«Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 – наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 – і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Ерасыл: Таң қалғандай ғалам
Кім сұлу адам
Карина: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Мадияр: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Ернұр: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Нәби: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол – менің анам.
Санжар Жөлекен: Құтты болсын, анашым, Құтты болсын мерекең!
Дария: Анам менің «Күнім» дейді, Мен қуансам күлімдейді.
Қайнар: Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де.
Амина: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.
Би: Шөжелерім.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Кәусар: Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі, Маған айтып береді.
Нұржан: Әлпештеген аялаған, Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамын мен құттықтаймын.
Мағзұм: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ару: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Азиз: Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Ойын: «Кім тез гүл тереді?»
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан – байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Ән: «Апам үшін»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Музыка шығады:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Жан – жағыма қарасам, Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп, Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
(Балаларды билету) Би: «Барбарики»
Ойын «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Аянаның орындауында ән «Қошақаным»
Ата – аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар, Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым, Көрсетті «Достық» бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Еркетай» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718