Оқушыларды тәрбиелеудегі педагог пен отбасының рөлі

Оқушыларды тәрбиелеудегі педагог пен отбасының рөлі
Балалардың өмір сүруіне және білім алуына екі субъект әсер етеді.

Педагог Отбасы

Бала педагогың,яғни сіздің алдыңызға келмес бұрын мінез-құлқы мен тәрбиесінің негізін отбасыда қалыптастырады.
1.

Баланы материалдық Баланың тәрбиесіне,
тұрғыда қолдау Баланың танымына, мінез-құлқына әсер ету
қызығушылығына әсер ету

Баланы материалдық тұрғыда қолдауға үй-жаймен,киіммен,тамақпен,тіршілікке қажетті өзге де заттармен,оқу құралдарымен қамтамасыз ету жатады. Баланың оқу қабілетіне бұл жағдаяттардың әсері күшті. Баланың білім алуға деген талабы зор болып,отбасының материалдық жағдайы кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда баланы аяп,мүсіркемеуіміз керек,аяушылықты сезген бала өзін сыныпта ыңғайсыз сезінетін болады. Керісінше,ақшасыз-ақ та өздігінен білім алуға болатынын түсіндіруіміз керек. Ата-анасымен бірлесе отырып,кітапханаға жиі баруға баулыңыз,кітаптардың тізімін беріңіз,ең бастысы ақшаның қазіргі қоғамдағы үстемдігін төмендетіп,баланың санасына мақсатқа өз күшімен жету ұстанымын құйыңыз.
Көп жағдайларда ата-ананың баланы шектен тыс еркелетіп,қолына күнделікті ақша ұстатып,кішкентай кезінен ақшақұмарлыққа баулып алады. Ата-ана балаға сәл де болса,қиыншылықты сезініп,әрбір нәрсенің оңай келмейтінін түсіндіруі тиіс. Өзге елдердегі аштықтың зардабына ұшыраған балаларды көрсетіңіз,бала әр нәрсенің қадірін түсіне бастайды,ақшаны аз беруге тырысыңыз(керекті жағдайдарда артық беріңіз),бала ақшаны үнемдеуге үйренеді. Ең бастысы,бала ата-ананы «ақша табатын және оны маған беретін адамдар» деп ұғынуына жол бермеуіміз керек. Осыдан келіп,әке-аналарын қарттар үйіне өткізу шығады.
Баланың танымына,қызығушылығына әсер ету. Ата-ана баланың жан-жақты тұлға болуына түрткі болуы тиіс. Ол үшін әке мен ананың өзі көзі ашық тұлға болуы тиіс. Ата-ана қандай болмасын,бала оларды үлгі етіп өседі.
Әкесі мен анасы кітап оқуға баулысын,сабағыңды жақсы оқы,білімді бол деп талап қойсын,бос уақытында баланың не істейтінін,не көретінін бақыласын,баласымен бірге театр,музейлерге барсын. Бір қызығы,кейбір ата-аналар балаға білімді,тәртіпті,жан-жақты бол деп талап қояды да,бірақ өздері ешқандай әрекет немесе талпыныс жасамайды. «Ой,тамағы тоқ,көйлегі көк қой әйтеуір» деген ойдан аулақ болуға тиіс. Себебі,әке мен ананың міндеті тек баланы материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету емес,баланы көркем мінезді,қолынан барлығы келетін,қоғамға пайдасы тиетін тұлға етіп тәрбиелеу,өмірде өз орнын табуға көмектесу,кез келген жағдайда қолдау көрсету.
Кейбір ата-аналар баланың қызығушылығына қолдау көрсетеді,ал кейбірі баланы өз қызығушылығына тартуға тырысады. Баланың бойынан бір қабілет байқалды ма(өнер түрлеріне,спортқа,көбірек білім алуға),қосымша үйірмелерге апару керек,баланың сол қабілетін әрі қай жандандыруына отбасы түркі болуы тиіс.Осылайша,отбасы өз баласының өмірде өз орнын табуына көмектеседі.
Бала өзінің бір қабілетін көрсетті,бірақ ата-ана ұната қойған жоқ. Бұндай жағдайларда ата-ана балаға өз талабын қойып,шын қабілетінен немесе талантынан айырады,ал бала мінезді болса,ата-анасына қарсы шыға алады,кей балалар үндемей,наразылығын ішінде сақтап қалады. Ата-ананың осындай әрекеттері баламен ара-қатынасының күрделенуіне,баланың депрессияға түсуіне әкеліп соғады. Біз,педагогтар,осындай жағдаяттарда ата-анамен сөйлесіп,балаға қолдау көрсетуіне бағыт беруіміз керек.
Баланың тәрбиесіне,мінез-құлқына әсер ету. Әке мен ананың өзі қалай тәрбиеленген болса,балаға да сондай тәрбие береді. Ата-ананың белгілі бір жағдайлардағы әрекеті,сөйлеуі,өзін өзі ұстауы қандай болса,бала да соны өзіне үлгі етіп,өзін ата-анасындай ұстайтын болады.
Әке мен ананың балаға қажетті түрде қамқорлық көрсетпеуі,балаға деген махабаттың аздығы,қолдаудың жетіспеуі баланы «қиын бала» етеді. Егер бала қажетті махабатты отбасынан көрсе,ол ешуақытта мінезі қиын бала болмайды.
Егер да отбасыда баланы ұрып-соғу жиі орын алатын болса,бала көп жағдайда қорқақ,ынжық болып өседі,кей жағдайларда тіпті қатал мінезді(аяусыз) болып кетуі әбден мүмкін.
Егер бала белгілі бір жағдайда дұрыс әрекет жасамады,ата-ананың өз баласына деген сенімі өте жоғары болып,баланы дұрыс жасадың деп қолпаштауы мүмкін. Ата-ана баласына бұлай істеудің дұрыс емес екенін ескертіп,өз қатесін түсінуіне және түзетуіне бақылау жасауы керек.

2.

Баланың біліміне, Баланың арман,мақсат,
дүниені танып- Баланың ойына, міндет,жауапкершілігіне
білуіне әсер ету пікіріне,танымына, әсер ету
рухани тәрбиесіне
әсер ету

Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу-өте күрделі жұмыс. Әсіресе,сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік көп.
Баланың біліміне,дүниені танып-білуіне әсер ету. Ол үшін ,ең алдымен,педагогтың кәсібилігінің,біліктілігінің,танымы мен білімінің деңгейі жоғары болуы тиіс. Бала сізді үлгі етіп,сіздей болуға тырысып,білім алуға талаптануы мүмкін. Сіздің беретін бағыт-бағдарыңызбен бала пәнді ғана мықты игеріп шықпай, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы мүмкін.
Баланың ойына,пікіріне,танымына,рухани тәрбиесіне әсер ету. Отбасы негізін қалаған тәрбиенің қалыптасуын әрі қарай мұғалім дамытады. Өз пәніңізді оқыту негізінде пәндік білімді ғана емес,басқа да пәндермен немесе ғылымдармен байланыстыра отырып,дүниелік танымын кеңейте аласыз.
Баланың арман,мақсат,міндет,жауапкершілігіне әсер ету. Балада сіз сабақ беретін пәннің негізінде арман,мақсат пайда болуы мүмкін. Сіз сол арманын ұстап алып,оған жету жолында баламен бірге еңбек етіп,оған қолдау көрсетуіңіз қажет.
Баланы өзіне жүктелген істі соңына дейін атқара білуді,жауапкершілік қалыптастыруға баулуыңыз керек.
Мұғалімнің балаға қатынасындағы ең өрескел қатесі-шектен тыс қатал болу. Талапшыл болыңыз,бала қандай жұмыс жасап келсе де,қабақ шытып,әр сөзінен қате тауып отыратын қатал, «біртүрлі» мұғалім болмаңыз,балалармен ашық әрі жарқын жүзді болыңыз,баламен арада барьер құрмаңыз. Сіздің қаталдығыңыздан балада сабақ оқуға міндет иайда болады,қызығушылық емес. Ал міндетсініп оқыған білім санада қалмайды.
Жалпы баланың тәрбиесіне отбасы да,мектеп пен мұғалім де аса ұқыптылықпен қарауы тиіс. Болашағымыз баянды әрі бақытты болсын десек,баланы тұлға ретінде бағалап,оны тәрбиелеуде бар ынтамыз бен күшімізді салуымыз керек.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *