Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық Мектеп: 43 жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:2.03.2020 Мұғалімнің атыжөні: Хайдарова А. С.
Сынып: 6 Қатысқандар саны:      Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.1.4

координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу.

 

Сабақ мақсаты Оқушылар:

•          координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табуды үйренеді.

Бағалау критерийлері Оқушы:

•          нүктелердің координаталарын анықтайды;

•          координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;

•          координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;

•          алған білімдерін есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

–          тікбұрышты координаталар жүйесін салуды сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

–          координаталық жазықтық;

–          координаталар жүйесі;

–          координата осьтері;

–          жазықтықтағы нүктенің координаталары;

–          абсцисса, ордината;

–          координаталық жазықтықтың ширегі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

–          нүктенің абсциссасы … тең;

–          нүктенің ординатасы … тең;

–          берілген нүктенің координатасы …;

–          өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық;

–          тікбұрышты координаталар жүйесін салайық;

–          нүкте координаталық жүйенің бірінші ширегінде орналасады, себебі оның …;

–          нүкте абсцисса осінде жатады, егер …;

–          нүкте ордината осінде жатады, егер …;

Құндылықтарды дарыту Тапсырмаларды жұпта орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік қабілетін нығайту;

адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру, мақсаттылыққа, жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар Координаталар жүйесімен жұмыс жасау дағдылары түрлі функциялардың графиктерін салуда негіз болып табылады, сонымен қатар, олар физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салуға қажет.
Бастапқы білім Координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

1-2 мин

 

 

2-4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

6-8 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру:

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Мазмұны:  Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.

Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді.

Оқушының әрекеті:  Бір-біріне сұрақ қояды.

Бағалау: мұғлімнің және оқушының бір-біріне кері байланысы арқылы бағаланады.

3. «Математикалық диктант»

Мақсаты: Координаталық жазықтық ұғымын қайталау.

Мазмұны: Математикалық диктант 2 нұсқада дәптерлеріне қысқа жауап беру арқылы жүргізіледі.

Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді.

Оқушының әрекеті:  Сұрақтарға жауап береді, жауаптар картасы бойынша тексереді, өзін-өзі бағалайды.

Бағалау: жауаптар картасы бойынша өзін-өзі бағалайды.

Әдісі: ауызша сұрақ жауап;

Нәтижені бағалау: ауызша марапаттау;

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1.

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-18 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Жаңа тақырыпты бекіту:

Сыныппен жұмыс.

Мақсаты: Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта  салу дағдысын тексеру

Мазмұны: Оқушылар нүктелердің орнын  координаталары бойынша жазықтықта анықтау ережесін қолданып тапсырманы орындайды.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды

Бағалау:дайын жауап бойынша, өздерін-өздері бағалайды

№1. Мына нүктелерді координата жазықтығына орналастырыңыз, нәтижесінде координата жүйесін ұсынған француз философы және математигінің атын оқи аласыңдар?
А(4; 5), Р(- 6; 1), Е(- 5; 3), Д(1; 5), Р(5; 3), Н(- 4; 5), К(3; 5), Е(- 2; 5), Т(6; 1), Е(2; 5)
Бұл кісі кім, ол туралы қандай мағлұмат білесіңдер.

Жеке жұмыс.

Мақсаты: Тақырып бойынша оқушы білімдерін пысықтау

Мазмұны: Оқушылар деңгейін өздері таңдайды, тапсырмаларды орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі тексереді және бағалайды

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті:  тапсырма деңгейін таңдайды, тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өз-өзін бағалайды

Бағалау: критерий бойынша өз-өзін бағалайды

1- ші деңгей тапсырмасы.

№2. а) Координаталық жазықтықта А(- 3;- 1), В(2; 4), С(6;- 2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВС үшбұрышын салыңыз.
ә) Координаталық жазықтықта А(- 2;- 2), В(- 2; 1), С(4; 1),   Д(4;-2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВСД төртбұрышын салыңыз және осы осы төртбұрыштың периметрін табыңыз.
2 – ші деңгей тапсырмасы.
№3 есеп
Берілген А(- 3;- 2), В(- 3; 2), С(1; 2) нүктелелерін координаталық жазықтықта белгілеңіз.

а) АВСД квадрат болатындай Д(х; у) нүктесінің координатасын табыңыз.

ә) АВСД квадраттың ауданын табыңыз.
3 – ші деңгей тапсырмасы.
№4
Шегіртке А(1;- 1) солға(батысқа) 3 бірлікке секірді. Әрбір секіргені алдыңғысынан 1бірлік ұзын. Солтүстікке, шығысқа, оңтүстікке осылайша 4 рет секірген соң қандай нүктеде болды?

Жұптық жұмыс.

«Графикалық диктант»

Мақсаты: Нүктелердің орнын  координаталары бойынша жазықтықта анықтау және координаталары бойынша нүктені салу дағдысын тексеру.

Мазмұны: Бір жұп берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта  салып, оларды қосу арқылы сурет салады, екінші жұп керісінше сурет бойынша нүктелердің координаталарын табады, соңынан жұптар бір-бірін тексереді.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті: жұпта тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша бір-бірін бағалайды

Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалайды

Дескриптор:

–          координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;

–          координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;

№4 Координаталық жазықтықта берілген (5; 0), (-5; 12), (-7, 8), (-9; 3), (-5; -6), (-2; -3), (2; -4), (6; -3), (8; -1), (9, 2), (12, 3), (11, 3), (10; 4), (9; 4), (5; 2), (3; 4), (3; 7,5), (0; 9), (-3; 9,5), (10, 3) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.

№5.

Координаталық жазықтықта берілген (-8; 7), (-7; 8), (-5;7), (-4; 8), (-2; 9), (0; 9), (2; 8), (5; 6), (9; 4), (10; 3), (8; 3), (6; 2), (6; 0), (5; -3), (4; -5), (2; -7), (0; -8), (0; -11), (-1; -12), (-2; -10), (-3; -9), (-5; -8), (-4; -7), (-3; -5), (-4; -3), (-6; -2), (-8; -3), (-9; -5), (-8; -7), (-6; -8), (-4; -7), (-1; -7), (1; -4), (1; -1), (0; 1), (-1; 2), (-6; 6), (-8; 7) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.

 

№6.  Координаталық жазықтықта берілген (4; 9), (5; 8), (5; 7), (3; 3), (2;3), (2;1), (0;-1), (5; 1), (9; 0), (11;-2), (11;-4), (4;-8), (2;-7), (1; -9), (0; -10), (-4;-10), (-4;-8), (-3;-4), (-4;-5), (-5;-5), (-5;-4), (-4;-3), (-8;-4), (-10; -4), (-10;0),(-9;-1), (-7; 2), (-8; 4), (-4; 11), (-2; 11), (0; 9), (1; 5), (-1; 0), (1; 2), (3; 2), (3; 3), (7; 5), (8; 5), (9; 4) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.

 

Қосымша 2.

 

 

 

https://www.you

tube.com/watch

?v=fbJEG_klEvg

 

 

 

 

 

Қосымша 3.

 

Bilimland.kz

Математика -6

Т.А.Алдамұратова,

Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

Сабақтың соңы

 

37-38 мин

 

 

 

 

 

 

38-40мин

 

5.      Сабақты қорытындылау

–      Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?

–      Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?

–      Қандай ережелерді қолдандыңыздар?

1.     Үй тапсырмасы.

Координаталық жазықтықта берілген (7; 8), (-8; -7), (-9; -9), (-10; -9), (-9; -8), (-6; -4), (-8; -3), (-8; -1), (-7; 0),  (-6; -1), (-6; 4), (-4; 6), (-3; 5), (-3; 4), (-2; 5), (-1; 8), (1; 10), (2; 10), (3; 8), (6; 10), (8; 10), (9; 9), (9; 7), (7; 4), (9; 3), (9; 2), (7; 0), (4; -1), (3; -2), (4; -2), (5;-3), (3; -5), (-2;-5), (-1;-6), (-2;-7), (-4;-7), (-5; -5) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.

Емен жапырағы.

2.     Рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

Менің сабақтағы жетістігім…..________________
Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________
Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге?

Болашақта нені ескеру керек?_______
Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі.

 

 

 

 

Қосымша 5.

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды. Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *