“Менің Отаным –Қазақстан”

Айналадағы әлем. Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан.

Мақсаты

а) Оқушыға  Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсінігін  қалыптастыру.

ә) Оқушының  ой-өрісін, сөйлеу тілін шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б)  Оқушыға  Отанды сүюге, елін, жерін қорғауға,  елжандылық сезімін оятуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Қазақстанның табиғатын, жануарлар дүниесі, өсімдіктер бейнелейтін суреттер, картасы слайд

Сабақтың  барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық.

Аяжан, сабақ бастамас бұрын мына өлең шумағын айтып көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың  табиғаты анамыз,

Келді сізге өзіңіздің баланыз

II Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру кезеңі.

Мемлекеттік мерекелер

Үн таспадан Б. Тілеухановтың ” Менің Қазақстанным” әнін тыңдату.  Ән тыңдалып болған соң, сұрақтар қойылады, оқушылардың ойын тыңдау. III  ІІІ. Жаңа сабақ

1Біздің отанымыз қай ел  (Қазақ елі)

  1. Біз қай елдің түлегіміз (Қазақстанның)
  2. Еліміздің болашағы кімнің қолында (Біздің қолымызда)
  3. Балалар, қазіргі тамашалаған бейнетаспадан қандай көріністер көріңдер?
  4. Қандай әсер алдындар?
  5. Таулары қандай екен?

Осы көріп отырған тауларың, жерлерің, жануарлар, өзендердің барлығы Отанды құрайды.

-Олай болса , оқушылар,Қазақстанның ел болып мәңгі қалуы, көгінде күннің жарқырауына септігін тигізер сендерсіндер.

Дәптерімізді ашып күнніңжадын жазып

Күннін райын тақтага жазайық

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз ” Менің Отаным -Қазақстаным”

Отан өзіміздің  өлкеміз. Отан адамның туып өскен және тұратын жері.  Адам, ауылда, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата-ананың үйі өсіп  өмірге келіп,ер жеткен үйің.  Отан  от  басынан басталады.

Ал сенің ең үлкен  Отаның-Қазақстан.Қазақстанда тұратын  барлық халықтардың Отаны Қазақстан-ең үлкен ел.Онда  өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар. Казакстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлалығы орналасқан. Қазақстан өсімдікпен жануарларға бай. Бұл байлықтың бәрін халық  пайдаланады. Тауда қарағаймен шырша жеміс ағаштары өседі. Онда  брыс, арқар, аю, сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді. Орманда емен, қайың бар. Жазық далада  қызгалдақ жалбыз, селеу өсімдіктері өседі. Ал жануарлардан   қасқыр, түлкі, қоян,  құлан, әртүрлі  аңдар жүреді. Біздің Отанымыздың  жері өте бай және әдемі. Оны қорғай білуіміз керек.

Оқулық пен жұмыс

  1. Қорытындылау

Тест тапсырмасын орындау

1.Қазақстан қандай мемлекет?

А) Тәуелсіз

В) Кішкентай

С) мемлекет

2.Рәмізді көрсет.

А) Отан

В) жұлдыз

С) елтаңба

3.Мемлекеттік тілді көрсет.

А) Орыс тілі

В) Қазақ тілі

С) Ағылшын тілі

V  Бағалау

Үйге тапсырма

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *