«Информатика әлемі» сайыс сабақ

 

Рыскалыев Жанболат Ондасынович Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№18 орта мектеп» КММ

информатика пәнінің мұғалімі

Сыныбы:  7 сыныптар

Пән аты: Информатика                                                         

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлемі» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың  бойындағы алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Жаңа әдіс-тәсілдерді, қосымша мәліметтерді  пайдалана отырып, сапалық сипаттағы алған, білімдерін дамыту

Тәрбиелік:  Білімін, білігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

 Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация

Сайыстың шарттарымен таныстыру:

Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер,  оқушылар  «Информатика әлемі» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 7А сыныбынан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Акпарат», «Компьютер», ең алдымен бүгінгі сайы сабағымызға әділ бағаларын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін.

Ендеше сайыс сабағымыздың шарттарымен таныс болайық:

I.Кезең  «Кім жылдам»?

II.Кезең  «Құпия жәшік»

III.Кезең «Полиглот»

IV.Кезең  «Бұл не»?

V.Кезең  «Жұмбақтар сыр шертеді»

VI.Кезең  «Жарыстыра жарысу»

I.Кезең.    «Кім жылдам»?

Бұл кезеңде әр топқа бір сөз беріледі, сол берілген сөздерді , берілген FSII коды кесте бойынша жылдам әрі қатесіз кодтау қажет. 5 ұпай

I топқа:   ПРИНТЕР  (8F,90,88,8D,92,85,90)

II топқа:   СКАНЕР (91,8F,80,8D,85,90)

  1. Кезең «Құпия жәшік» экраннан әр топқа арналған сұрақ беріледі, егер жауап бере алмаса келесі топ жауап береді. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі

«Процессор» тобына

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал?

Калькулятор

II топ….. 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған құралды ойлап тапты.

Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?

Лагарифм сызғыш

 

III.бөлім «Полиглот»  топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.

  1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, eight)
  2. Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина, basket)
  3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
  4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, three)
  5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
  6. Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, portfolio)
  7. Ақпаратты  компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, keyframe)
  8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)
  9. Word  қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, alphanumerical)
  10. Мәтіндік бағдарламаға не қоюға болады? (сурет, картинка, picture)

IV.Кезең  «Бұл не»? Экраннан сұрақтар беріледі бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі.

  1. Компьютер ақылшысы?   процессор
  2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы ?  модем

3 Сыртқы жады         дискі, флешка, дискет

4.Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді?  тышқан

  1. Көп пернелі құрылғы    пернетақта
  2. Компьютердің теледидары?    монитор

 

V.Кезең  «Жұмбақтар сыр шертеді» Экраннан жұмбақтар беріледі бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Әр жұмбаққа 5 ұпай беріледі.

 

1.Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан ?                 Шешуі: (Тасымалдаушы дискілер)

 

2.Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.                       Шешуі:  (Кактус)

 

3.Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жылпылдап тұрады?     Шешуі:   (Меңзер)

 

2.Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі.

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті.                               Шешуі:  (пернетақта)

 

3.Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған                                Шешуі: (монитор)

 

  VI.Кезең.  «Жарыстыра жарыстыру. Экраннан сұрақтар беріледі бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс сұраққа 5 ұпай

Стандартты программалау – Блокнот, калкулятор,Word Pad.

Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда   қандай ұғымды білдіреді – баяндау, түсіндіру, мәлімет

Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор – Word

Бос орын қалдыру пернесі – пробел

Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы – принтер

Паскаль қандай тіл – программалау тілі

Дүние жүзілік компьютерлік желі – интернет

Зиянкес бағдарлама – вирус

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым – информатика

Сайысты қорытындылау:

Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы –  дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін.

Ендеше бүгінгі сайыс сабағымыздың жеңімпаз тобын анықтау үшін сөзді әділқазылар алқасына  берейін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *