«Ойыншықты әңгімелеу»
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ойыншықты әңгімелеу».
Мақсаты: Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды отбасын сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Қажетті көрнекіліктер: қазақы көйлек киген екі қуыршақ.
Сөздік жұмыс: отбасы.
Әрекет кезеңдер |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотива
циялық – қозғау шылық
|
Ғажайып сәт:
Қонаққа екі қуыршақтың келгенін хабарлау. |
Балалар қыызыға қарайды. |
Ұйымдас
тырушы лық- ізденістік |
-Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз?
-Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар? -Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық. -Балалар, екі қыз апалы – сіңлі екен. Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен. Енді осы екі қызға қарап отырып, шағын әңгіме құрайық. Әңгіменің тақырыбы: «Айгөлек пен Айгүл» -Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қараңдаршы қандай әдемі? Сендерде қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма? -Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді? -Иә, біздің Республикамыздың аты? -Біздің жеріміз қандай? -Біз туған жерімізді , Отамымызды жақсы көреміз бе? -Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері? -Дегенмен біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату – тәтті өмір сүріп жатырмыз. -Ал енді, балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы қандай екен? -Балалар , енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келе ме? -Ендеше барлығымыз көз жұмамыз. Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл бейнесін елестету. -Боран қалай дауыстайды екен? -Иә, уілдейді. Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен. Сонда олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші отбасылы ма? «Отбасы» өлеңін оқып беру. Анаң – күнің , жүрегің, Әкең – өмір тірегің . Әжең – асыл ардағың Атаң – дана қорғаның Ағаң – қамқор асқарың Інің – мөлдір аспаның (М.Қуанышбеков) |
-Амандасамыз.
-Сәлеметсіз бе? -Аман – есенсіз бе?
-Сәлем! Ер адамдарға кіші ұлдар:
«Ассаламағалейкум!! – деп амандасады. -Қош келдіңіздер!
-Әрине ұнатамыз. -Біздің ұлтымыз қазақ. -Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады. -Біздің жеріміз үлкен , байтақ.
-Әрине, жақсы көреміз. Себебі біз осы жерде туылғанбыз. -Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.
-Айгүлдің шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті. Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі аузы бар. Ол үнемі өзінің қасынан сіңнісін тастамайтын қыз екен. Оның сіңнісінің аты – Айгөлек . -Уууууууууууууууууу
-Олар үлкен отбасылы екен.
Тақпақты педагог соңынан қайталап отыру арқылы жаттап алу. |
Рефлек
сиялық- түзету шілік |
Екі ойыншыққа сипаттама бере білу керек. | Сипаттама ең әдемі сөздермен жеткізе білу керек. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мақал – мәтелді білу;
Игереді: әңгімелеуді игереді;
Меңгереді: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі;