Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен ролі қандай?

Сабақ тақырыбы

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен ролі қандай?

Кәсіби даму мақсаты

Әр түрлі ресурстар пайдалану арқылы,оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыта отырып, тарих пәнінде білім сапасын арттыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлін анықтау, сайлау жүйесін білу.

Сабақ мақсаттары

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың роліне және сайлау жүйесіне сипаттама беру.

Бағалау критерийлері

* Сайлау жүйесінің негізгі ұғымдары мен түсініктерін сипаттайды.
* Пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйелерінің айырмашылықтарын мен ұқсастықтарын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сайлау

Сайлау жүйесі

Президент

Парламент

Демократия

Дауыс беру.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;
Өз көзқарастарын ашық білдіру;
Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру;
Оқиғаның себебі мен салдарын анықтау

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние жүзі тарихы, Қаз.тарихы

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (интербелсенді тақта)

Бастапқы білім

Мемлекеттік органдардың қызметі қандай?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру; 10 минут

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін.

Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

Ой шақыру. Тақырыпты шешу үшін оқушыларға сайлау туралы бейнероликті көрсету.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.

Мәтінмен жұптық жұмыс.
ҚР Конституциясы

Мұғалім презентациясы

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

Зерттеу сұрақтары:
Сайлау- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзіге асыратын маңызды институт. Жалпы тең, тура, тікелей негізінде жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығын іске асырады.
Сайлау құқығы- 18-жасынан әрбір ҚР азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан сайлану және сайлау құқығы.
Қазақстан Республикасындағы сайлауда мажориталық және пропорционалдық сайлау жүйесі қолданылады.

Мажоритарлық жүйе- сайлаушылырдың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. (Мысалы осы жүйе Президентті сайлау кезінде қолданылады:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50-% дан артық дауысын жинағанда;

қайта дауыс беру кезінде басқа қандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қолданылады. Мысалы ҚР азаматтары саяси партияларға дауыс береді. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік – партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттың мандаттар саны болып табылады.
Елдегі сайлау өткізуді ұйымдастырушы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау органдары:

республикалық Орталық сайлау комиссиясы

аумақтық сайлау комиссиясы

округтік сайлау комиссиясы

учаскелік сайлау комиссиясы

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сайлау ұғымын түсіндіре алады.

Сұрақтар:

*Сайлау дегеніміз не?
* Сайлау құқығы дегеніміз не?
* Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданылады? 5. Топтық жұмыс.
Төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіре алады.

Терминдер

Дұрыс жауабы

Анықтамалары

Сайлау жүйесі

А. Дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесі

Пропорцио-налдық жүйе

В. Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы

Мажоритар-лы жүйе

С. Өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою

Саяси партиялар

D. Үкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Оппозиция

Е. Сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі
Сайлау жүйесінің екі түрін: пропорционалдық жүйе мен мажоритарлық жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде екі айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жаза алады.

5 минут

Сабақтың соңы

IV. Ж Сайлау жүйесінің екі түрін: пропорционалдық жүйе мен мажоритарлық жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде екі айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жаза алады

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *