“Қ” дыбысы және әрпімен таныстыру.
Саласы : Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «Қ» дыбысымен және әрпімен таныстырып,сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Дауысты дауыссыз болып екіге бөлінетіндігі жөнінде түсінік беру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілеттерін, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Балаларды «Қ» дыбысы бар сөз,сөйлем ойлауға,үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекілігі: Слайд, қақпақтағы әріптер,текшелер. дыбыстық талдауға арналған суреттер,
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, қызықтыру, ойын жаттығуы,әріп тақтасымен жұмыс,шикулла.
Билингвалды компонент: Қыс-зима-winter. Қар-снег-snow.
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
-Балалар,шаттық шеңберінде тұрып, келген қонақтарға назарларыңды бұрып сәлемдесіп алайықшы: Ал енді қолымыздан ұстағанда біз не сеземіз? (жылуды) Сол жылуды бір-бірімізге алақан арқылы берейік.Ал,енді жаттаған өлең -шумағымызды қайталайық балалар!
Ойынменен, қиялдаумен өсеміз,
Ертегі айтып, жұмбақты да шешеміз.
Бүгінгі күн ортамызда болыңыз,
Білім құмар балалар біз десеңіз.
Біз дайынбыз, досымызға көмекке,
Татулықпен бөлісеміз, керек пе?
Қош келдіңіз, армысыздар қонақтар!
Бүгінгі күн күндегіден ерекше!
-Балалар, бүгін бізде қатынас саласы бойынша сауат ашу оқу қызметі.
Балалар шаттық шеңберінде «Ойлан тап»ойынын ойнап жіберейік.Балалар қазір бізде жылдың өқай мезгілі?Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды ұнатасыңдар?Менің қолымдағы неге ұқсайды? (қарға ,ұқсайды)
Олай болса, Қыс,қар сөздерін үш тілде айтып жібереңдерші.
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы қарды қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағын тез жауап беріп, қарды кері лақтыру керек.
-Сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеміз?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Қандай,қандай болып бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
-Дауысты дыбысты біз нестиміз?
-Дыбысты біз нестиміз?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбысыс қалай айтылады?
-Демек сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеді екенбіз?
Іздену – ұйымдастырушы
Тәрбиеші:
(кілемше үстідегі орындыққа орналастыру )
Тосын сәт: (әуен ырғағымен ) Ойын баласы,балақай келеді…
-Ой мен қайда келдім?
Сендер нестеп отырсыңдар?
Оқу қызметі болып жатыр екен ғой…
Сәлеметсіздерме?!Жүріңдер балалар далаға ойнаймыз.
Мен тез кетуім керек,менің ештеңеге зауқым жоқ,ештеңе үйренгім де келмейді.
-Алдымен қонақтармен.балалармен амандасып алсаңшы!
-Жоқ, сен олай деме,сенің ойыңды біз өзгерте аламыз,солай емес пе балалар?!
-Сен санаулы айлардан соң мектепке барасың,бізбен отырып қызықты оқу қызметіне қатыса ғой.
-Ия мен мектепке баратынымды мұлде ұмытып кетіппін,жарайды менде көп нарсе үйренгім келеді.
-Ал енді бүгінгі ашық оқу қызметіміздің жаңа тақырыбен танысамыз.Жаңа үйренетін дыбысымызбен әріпімізді біз жұмбақтың шешуін табу арқылы табуымыз керек. Жұмбақтың шешуін шешуге дайынсыңдар ма?
-Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.
Жұмбақ.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
– Қой.
2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
– Қарбыз.
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
– Қоян.
– Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? Балалар жауабы:
– Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы:
«Қ»дыбысы және әрпі.
– Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын (үш рет) қайталап айтады
-Иегіміз қолымызға тиіп тұр ма?
-Неліктен тимей тұр екен? Балалар жауабы:
-Себебі ол қандай дыбыс екен?
Олай болса дауыссыз дыбыстарды біз қандай текшемен белгілейді екенбіз?
Жарайсыңдар «Қ » дыбысы сөздің басында,ортасында да,аяғында да кездеседі екен.
-Енді осы «Қ» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?
-Қарбыз сөзін буынға бөлейікші
-Қарбыз сөзі неше буыннан тұрады
-Жарайсыңдар!
-Ал енді «Қ» дыбысымен таныс болдыңдар
Назарларыңды тақтаға аудара қойыңдар!
-Енді осы «Қ» әрпі туралы бейнежазба не айтады екен?
Бейнежазба:( шикулла) сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
-Бейне жазба сендерге ұнады ма?
Бейнежазбада не туралы айтылды?Балалар жауабы:
Ал енді тақтаға назар аудара қойыңдар;
«Қ» әрпімен таныс болайық.
Тақтада «Қ» әрпінің баспа түрі,ал қасындағы жазба түрі екен.
Ал енді тіл ұстарту жаттығуын қайталайық
Тіл ұстарту жаттығуы:
Қа-қа-қа Ұшып кетті қарға
Қо-қо-қо Қош бол енді қоңыз
Қу-қу-қу көлге қонды аққу.Жарайсыңдар!
Сергіту сәті жасалады: Тақырыпқа сай “Қара жорға”
Келесі ойынымыз
Үш топқа бөлінейік.
Үш топтан бір баладан тақтаға шығарып орындату.
А)-Дауыстылар тобы
Дыбыстарды атап суреттерді орналастыр.(Жұлдызқұрт)
Аралас суреттердерден «Қ» дыбысынан тұратын суретті тауып орналастырады.
Ә)-Дауыссыздар тобы: Сызба арқылы сөйлем құрайды. Тапсырма суреттер беріледі.
-Сонымен қатар балалар біз кез келген сөзді немене адамның есімдерін айтқанда қандай әріппен жазылатынын еске түсіріңдерші.
Әріптер тобы :Әріптермен сөз жазу.
Өткен әріптерден сөз жазып,дыбыстық талдау жасайды.
Балалардың әрекеті
Сөзге бірнеше сөз құрап
Бас әріппен жазатынын
-Суретке бірнеше сөз қатыстырып сөйлем құрайды.
Сызба арқылы сөйлем құрайды.Неше сөзден тұратынын,сөйлем аяқталғанда нүкте қойылатынын айтады.
Сөздер жазып,тақтаға дыбыстық талдау жасайды. Бір баладан сөздің ішінен неше дауысты дыбыс бар екенін қалай анықтайтын сұрау
Дәптермен жұмыс: (Балалар бүгінгі өтілген «Қ» «әрпін ауада жазып,қолымызды жаттықтырып алайық) жазылуын түсіндіру.
-«Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.
-Ал енді қаламды үш саусақты біріктіре отырып, жазуға кірісейік.(Элементтерін түсіндіру) Денелерін тік ұстап,орындығымызды партаға жақын отырамыз.
– Ал балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
(Ашық оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау).
(Қолдарын көтеріп,орындарынан тұрып жауап береді)
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.Т.б сөздер.
Рефлексивті түзетуші
-Балалар біз кандай жаңа әріппен және дыбыспен таныстық?
-«Қ» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгіледік.
-Ал,енді Айзере бізге ештеңе айтқың келмей ме?
-Мен сіздерге риза болдым.Мен осы топта қалып балалармен мектепке барғым келеді.
Айзере таттілерді ұсынады.
-Анасына хабарласып балабақшаға келуін сұрайтынымды айтамын!
-Балаларға «Қазақстан таттілерін» ұсыну.
Сонымен қатар балалар біз қонақжай халықпыз!Келген қонақтарымызды таттілермен ауыз тигізейікші.(Қазақстан шоколады,тудың суркті)
Балалардан таттілердің сыртынан не көріп тұрғандарын сұрау
Неге ұқсайды? -Туымызға ұқсайды
Түсі қандай? -Көк түсті
Қай елдің туы? -Қазақстанымыздың!
Қазастан сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр екен?
Сонымен қандай дыбыспен таныс болдық?
-Олай болса,Қазақстан мемлекетімізде тұратынымызды мақтан ететін өлең-шумағымызды қонақтарға қарап айтып жіберейікші!
Күннің шыққаны,жақсы ма?
-Жақсы… (шапалақ ұрады)
Достарыңмен ойнаған,жақсы ма?
-жақсы…
Анаңды құштаған жақсы ма?
-Жақсы…
-Туған өлкеде тұрған жақсы ма? –Жақсы (шапалақ ұрады)
Қазақстандық болған жақсы ма? –Жақсы (Бас бармақ қолдарын көрсетеді)
-Жарайсыңдар,балалар!Қазақстанымыздың туын желбіретер азамат-азаматшалары болуларыңа тілектеспін,балалар!Осымен оқу қызметіміз аяқталды,сендерге көп рахмет!Қонақтармен үш тілде қоштасайық!
-Сау болыңыздар!
-До свидания!
-Сud bay!
-Ой мен қайда келдім?
Сендер нестеп отырсыңдар?
Оқу қызметі болып жатыр екен ғой…
Сәлеметсіздерме?!Жүрің-дер балалар далаға ойнаймыз.
Мен тез кетуім керек,менің ештеңеге зауқым жоқ,ештеңе үйренгім де келмейді.
(Балалар жауабы:
ия…)
-Ия мен мектепке баратынымды мұлде ұмытып кетіппін,жарайды менде көп нарсе үйренгім келеді.
Ұйымдасты-ру
Іздестіру
Бейнежазба:( шикулла) сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
-Ал енді бүгінгі ашық оқу қызметіміздің жаңа тақырыбен танысамыз.Жаңа үйренетін дыбысымызбен әріпімізді біз жұмбақтың шешуін табу арқылы табуымыз керек. Жұмбақтың шешуін шешуге дайынсыңдар ма?
-Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.
Жұмбақ.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
– Қой.
2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
– Қарбыз.
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
– Қоян.
– Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
– Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.
– Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын (үш рет) қайталап айтады
-Иегіміз қолымызға тиіп тұр ма?
-Неліктен тимей тұр екен?
-Дұрыс айтасың,кедергілер болғанда қысқа айтылып жағымыз ашылмай тіліміз таңдаймызға тиеді екен.
-Себебі ол қандай дыбыс екен?
Олай болса дауыссыз дыбыстарды біз қандай текшемен белгілейді екенбіз?
Жарайсыңдар «Қ » дыбысы сөздің басында,ортасында да,аяғында да кездеседі екен.
-Енді осы «Қ» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?
-Қарбыз сөзін буынға бөлейікші
-Қарбыз сөзі неше буыннан тұрады
-Жарайсың!
-Ал енді «Қ» дыбысымен таныс болдыңдар
Назарларыңды тақтаға аудара қойыңдар!
-Енді «Қ» әрпімен таныс болайық. Тақтада «Қ» әрпінің баспа түрі,ал қасындағы жазба түрі екен.
-Енді осы «Қ» әрпі туралы бейне жазба не айтады екен…
-Бейне жазба сендерге ұнады ма?
Бейнежазбада не туралы айтылды.
Ал енді тіл ұстарту жаттығуын қайталайық
Тіл ұстарту жаттығуы:
Қа-қа-қа Ұшып кетті қарға
Қо-қо-қо Қош бол енді қоңыз
Қу-қу-қу көлге қонды аққу.Жарайсыңдар!
Сергіту сәті жасалады:
-Ендігі тапсырма
Үш топқа бөлінейік.
Үш топтан бір баладан тақтаға шығарып орындату.
А)-Дауыстылар тобы
Дыбыстарды атап суреттерді орналастыр.(Жұлдызқұрт)
Аралас суреттердерден «Қ» дыбысынан тұратын суретті тауып орналастырады.
Ә)-Дауыссыздар тобы: Сызба арқылы сөйлем құрайды. Тапсырма суреттер беріледі.
-Сонымен қатар балалар біз кез келген сөзді немене адамның есімдерін айтқанда қандай әріппен жазылатынын еске түсіріңдерші.
Әріптер тобы :Әріптермен сөз жазу.
Өткен әріптерден сөз жазып,дыбыстық талдау жасайды.
Дәптермен жұмыс: (Балалар бүгінгі өтілген «Қ» «әрпін ауада жазып,қолымызды жаттықтырып алайық) жазылуын түсіндіру.
-«Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.
-Ал енді қаламды үш саусақты біріктіре отырып, жазуға кірісейік.(Элементтерін түсіндіру) Денелерін тік ұстап,орындығымызды партаға жақын отырамыз.
– Ал балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
(Ашық оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау).
(Қолдарын көтеріп,орындарынан тұрып жауап береді)
«Қ»дыбысы және әрпі.
Барлығы бірге «қ» дыбысын (үш рет) қайталап айтады.
-Жоқ
Өйткені кедергілер бар,қысқа айтылып тіліміз таңдайымызға тиіп тұр.
-Дауыссыз дыбыс
-Балалар орындарында көк текшені көрсетеді.
Қарға,қарбыз,қоян,қобыз,
Қала т/б
(шапалақ ұру арқылы буынға бөледі)
Қарбыз сөзі екі буыннан тұрады
-Ия
«Қ» әрпі туралы айтылды
«Қара жорға»
Балалар қимыл жасайды.
Сөзге бірнеше сөз құрап
Бас әріппен жазатынын
-Суретке бірнеше сөз қатыстырып сөйлем құрайды.
Сызба арқылы
сөйлем құрайды.Неше сөзден тұратынын,сөйлем аяқталғанда нүкте қойылатынын айтады.
Сөздер жазып,тақтаға дыбыстық талдау жасайды. Бір баладан сөздің ішінен неше дауысты дыбыс бар екенін қалай анықтайтын сұрау
Балалар жауабы:
Балалар дәптерге жазады.
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.Т.б сөздер.
Рефлексивті түзетуші -Балалар біз кандай жаңа әріппен және дыбыспен таныстық?
-«Қ» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгіледік.
-Ал,енді Айзере бізге ештеңе айтқың келмей ме?
-Анасына хабарласып балабақшаға келуін сұрайтынымды айтамын!
-Балаларға «Қазақстан таттілерін» ұсыну.
Сонымен қатар балалар біз қонақжай халықпыз!Келген қонақтарымызды таттілермен ауыз тигізейікші.
Балалардан таттілерден не көріп тұрғандарын сұрау
Неге ұқсайды
Түсі қандай?
Қай елдің туы?
Қазастан сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр екен?
Сонымен қандай дыбыспен таныс болдық?
-Олай болса,Қазақстан мемлекетімізде тұратынымызды мақтан ететін өлең-шумағымызды қонақтарға қарап айтып жіберейікші!
-Жарайсыңдар,балалар!Қазақстанымыздың туын желбіретер азамат-азаматшалары болуларыңа тілектеспін,балалар!Осымен оқу қызметіміз аяқталды,сендерге көп рахмет!Қонақтармен үш тілде қоштасайық!
-Балалар жауабы:
-Мен сіздерге риза болдым.Мен осы топта қалып балалармен мектепке барғым келеді.
Айзере таттілерді ұсынады.
-Туға ұқсайды
-Түсі көк
-Қазақстанның туы!
«Қ» дыбысынан басталады.
-«Қ» дыбысымен
Күннің шыққаны,жақсы ма?
-Жақсы…
Достарыңмен ойнаған,жақсы ма?
-жақсы…
Анаңды құштаған жақсы ма?
-Жақсы…
-Туған өлкеде тұрған жақсы ма? –Жақсы (шапалақ ұрады)
Қазақстандық болған жақсы ма? –Жақсы (Бас бармақ қолдарын көрсетеді)
-Сау болыңыздар!
-До свидания!
-Сud bay!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.