Жол тәртібін сақтайық!

 

Жол тәртібін сақтайық!(ойын сауық ертеңгілігі)

Мақсаты:Балаларға  жолда жүру ережесін үйрете отырып,жол белгілерімен жолда жүру тәртібін таныстыру.Бағдаршам жарықтарына талдау жасату арқылы,байқампаздыққа,жауапкершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.Еске түсіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Бағдаршам,жол белгілері

Өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:бүгін бізде ерекше күн.Бүгінгі біздерге  қонақтар келіп отыр.Балалар қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн достар,

Қайырлы күн қонақтар.

– балалар,бүгін біз «жолда жүру ережелерін қаншалықты білеміз», «оларды қалай меңгергенбіз», «өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба?»-сол жөнінде ой бөлісеміз. Сонымен қатар жолда дұрыс жүрудің үлгісін көрсетейік.Балалар біздерге жол инспекторы келіпті.Біз оны ортаға шақырып сөз кезеген берейік.

Ясмин:Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз!?

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Гүлназ:Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Ойынымыз басталсын сәлемменен

Ендеше «Орман жануарларының қателігі»көрінісін тамашалаңыздар.

(Сахна ортасында үйдің іргесінде қызыл крест белгісі және «Шипагер атаның үйі»деген жазу бар.Сахнаның қалған жерлері көшелердің көріністері,түрінде жол белгілерімен бағдаршаммен безендірілген.Есік алдындағы жұмыс үстелінде Шипагер ата рентген суреттерін қарап отырады)

Жеңіл музыка ойнап тұрады.Қасында жас инспектор формасын киген қыз шығады.

Жас инспектор-Ақылгүл:Атай қараңыз мына бір сұмдықты!Мына түлкі мен қоянға не болған?

Кім оларды қынжылтты?

(қоян құлағын ұстап,түлкі ақсап келе жатады,шипагер атаймен Ақылгүл шошына қарсы алады)

Түлкі:Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ

Қоян:Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап

Түлкі:Ал қоян көшеге жөнелді

Қоян:Аула тар болған соң,қайтейін мен енді?

Түлкі:Қоянды қуам деп тапқаным,

Құйрықты әрең сақтадым.

Қоян:Машина астына жүгіріп өткенде құлақты бір темір зақымдап кеткен

Шипагер атай:Құлақпен құйрыққа жағатын бір дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

Шипагер атай: (басын шайқап)-мыналарды мен тез ауруханаға жеткізейін (алға асыға күтіп тоқтайды да залда отырған балаларға қарап)балалар көрдіңіздер ме жолда ойнағанның кесірін. Мына сотқарлар жол жүру,көшеде сақ болу ережелерін  балалардың есіне салатындай ойын-сабақтар өткізуді өзіңе тапсырамын Ақылгүл қызым.

(хайуанаттарды ертіп шығып кетеді,сахна сыртынан жедел жәрдемнің сиренасы естіліп алыстай түседі.

Жас инспектор-Ақылгүл:

(сахнаға Бағдаршам және жол белгілерін ұстап алған балалар шығады)

Бағдаршам:

Мерей:

Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашса сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жоға таласып.

Динара:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда.

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

Сақтандыру белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш-

Ескерту белгісі мен болам.

«Қауіптен сақ бол» деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да,көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызлмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге!

Қауып бар,бағдарла,көз салып жан-жақты.

Міндеттеу белгісі:

Белгімін көрсетер,жылдамдық,бағытты,

Міндетті Бұрылыс,әйтпесе,қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол шартыңды орында.

Нұсқау белгісі:

Баратын жерінің бағытын,тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.

«Жол ережесін білесің бе?»әні

Тәрбиеші:

– балалар, Сендер осы уақытқа дейін жол ережесі туралы көптеген мағұлмат алып жүрсіңдер. «Жол ережесіне арналған бейнелі суреттермен жұмыс:

1.Жолдан өткен кезде жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек.

2.Велосипедпен жүрсең де көлікпен жарыспай,осы жолмен өту қажет.

3.Көшеге шыққанда жиекжолдың оң жақ шетімен жүр.

4.Көліктер жүретін жолмен,жол сақшысының ескертуіне қарамастан,жолдан жүгіріп өтуге болама екен?

5.Көлік көп жүретін жолдың бойында футбол ойнауға болама?

 

Ең бастысы,көшеге шыққан кезде әр жерде тұратын жол белгілеріне назар аудару керек.

 

Ойын: «Мен жүргізушімін»

Шарты:Балалардың жылдамдығын,шапшаңдылығын көрсету.

Тәрбиеші:

-Құрметті,   Ағлез Жаңбырбайқызы  уақытыңызды бөліп,балаларға жол ережесі туралы қызықты мағұлматтар беріп, ақыл кеңес айтқаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз. Жұмысыңызға табыс тілейміз.

Қай көшеге,қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол-ортақ,үлкен-кіші,баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен,-дей келе,ойын сауығымызды  әнмен аяқтайық.

                «Бағдаршам әні»

Көшеде біз сақ болайық,

Қайғырмасын ата-ана.

Жолда сен бол лайықты,

Жас ұлан деген атқа

Қ-сы

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын менде аман.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *