Баланы бақылау және әңгімелесу әдістемесі арқылы  психологиясын дамыту

БҚО.Орал қаласы

Д.А.Қонаев атындағы №44 мектеп- гимназиясы

мектеп психологі: Мусина Альфия Армановна

 

Баланы бақылау және әңгімелесу әдістемесі арқылы

 психологиясын дамыту.

 

Мақсаты: баламен әңімелесу арқылы бақылай отырып бала денсаулығының дамуына,баланың ашылуына,өсіп жетілуіне психологиялық зерттеу арқылы көмек беру.

Қазіргі таңда бала психологиясының дамуы орасан зор екені мәлім. Баланың ашылуына ,дамуына септігін тигізу психологтің көмегі бала үшін тиімді деп айта аламын. Психолог алдына келген баламен зерттеуді бастау үшін қолайлы кабинет болу қажет.

Психологиялық зерттеу әңгімелесуден басталады. Әңгімелесу баламен сезімдік қарым-қатынасқа түсіп, тапсырмаға,жұмысқа дұрыс қарауға бағытталған. Өз өзіне сенбейтін, қорқақ балаларды мадақтап, көңіл-күйін көтеріп; ал ойын жеткізе алмайтын тартыншақ  баламен кішкене қатаңдау дауыспен әңгімелесу керек.

Әңгіме баланың қоршаған орта туралы түсінігін анықтауға арналған болу керек. Әңгіме кезінде баланың жақсы көретін ойыны мен кәсібі туралы айтылып кету де керек.

Әңгіме қызықты да қызу өту керек. Әңгімені қарапайым сұрақтардан бастау маңызды.Егерде бала сұрақтарға жауап бергісі келмесе, онда оған қандай да болмасын суреттер немесе ойыншықтар беру арқылы  онмен қарым – қатынасқа түсіп әңгімелесу керек.

Балаға мына сұрақтарды ұсынуға болады.

 

  1. Балаға және оның отбасына қатысты сұрақтар.

-Сенің есімің кім?

-Жасың нешеде?

-Үш жылдан кейін сен нешеде боласың?

-Туылған күнің қашан?

-Анаңның есімі кім?

-Әкеңнің есімі кім?

-Сіздің отбасынызда кімдер бар?

-Отбасынызда неше адам бар?

-Әкең мен анаң қай жерде, кім болып жұмыс жасайды?

 

  1. Баланың уақыт пен кеңістік туралы түсінігін анықтауға арналған сұрақтар.
    • Қай жерде тұрасың?
    • Қандай ауыл немесе ауданда тұрасың?
    • Сіздің үйде неше бөлме бар?
    • Қандай жыл мезгілдерін білесің?
    • Қазір қай жыл мезгілі?
    • Жаз мезгілінің айларын ата.
    • Жылда неше ай бар?
    • Тәулік деген не?
    • Тәулікте неше сағат бар?
    • Сағатта неше минут бар?

Т .с.с.

 

  1. Баланың қоршаған орта туралы түсінігін анықтауға арналған сұрақтар.
    • Біздің ел қалай аталады?
    • Сен қандай қалаларды білесің?
    • Біздің елде қандай мерекелер аталып өтіледі ( қыста, көктемде, жазда, күзде)?
    • Қандай жануарларды білесің?
    • Олар немен қоректенеді?
    • Қандай құстарды білесің?
    • Олардың қайсысы қыста бізден ұшып кетеді, қайда?
    • Қандай құстар қалады?
    • Жақында сен қандай кітап оқыдың?
    • Оқығаннан не есіңде қалды?
    • Жақында қандай фильм көрдің?
    • Ол саған несімен ұнады?
  1. 4. Баланың қызығушылығы мен ойындарына қатысты сұрақтар?

— Сен немен шұғылданғанды жақсы көресің ( оқығанды, ойнағанды, теледидар көргенді)?

— Қандай ойынды ойнағанды жақсы көресің?

— Үйде сенде қандай ойыншықтар бар?

— Қандай ойыншық (ойын) ең жақсы?

— Кіммен ойнағанды  жақсы көресің?

— Теледидардан қандай передачаны көргенді жақсы көресің?

— Үйде көмек көрсетесің бе?

— Сен не істей аласың?

— Саған мектепте оқыған ұнай ма?

Әңгіме бала туралы бірінші мағлұмат береді.

Әңгімелесу барысында бала өзін қалай ұстайды,  соған көңіл бөлу керек.

а) қорқады, ұялады, өзіне сенімді емес;

б) жинақы, ұйымшыл, жайлы;

в) өте тұрақсыз, көп сөйлейді;

г) жаңа ортаға көңіл бөлмейді;

Бұл бірінші мағлұмат бала мен қалай сөйлесу, қалай қарым-қатынасқа түсу және жұмыстану керек екеніне көмек береді. Әңгімелесу барысында бала қалай сұрақтарға жауап береді- қызу немесе жәй, қалай суреттерге ойыншықтарға реакция береді.

Әңгіменің мазұмыны және баланың мінез құлқын бақылау арқылы оны әрі қарай қалай зерттеу жолдарын табуға болады. Егерде бала қоршаған орта туралы аз білсе , өзін қолайсыз сезінсе  оған бірінші Сетена тақтасын ұсыну керек немесе жәй мазмұнды суретті. Егерде бала сұрақтарға дұрыс жауап берсе оған мазмұнды суреттер сериясы ұсынылады.

Әңгіме біткеннен кейін  эксперименттік –психологиялық зерттеуге кірісу керек. Балаға енді мына тапсырмаларды орындап көру ұсынылады немесе қарашы: « Менде   қандай суреттер ( пішіндер, ойындар бар)».

 

Экспериментальдық-психологиялық зерттеу өткізілгенде баланың жұмысқа көз-қарасы, онын қызығушылығының бары немесе жоғы, бетке айту, мадақтауға деген әсерін  т.с.с. байқауға болады.

 

1.1. Негізгі әдістемелер жинағы

  1. Мазмұнды суреттер

Мазмұнды суреттер баланың жағдайды түсінуін, уақыт- кеңістікті орнатуды және әзіл мен күлкіні түсінуге арналған. Тапсырманы орындауы талданады: сурет бойынша сұрақтарға жауап беру, әңгіме құрастыруы, салынған суретке сезімдік  көз-қарасы.

 

6-ты түрлі нұсқау ұсынылады( сур. 4-9).

А.) Мазмұнды суреттер айқын көрінген( сур. 4).

Б.) Мазмұнды суреттер  жасырын көрінген (сур. 5).

В.) Суреттері айқын көрінген жүйелі суреттер ( сур. 6).

Г.)  Суреттері жасырын көрінген жүйелі суреттер ( сур.7)

Д.) Жалғасы салынбаған жүйелі суреттер ( сур.8)

Е.) « Нелепицы» ( сур.9)

Өтілу барысы:

А,Б нұсқауы: балаға сурет көрсетіп онда не салынып тұрғаның айту ұсынылады. Егерде бала әңгіме құрастыруға қиналса ,сұрақ-жауап ретінде әңгіме жүргізіледі. Кейде бір немесе екі сұрақ қойса бала әрі қарай өзі әңгіме құрастыра алады. Егерде жасырын көрінген жүйелі сурет болса, баланың әгімесінен ол түсінді ме түсінген жоқпа білмейсін онда оған сұрақтар қою арқылы білуге болады.

В,Г және Д нұсқауы : баланың алдына орындары ауыстырылып суреттер қойылады; кейін балаға оларды дұрыс қойып әңгіме құрастырылу ұсынылады.Нұсқау: « Бұл суреттерде бір оқиға суреттелген. Біреуінде басы, біреуінде жалғасы, біреуінде аяғы суреттелген. Барлық суреттерді орындарына қойып, әңгіме құрастыру керек.

Кейде бала түсінбейді сонда оған көмек беру керек бірінші суретті қойып ал енді жалғастыр деп ұсыныс айту керек. Егерде бала түсінбесе тағы түсіндіру керек. Егерде бала мүлдем түсінбесе тапсырманы тоқтату керек. Кейде бала зейінінің нашарлығынан суреттерді жүйілі қоюға қиналады, ол тек жүйелі қойылға суреттер арқылы әңгіме құрастырып бере алады.

Егерде балаға мазмұны аяқталмаған жүйелі суреттер берілсе балаға әңгімені аяқтап беру ұсынылады : « Сен қалай ойлайсын, кейін не болды? Бұл оқиға немен бітті?»

Е нұсқауы : балаға  « Түсініксіз» сурет көрсетіледі де оны мұқият қарау ұсынылады. Кейін әңгіме жүргізіледі, баланың түсініксіз салынған суретке көзқарасы. Егерде бала суретке  таңғанарлық көңіл бөлмесе, онда оған сурет бойынша сұрақтар қойылады мысалы: « Мында не салынған? Бұндай нәрсе бола ма жоқ па? Сен қалай ойлайсын, бұл күлкілі ме жоқ па? ( Қандай да болмасын үзілісте) Неге?

2.« Төртінші артық»

Жинақтау, логикалық негіздеу, айқын тұжырымдау, белсенділік, қалыптастыру мүмкіндік денгейі зерттеледі. Тапсырманы қиындату түрлі деңгейді талдауға жол береді. « Д» тапсырмасы екі шешу нұсқасын береді.

Жүйелі қиындату ( сур. 10-16).

А. Үш гүл мен мысық (сур. 10).

Б. Ыдыс-аяқ және үстел ( сур. 11).

В. Механикалық көліктер және жылқы ( сур. 12).

Г. Сумка, чемодан, рюкзак, зонт ( мысалы: « Заттар», бір нәрсені салып жүруге, және зонтик) (сур.13).

Д. Тауық, балапан, үйрек, жұмыртқа (1-ші нұсқау қорытындылау. « Үй құстары және жұмыртқа»; 2-ші нұсқау: « Тауықтікі»- үйректікі артық) (сур.14).

Е. Іс тігетің машина, ілгек, жіп, көзілдірік (мысалы: « Тігуге арналған заттар және көзілдірік) (сур.15).

Ж. Мысық, ит, ешкі, тоқылдақ( мысалы: « Үй жануарлары» ) (сур. 16).

Өтілу барысы:

Балаға төрт заттын суретін көрсетіп ішінен артығын алып тастап, басқа үшеуін қорытындылау ұсынылыды.

       Нұсқау: « Мына карточкада төрт заттын суреті салынған, үшеуінде бірдей бір нәрсе салынған (олар бір-біріне ұқсас), ал біреуі басқа. Қарашы қайсысы ұқсас емес артық». Егерде бала жауап берсе одан сұраймыз: «  Неге ұқсамайды?». Егерде бала түсіндіре алмаса бірақ артық затты тапса онда одан сұраймыз « Үш затты бір сөзбен қалай атауға болады? Балның тапқан суреттерін біріктіру  немесе: «Бұл не?» деген сұрақ қою керек. Балаға артық затты дұрыс тапқанын айтып,ол неге артық екенін түсіндіру сұралады.

Егерде бала әңгіме барысында қорытындылауды қолданбай, қарапайым (отбасы, жануарлар) деген ұғымды түсіндіре алмаса оған ең оңай нұсқау беріледі. Егерде бала түсінген болса оған В нұсқауын беруге болады; Егерде ол « көліктер», « жабайы және үй жануарлары» ұғымды түсінсе «В», «Ж» нұсқауы бойынша өз бетімен қорытындылау жасап жешім қабылдау ұсынылады.

Тапсырманы талдау үшін баланың заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре білуі қажет.

Бұл әдістеме арқылы баланың оқуға жарамдығын тексеруге болады. Бұл үшін балаға тапсырманың бір нұсқауын беруге болады.

 

Түрлі түсті кубиктер.

 

      Өтілу барысы:  үстелдін үстіне баланың алдына төрт түрлі кубиктер қойылады ( қызыл, көк, жасыл, сары). Зерттеуші өзінің де алдына төрт түрлі кубиктер қояды тек орындарын ауыстырып – жасыл, сары, қызыл, көк.

     Нұсқау: «Міне менде мынадай түс кубик бар (көрсетеді). Сенде сондай түс кубик бар ма көрсетші». Егерде бала сөзбен айтқанды түсінбесе, онда оған көрсету керек. Егер де бала түстерді айыра алатын болса соны тексеру керек.Баланың алдына түрлі түсті кубиктерді қойып, көрсетші қызыл, сары т.с.с. түстерді деген тапсырма беру керек.Егерде бала түстерді айыра алса оған қандай түс екенін айту ұсынылады.

 

Қиылған суреттер.

Тапсырманы орындау барысында баланың есте сақтауы, бірнеше бөліктен тұратын суреттерді құрастыру қабілеті анықталады.Суреттер бірнеше бөлікке бөлінген (сур. 19-22).

     Өтілу барысы: балаға екіге, үшке, төртке бөлінген суреттерді құрастырып беру ұсынылады. Бірінші құрастырылған суретті көрсетіп, кейін оны араластырып қайтып құрастырып беру ұсынылады.

 

                                      Россолимо әдістемесі.    

Бұл әдістеме бойынша оқиғаның мазмұнын түсінуі, өтіп кеткен тәжірибені қолдануы зерттеледі. Әдістемені тілі кем, нашар естейтін балаларды зерттеуге қолдануға болады.(сур. 23 а, б, в, г).

Өтілу барысы: балаға бір үзілісі жоқ мазмұнды сурет ұсынылады.Мысалы:  суретте бала ұйықтауға жиналып жатыр, ал кроватта көпшік жоқ.Балаға жетіспейтін нәрсені табу ұсынылады.Көмек ретінде бірнеше суреттерді көрсетуге болады ішінде көпшікте бар.  Нашар еститін балаға суретті көрсету арқылы көмек беру керек.

 

Мінекей психологиялық зерттеудің маңыздылығы әңгімелесу мен бақылау арқылы жүзеге асатынын түсінуімізге болады. Бала жүрегіне жол тауып жылы шырайлы қарым-қатынас әңгімелесу баланың ашылуына көмек ете аламыз. Ал түрлі әдістерді қолдануда психологиялық зерттеуімізге жол таба аламыз.  Ең бастысы балаңың денсаулығы, дамуы ,өсуі,жетілуіне жол көрсету психологтардың көмегі зерттеу жолы өте маңызға ие дегім келеді.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *