

Тортай бейнесін ашуда бес жолды өлең әдісі де тиімді әдістердің бірі.
1.Тортай
2.арманшыл,ақылды
3.келеді,армандайды,күтеді
4.Тортай – арманшыл,қиялшыл бала.
5.бала
Көркем шығармаға талдау,салыстыру жұмыстарында «Әңгіме кестесі»әдісі ең ұтымды әдістің бірі.Тақырыбы мен идеясы,кейіпкерлері,оқиға желісі,шешімі  толық қамтылады.Мысалы, С.Мұратбековтың «Жусан иісі» мен  О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбозат»әңгімелерін осы әдіс бойынша жұмыс жасауды ұсынамын:
Шығарманың аты,авторы
С.Мұратбеков «Жусан иісі»
О.Бөкей «Тортай мінер ақбозат»
Оқиға қайда өтеді?

Бас кейіпкер кім?

Кейіпкердің ертегісі қалай басталады?

Оқиға қалай аяқталады?

Әңгіменің ең негізгі түйінді ойы не?

Мағыналас мақал-мәтел

Осы әдісті 5 класта С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге»мен Қ.Жұмаділовтің «Қозыкүрең»әңгімелерін салыстыра қолдандым:
Шығарманың аты,авторы
С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Оқиға қайда өтеді?

Бас кейіпкер кім?

Аттарды сынаған кімдер?

Әңгіменің негізгі түйінді ойы не?

Оқиға қалай аяқталды?

Мағыналас мақал-мәтел

Сабақтың әсіресе «ойтолғаныс кезеңі»-оқушының жеке шығармашылық қызығушылығы артып,түрлі ой-пікірлер айтылып,жазба жұмыстары орындалатын кезең.Шыңдалған ойдан туған оқушы әрекеті қандай бомақ?
Қазақ тілі  сабағында «Тіл ұстарту»сабағында оқушының шығармашылық қабілетін ашуға ,қызығушылығын арттыру үшін түрлі жазба жұмыстарын беруге болады.5 класта қазақ тілінен суретке қарап мәтін құрау,мәтінге тақырып қою тапсырмалары  жиі орындалатын болса,жоғары кластарда мәтіннің белгілі бөлігін беріп,әңгіме мазмұнын ары қарай жалғастыру,РАФТ әдісі бойынша әңгіме құрастыру ұсынылады.Ең үздік жұмыс «автор орындығына »ұқсынылады.Оқушылар жақсы  тұстары мен кемшіліктерін айтып,бір-бірінің жұмыстарына баға береді.Сонымен қатар әдебиет сабағында көркем шығармаға тақырыптық-мазмұндық талдау жүргізгеннен кейін,шығармадағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлер  бейнесі оқушылардың  жан дүниесіне әсер етеді.Шығарманың кейіпкеріне деген көзқарас пайда болады.Ой толғаныс кезінде жазылатын жұмыстың бірі- «Кейіпкерге хат»әдісі.6 класта Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасындағы»Қожаға ,Жантасқа,Майқанова апайға хат жазу арқылыкейіпкердің іс-әрекетіндегі  ерекше ұнаған жерлерін айтып,енді бірде келіспейтін кемшілігін де айтып сыр бөлісті.Ойтолғаныс сатысындағы жазылатын эссе –оқушыларымның ең бір сүйікті ісі.Мен олардың эсселерін оқи отырып,авторға сұрақ тастай отырып  жазатынын аңғардым. Мысалы, С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып »өлеңін оқи отырып алған әсерім, «Қобыланды жырын»оқи отырып «Егер мен батыр болсам»т.б. осы тапсырмаларды қызыға орындайды.
«Ойтолғаныс»кезеңінде оқушыға тек жазба жұмысының түрлері ғана емес,сөйлеу тілін дамыту,өзіндік жеке пікірін қалыптастыру,көзқарасын қалыптастыру арқылы жаңа сабақты қалай меңгергендігін,қызығушылығын аңғаруға болады.Мысалы, 8 класта М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»поэмасын өткенде,поэма тақырыбы мен идеясына талдау жұмысын жүргізгеннен кейін,кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы баға беру,мінезін ашуда мынадай сауал бердім:
«Аққу –киелі құс саналады.Бірақ ана осы аққудың киелі екенін біле тұра атты.Ананың іс-әрекеті дұрыс па?»
Мұнда «Дискуссиялық карта »әдісін пайдаландым:
«Иә»
«Жоқ»
Менің дәлелім…
Менің дәлелім…
«Үш қадамды сұхбат »әдісі де өтілген жаңа сабақты қорытындылауға,өз пікірін дәлелдеуге,өз ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.Мысалы ,қазақ тілінен 8 класта «Атаулы сөйлем» тақырыбын қорытындылау кезінде осы әдісті былайша қолдандым:
1.Сұхбат алушы:
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
2.Жауап беруші:
Іс-оқиғаны баяндамай,атап көрсететін жай сөйлемнің түрі.
1.Сұхбат алушы:
Атаулы сөйлемнің жасалу жолдары қандай?Мысал келтір.
2.Жауап беруші:
Түн.Тау іші.Ышқына соққан жел.
3.Жинақтаушы:
Сонымен сұхбат беруші мен жауап беруші арасындағы сұрақ-жауап арқылы атаулы сөйлемнің  жасаллуы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.т.б.
Бұл әдісті әдебиет сабағында да қолдануға болады. «Кубизм»әдісінде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдануға болады.Мысалы,С.Бегалиннің «Бала Шоқан»әңгімесін қорытындылау кезінде былайша қолдануға болады:
1.Әңгімеле
Әңгімеде Шоқан мен Мысықтың алғашқы кездесу сәті қалай берілген?
2.Салыстыр
Шоқан мен інісі Жақып бейнесін әңгімедегі іс-әрекеттері бойынша салыстыр.
3.Қолдан
Әңгімеден Мысықтың жасаған мүсіндерін тауып оқы.
5.Суретте
Әңгіме соңында Шоқан мен Мысықтың қоштасу сәтіндегі Мысықтың көңіл-күйі
6.Зертте
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылымға қосқан үлесі.
Осы әдіс арқылы оқушылар қызыға жұмыс жасайды.Қазақ әдебиеті сабағында «Пирамидалық кесте», «Ти кестесі»т.б. әдістер тиімді деп ойлаймын.Бұл әдістерді баланың жас ерекшелігіне,сабақтың мазмұнына қарай қолдануға болады.
Сонымен мен СТО технологиясының әдістерін пайдалана отырып неге қол жеткізуге болады?
1/Оқушылардың неге қызығатынын байқауға болады;
2/Әдеби шығарманы әр қырынан талдай отырып,өзіндік жеке пікірін айтқызуға дағдыландыру;
3/Дұрыс болжам жасауға,бір-бірінің пікірін тыңдауға және өз пікірін дәлелдей білуге ;
4/Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бір-біріне бағалату арқылы жеке көзқарасының қалыптасуына ;
5/Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауап алуға ;
6/Баланың дүниетанымын кеңейтіп,рухани өсуіне ,жеке тұлға ретінде «мен »деген  рөлін көтеруге болатынын байқадым.
Осы әдістерді пайдалану арқылы оқушыларым неге қол жеткізе бастады?
1/Бұрынғы білетіндіктерін еске түсіре отырып,салыстырады;
2/Жазба жұмыстарын жүргізу арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып,шығармашылық қызығушылығы артады;
3/Топпен жұмыста өзіндік жеке көзқарас қалыптасады,бір-бірінің пікірін тыңдауға,бағалауға қалыптасады;
4/Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап,ізденіп,белсене орындауға қалыптасады;
5/Топтық,жұптық жұмыс жасай отырып,бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге,ынтымақтастыққа қалыптасады;
Сапалы білім беру тікелей мұғалімдердің қолында деп есептеймін.Қоғам дамуының ең басты шарты  жеке тұлға тәрбиелеу десек,сол тұлғаны тек шығармашыл,жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алмақ.Демек,шәкірт құзіреттілігі ұстаз құзіреттілігінен бастау алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан мектебі//№8,2008.
2.С.Мирсеитова,А.Иргебаева.Профессиональное развитие из опыта учителей.Алматы.2004.
3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар//№12,2007.
4.Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл//№2,5,2011.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *