Бастауыш сынып оқушыларын сауатты көркем жазуға қалыптастырып дағдыландыру.
Павлодар облысы,Екібастұз қаласы
№17 ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Баяхметова Жанат Назарбековна
Бастауыш сынып оқушыларын сауатты көрем жазуға
қалыптастырып дағдыландыру.
Бастауыш сынып окушыларын сауатты жазуға үйрететін негізгі пәндер – сауат ашу мен қазақ тілі.
Сауатты көркем жазу үшін казак тіліндегі грамматикалык ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде колдана алатын дэрежеге жетуі тиіс. Бастауыш сыныптан сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толыктыра алмайды. Сондыктан окушының сауатты көркем, таза жазуына эрбір сайын толық көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруга, назар аударған жөн.
Сауатгы көркем жазуға үйрету жұмысы окумен катар жүргізіледі, яғни сауат ашу пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған окушының сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты эрі көркем жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп окуға үйрету қажет.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты көркем жаза біледі.Қатесіз жазуды меңгеруде окушылар эріп пен дыбысты айырып, эр сөзде неше дыбыс, неше эріп бар екенін ажырата біледі. Мыса- лы: «аға», «қалам», «тамаша» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші эріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған эрбір әріп, эрбір сөз, сөйлемді дауыстап окытып, оны іштей кайталатып, естеріне сактап жазуға үйрету керек.Бұл, біріншіден, баланың есту кабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден, сөздін дыбыстык кұрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Мысалы, «Мен сені,сен мені»тиімді тәсілмен
қызығушылық тудыртып өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, катар отырған қасындағы балаға «мен сені,сен мені «тексер.Қате жіберген окушы катесін жолдасынын түзеткеніне намыстанып, сауатты жазуға татаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады . Оқушыларды сауаттылыкка үйретудегі нэтижелі әдістің бірі-сабак үстінде ойын элементтерін пайда-лану.Ойын окушыларды сабакка кызыктырады, материалды тез қабылдап, есінде ұзак сактауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде сауатты көркем жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.Мысалы,
«Есіме жаттап ақтайын» ойыны. Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер -сый мен тый-бұлар түбірлестер.оған мысал: Сыйға – сый. «Көзің ауырса, колыңды тый», қалған сөздерінде жалаң «а» жазылады. Егін, шөпті уакытында жи. Оюды кайшымен қи-деген сияқты сөздерді жиі сұр-аймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң ң жазылуына ерекше токталған дұрыс.
Я әрпіне жүргізілген ойында и + а =я; коян, аяк, таяқ т.с.с. кұраған сөздерін катесіз дэптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге катысты жұмбак шешкізіп, тасымал такырыбына байланысты бір буынды,
екі буынды, үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді.Жазған сөздерінің сауаттылыктары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері окушыларды жылдамдыкка тәрбиелейді.
¥лттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне катесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстыкты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз окушыларды сауатты көркем жазуға үйрету. Қазак тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге сауат ашу бағдарламалык жаттаған макал-мәтелдерді такпақтарды жатка жаздыртып, сауаттылығын қалыптастырып дағдыландырып отырамын.Әдет-ғұрыпқа байланысты алынады.
Мысалы, Елдің атын … шығарады.(ер)
Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған. (домбыра)
Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену окушының есінде ұзак калады, екіншіден, сауаттылыкка үйренеді, эрі ойы дамытылады, дұрыс окуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Окушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға коюмен шектелмей, қате жіберген сөзді катыстырып, сөйлем кұратып, қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне карай жаңа тапсырмалар беріп отыруы қажет.
Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нэтижесін береді.
Әріптерді анык дұрыс жазуда үш талапқа ден койған дүрыс.
1 . Әріптерді дүрыстап жазу және жеке әріптерді өзара қүрастырып жазуға үйрету.
2. Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3. Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұкият қарауға жаттыктыру.
Тақтага, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен кателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан сыздырып, талдау жүргіземін.
Күнделікті сабаққа окушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс көркем жазуда көрнектіліктің алатын орны ерекше. Сондыктан әрбір сабақтың такырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, интер белсенді тақта,сюжетті суреттер, дидакатикалык материалдардарды пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабактың алдында жазылуы киын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Окушылардың кейбірі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.
Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.Мысалы і кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жакын не өте алшак жазуынан кате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін коймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалкы есімдерді кіші эріппен жа- зып қояды. Қатенің бір түрі сөз мағынасын түсінбей жазудан болады. Мысалы : «тастама» «кішкентай» сөзін киттей, «ештеңе» сөзін «іштеме»
«балалар» «балар» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда эріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін калдырып кетуі жиі кездеседі. Баска тілден енген термин сөздерді жазудан жиі кателеседі. Сауатты көркем жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.
1. «Біріккен сөз» такырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, аскабак сиякты өсімдіктердің, акку, бірқазан, көккұтан сиякты кұстардың суреттері бойынша ауызша сөйлем кұратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып койып, жатқа жазғызып,біріккен сөздердің жазылуын меңгеру-леріне аса көңіл бөлемін.
2. Окушьшарды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана- данышпан, ақылды, біліімді т.с.с,ару-жарак- мылтық, найза, қылыш т.с.с
3. Мәнерлеп оку-сауатты жазудың негізі.
Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.
4. Окушыларды катесіз дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде калдырып немесе сөйлемде калдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем кұрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыкка көмегін тигізіп отырады.
5. Окушыларды суатты жазуга үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
6. Диктанттың түрлері көп. Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді кайтадан жазғызып, астына сыздыру нәтижесін береді. Окушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшін оларға кітапханадан кітап алып көп оқу, калай оку,калай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды катесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты катесіз жазуға үйрету әдісі әр сабакта өзінше орын алады, қалыптастыру дағдылары арта түседі.
Қорытындылай келе сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатгы жаза алады. Әсем, катесіз, мәнерлеп окуға, дұрыс сөйлеуге жаттыктыру – сауаттылыққа үйретеді. Окушыларды сауаттылыкка көркем жазуға үйрету – әр мұғалімгнің шеберлігі шығармашылык ізденісіне байланысты.