Менің-тұңғыш президентім

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі

Оразшаева Ұлмекен Оракбаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Менің-тұңғыш президентім

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Сөйлеу мәнерін қалыптастырып,қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беругелерін қадағалау.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев суреті,слайд,көрнекіліктер

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру,сұрақ-жауап т.б.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдерме балалар!Көңіл күйіміз қалай?

Кәне балалар,қонақтар келіп отыр.

Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Балалар:Сәлеметсіздер ме!

Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?

Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз қандай?

 Балалар: Қазақ.

Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?

Балалар: Әрине қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Ал,сендер біздің елдің тұңғыш Елбасының  есімін білесіңдер ме?

Балалар:Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)

Тәрбиеші:Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес,көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы  әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен,дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық,биіктік пен  бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.

 

Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы,самғау биігі. Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында  «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.

Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Әнұран. Балалар ҚР Әнұранының сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әнін жазған Шәмші атамыз.

Балалар Мемлекеттік Әнұранды қалай болса солай орындауға болмайды,оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап  орындау керек.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар:  Жұмекен Нәжімеденов,

                              Нұрсұлтан Назарбаев.

     Әнін жазған:    Шәмші Қалдаяқов.

 

 

1.Алтын күнаспаны,

Алтын дәндаласы,

Ерліктіңдастаны,

Елімеқарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымызшықтығой.

Намысынбермеген,

Қазағыммықтығой!

 

 

Қайырмасы:

Меніңелім, меніңелім,

Гүліңболыпегілемін,

Жырыңболыптөгілемінелім!

ТуғанжерімменіңҚазақстаным!

 

2.Ұрпаққа жолашқан,

Кең-байтақжерім бар.

Бірлігіжарасқан,

Тауелсізелім бар,

Қарсыалғануақытты,

Мәңгілікдосындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

 

 

Қайырмасы:

Меніңелім, меніңелім,

Гүліңболыпегілемін,

Жырыңболыптөгілемінелім!

ТуғанжерімменіңҚазақстанім!

 

 

 

Қорытынды: 

Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білдік.Кәне маған кім рәміздерді атап береді?

Ту және Елтаңба жайында өлең жолдарын қайталату.

ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен аяқталады.

 

ЖАЛАУ.                                               

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

 

Көк аспанда нұрлы Күн

Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

 

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

 

ЕЛТАҢБА

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

 

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

 

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ орданың төрінде.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *