Қыз өсірсең – ұятымен!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ ЖӘНЕ ТАРИХТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА, «ҚЫЗ ӨСІРСЕҢ – ҰЯТЫМЕН» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ. 

8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне қарсаңында Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы мен Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 4-наурызында, сағат 11.00-де Көне Тараз» тарихи, этно-мәдени кешені, Руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында қыз балалар арасындағы инабаттылық пен сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы «ҚЫЗ ӨСІРСЕҢ – ҰЯТЫМЕН» атты кездесу кеші өтті.

Кездесудің мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу және иманды да инабатты қазақ келіндерінің бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Қыз – болашақ ана. Қыздың денсаулығы – ұлт саулығы. Бүгінгі таңда елімізде қыздардың, ана мен баланың денсаулығына ерекше назар аударылуда. Өкінішке орай заман ағымымен, еуропалық сана ықпалымен ұлттық тәрбие негіздері бұзылуда. Бұл өз кезегінде ұрпақ денсаулығына да, тәлім-тәрбиесіне де, ұл мен қыздың қарым-қатынасына да өз әсерін берді.

Іс-шара қонағы – «Құнанбай» фильмінде басты рөлдердің бірі, бір әулеттің емес, күллі қазақтың алып анасының үлгісіне айналған Абайдың әжесі Зеренің рөлін сомдаған актриса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аяулы ана Нұрсифат Рахымбайқызы Салықова қатысты.

Іс-шараға 14-25 жас аралығындағы қыз-келіншектер және елге өнеге болып жүрген әпкелеріміз, апаларымыз қатысты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *