Мазмұнға өту

7 санын қосу, азайту тәсілдері

Bilimger Media 2 мин оқу 238 оқылым

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.
  2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
  3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа бейімдеу.

Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар ?
  • Иә, тыңдаймыз.
  • Бүгінгі сабағымыз бастан-аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.

Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:

  • Лақтарым, шырақтарым ! Шұнақтарым, құлақтарым ! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.

Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.

Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)

  • Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.

Қасқыр болды қауіпті.

Лақтарды қамап қойыпты.

Қасқыр үлкен пакет беріп жіберіпті. Ішінде хат бар, неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба ?

  • Иә, орындаймыз.

ІІ. Дайындық кезеңі.

1 – тапсырма.

Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.

ІІІ. Жаңа сабақ.

2-тапсырма. Математикалық диктант.

Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу.

3-тапсырма.

Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу.

4-тапсырма.

Ойын «Кім тез есептейді ?»

5-тапсырма.

7см, 9см, 3см

6-тапсырма.

Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.

7-тапсырма.

Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру.

8-тапсырма.

Математикалық тест.

  • Міне лақтарды аман-есен анасына тапсырдық.

ІV. Бекіту.

  • Сонымен, 7 тапсырманы орындап, неше лақты құтқардық ?
  • 7 лақты.
  1. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин