Отбасының сәні – сыйластық
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасыдан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық бірлік болады. «Әке – асқар тау, ана – аққан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді қазақ халқы. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Бүгінгі жаңа ғасырда жан-жақты жаңа тұлғаны тәрбиелеуде ата-ананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың бірін-бірі түсінуі, түсіністікпен өмір сүруі, бір-біріне қамқор болуы, адами асыл қасиеттерді инабат, кішіпейілділік, отанды сүю, қазақ халқының салт-дәстүрін аялай дәріптеп білуге, мейірімділікпен, білімге тәрбиелеуде күтер жемісің үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталады. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген даналық сөзінде үлкен ғылыми тұжырымдаманы көрсетеді.