Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу

Пәні Математика
Сынып 5
Мұғалімнің аты-жөні Орынбаева Раушан Нұраханқызы
Оқулық «Математика» Автор: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов. Алматы «Атамұра» 2017
Сабақ  тақырыбы   Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу. 
Оқу мақсаты (қысқаша) 5.3.1.4.бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру,бұрыштарды белгілеу және салыстыру;

5.3.1.5.бұрыштардың түрлерін ажырату;

5.3.3.1.бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;

5.3.3.2.градустық өлшемі берілген бұрышты  транспортир көмегімен салу;

5.3.3.бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару:

Бағалау критерийі *Бұрыш, градус өлшемі ұғымын біледі;

*Бұрышты белгілеуді, салыстыруды біледі;

*Бұрыштың сызбасын сызып, есеп шығаруда транспортирды қолдана алады;

*Бұрыштарды өлшей алады

Іс-әрекет реті Ресурстар

 

Орындалуы
Мағынаны таны 1. BilimLand сайты арқылы видеосабақ және тест тапсырмалары.

2. Оқулықта 130-132  беттегі « VII тарау. Бұрыштар.Көпбұрыштар

Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу. »  тақырыбы.

+  белгісі мен танысқан ресурстарыңды белгіле
Орында

 

Дәптерге  жазамыз

15.04.2020

Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу.

Бұрышты өлшеу.

Бұрыштар транспортирдің көмегімен өлшенеді. Транспортир бөліктерге бөлінген. Оның ең кіші бөлігі жазыңқы бұрышты тең 180 бөлікке(бұрышқа) бөлгенде шығатын бұрышқа сәйкес келеді. Сонда ең кіші бөлікке 1 градус сәйкес келеді.

1 градус 10 белгісімен жазылады.

Сонымен қатар транспортирде   00 –ден 1800-қа дейін әрбір 100-қа тең бұрыштар белгіленген және үлкею жарты шеңбердің сыртында солдан оңға қарай, ішкі жағында оңнан солға қарай берілген.

Анықтама:Жазыңқы бұрыш 1800-қа тең.

Бұрышты өлшеу үшін:

Мысалы(3-суретте),

1. АОВ бұрышын өлшеу үшін транспортирдің ортасын (транспортирде ол сызықпен көрсетілген) бұрыштың төбесі О нүктесіне қоямыз.

2. Бұрыштың бір қабырғасы, ОА сәулесі транспортирдің нөлдік белгісінен өтуі керек.

3. Сонда бұрыштың екінші қабырғасы – ОВ сәулесі өлшенетін бұрыштың градустар санын көрсетеді. Яғни, 3-суретте АОВ бұрышы 500,

оны  АОВ =  500

3-сурет

Бұрышты салу.

Мысалы, АОВ =  600 бұрышын салайық. Ол үшін

1) бұрыштың төбесін О әріпімен белгілейміз;

2) ОА сәулесін жүргіземіз(4.1-сурет);

3) транспортирдің ортасы О нүктесінде, ал ОА сәулесі 0 санына сәйкес бөліктен өтетіндей етіп орналастырамыз(4.2-сурет);

4) транспортирдің жартылай шеңберінің ішкі жағынан 600-ты тауып, оған қарама –қарсы В нүктесін белгілейміз(4.3-сурет)

5) ОВ сәулесін жүргіземіз.(4.4-сурет)

 

 

4.1-сурет                            4.2-сурет                  4.3-сурет

4.4-сурет

 

Тапсырмалар:

Дәптерге жарты дөңгелек сызып, оны транспортирдің көмегімен:

1.  Екі тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар;

2. Үш тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар;

3. EKF =  1200 . EKF бұрышының ішінен KL және KN сәулелері жүргізілген. KN cәулесі – LKF бұрышының биссектрисасы. Егер NKF бұрышы 370 болса, EKL бұрышы неше градус?

№1201 . 7.20-суретте кескiнделген бұрыштарды транспортирмен өлшеп, градустық өлшемдерiн табыңдар.

№1202 1) Дәптерге АОВ бұрышын салыңдар. Транспортирмен оның градустық өлшемін табыңдар. Өлшеу нәтижесін белгілеп жазыңдар. 2) Транспортирді пайдаланып, дәптерге мына бұрыштарды салыңдар:

Үйге берілген есептердің жауаптарын өз жауаптарыңызбен салыстырып, өзіңізді бағалаңыз.

№1190 №1191          136 бет

1190.1) OC сәулесі AOB бұрышының биссектрисасы және  АОC = 45°. AOB бұрышының (7.8-сурет) градустық өлшемін табыңдар. AOB=45°*2=90°

2) Берілген бұрыштың биссектрисасы оның қабырғасымен 35° құрайды. Берілген бұрыш неше градус? AOB=90°-35°=55°

1191. Сағат 6-ны көрсеткенде оның сағаттық тілі мен минуттық тілі неше градус бұрышпен орналасады? 180° Ол бұрыш қалай аталады? Жазыңқы бұрыш.

 

 

 

 

Рефлексия Мен бүгін  Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу туралы білдім.

Мен енді  Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу берілген  есептерді шығаруды білемін.

+ не  – белгілерін қой
Үй тапсырмасы №1203 №1206          141 бет

1203. Градустық өлшемі 120°-қа тең DОе бұрышын салыңдар. OF және OL сәулелерімен DOE бұрышын градустық өлшемдері тең үш бұрышқа бөліңдер. FOL бұрышын градустық өлшемімен жазыңдар

1206. Сағат 2-ні көрсетіп тұр. Егер минуттық тіл 90°-қа, 180°-қа бұрылса, сағат қай уақытты көрсетеді (7.22-сурет)?

 

Шығарған есепті суретке түсіріп ортақ ватсапқа не ортақ поштаға жібер

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *