СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНДЕГІ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНДЕГІ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елеусизкызы Меруерт, Утепбаева А.А.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қ.

Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ педагогтардың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінде  тұлғалық әлеуетін, оның маңызды құрылымы ретінде мінезінің сипатын талдаудың өзектілігі зор.

Әлеует ұғымын әл-Фараби «мүмкіндіктегі сана» ретінде енгізеді. Оны жанның бір бөлігі немесе заттардың формаларының мәнін абстракциялауға дайын жанның бір қабілеті ретінде қарастырады. [2].

 «Маманның тұлғалық әлеуеті» ұғымы Иванько Л.И. бойынша адамды еңбек үрдісінің тұтас субъектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, ондағы тұтастық мыналарды білдіреді:

– Өзіндік өзгеруге және өздігінен дамуға қабілеттілік., яғни маманның тұлғалық әлеуеті интегралды ұғым ретінде еңбек адамының ішкі рухани энергиясын (күшін), қоғамдық өзіндік бекітуге, өздігінен жүзеге асуға, шығармашылық өзіндік көрініске бағытталған әрекеттік позициясын құрайды;

– Ішкі элементтердің құрылымдық тұтастығына келсек, маман әлеуетінің тұлға дамуының деңгейі және оған сәйкес келетін еңбектің тиімділік дәрежесі олардың интеграция амалына, барлық элементтерінің ішкі балансына байланысты.[3]

Сонымен, тұлғалық әлеует құрылымына мынандай элементтер жатады:

– кәсіби құзіреттілікті құрайтын кәсіби білім, білік және дағды (біліктілік әлеует);

– жұмысқа қабілеттілік (психофизиологиялық әлеует);

– зияткерлік, таным қабілеттері (білімдік әлеует);

– креативті қабілеттер (шығармашылық әлеует); 

– ынтымақтастыққа, ұжымдық ұйымға және өзара әрекетке қабілеттілік (коммуникативті әлеует);

– құндылықты-мотивациялық сала (идеялық-дүниетанымдық, адамгершілік әлеует).

Ал жеке алып қарайтын болсақ, А.И. Савенков пікірінше, тұлға әлеуеті дегеніміз адамның зияткерлік-шығармашылық және мінездерінің, қасиеттерінің кешенді жиынтығы[4]. Олай болса, «педагогтің мінезі» – өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез – көптеген жан қуаттарының жиынтығын  көрсететін синтездік қасиет.  Мінез  адамның  психикалық  ерекшеліктері және қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, қызығу, темпераментімен де тығыз байланысты.  

Әдебиеттерді саралай келе, болашақ тәрбиешінің бойында жағымсыз мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер ететін бірнеше мәселелер бар. Олар, өзін-өзі бағалау оның ішінде өзін-өзі төмен бағалау, стерсс және мазасыздық, салдарынан агрессивтіліктің пайда болуы және т.б. Бұл, өзінің таңдаған мамандығын жете түсінбеуі, балалармен қарым-қатынасқа түсу қиындығы мен мамандықта кездесетін қиыншылытарды жеңе алмауынан пайда болатын қорқыныш сезімі.

Сол себепті, зерттеудің мақсаты болашақ тәрбиешілердің тұлғалық әлеуетінің құрылымы ретінде психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оларды әртүрлі қырынан қарастыру. Сондай-ақ, олардың мамандықты таңдаудағы мотивтерін анықтау үшін констатациялық эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Констатациялық эксперимент тұлғалық әлеуеті ретінде мінезге әсер ететін темперамент, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бұзуға бейімділік, агрессивтілік және стрессті диагностикалауға  бағытталған.

Эксперимент М.О. Әуезов атындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс стуенттеріне жүргізілген. Барлығы 26 респондент өз еркімен қатысты. Студенттердің жасы 17-19 аралығы.

Зерттеу жұмыста С.В. Ковалевтің «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау» сауалнамасы, Лемур Тесье-Филимонның «PSM-25 стрессті анықтау» әдістемесі, Г.Айзенктің «Темпераментті анықтау» сауалнамасы, А.А. Реан, В.А. Якунин «Студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау әдістемесі» қолданылды.

Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Сол себепті, зерттеу жұмысымызда Г.Айзенктің «Темпераментті анықтау» сауалнамасын қолдандық.  Бұл сауалнамада 57 сұраққа жауап алынып, 3 көрсеткіш бойынша жіктелген. Соның нәтижесінде «Айзенк шеңберінде» әр адамның темпераментті анықталынды. Барлығы 26 респондент қатысқан, оның ішінде  8 студенттің жауабы интерпретациялаудан өткен жоқ. Себебі, шынайылық шкаласының стардартына сәйкес емес. Осы сауалнама қорытындысы төмендегі диаграммада көрсетілген (Сурет №1).

 

Сурет №1

Жауап берген студенттерде «Меланхолик» типі басым. Бұл темперамент өкілі белсенділігі төмен, өзіне-өзі сенімсіз, тез шаршайды және сезімтал келеді.

Осыған орай, С.В. Ковалевтің «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау» сауалнамасы жүргізіліп, мынадай нәтиже көрсетті(Сурет №2).:

 

Сурет №2

Топ студенттерінің 52% төмен көрсеткіш көрсеткен, яғни сәтсіздіктен қорқу және ол үшін өзін-өзі кінәләу тән болып келеді.

Сондай-ақ, мінез-құлқынан көрінетін, мінездің эмоциялық қырларын анықтау үшін Лемур Тесье-Филимонның «PSM-25 стрессті анықтау» әдістемесі жүргізілді. Оның қорытындысы төмендегі диаграммада бейнеленген(Сурет №3).:

Сурет №3

 

Сонымен қатар, респонденттердің  оқу мотивациясын диагностикалау үшін А.А. Реан және В.А. Якунин әдістемесі жүргізілген. Нәтижесі төмендегі диаграммада бейнелеген. (Сурет №4).

Сурет №4

Бұл сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің мамандыққа дұрыс мотивациясын байқауға болады. Б.А.Тұрғынбаева болашақ педагог тұлғалық әлеуетінің жетілуіне шығармашылық әлеует сияқты сапаның ықпал ететіндіктен, осы қасиетін дамытудың диалектикалық астарлары ең алдымен «даму», «тұлғаның дамуы», ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыда қарастырылады[6]. Сондай-ақ, педагогтің акме жағдайға жетуі оның өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.

Қорытындылай келе, психолог Ғұмар Қарашұлының пікірінше, мұғалім мінезінің орнықтылығы мен білімнің жан-жақтылығы – шәкірт алдында беделді болудың басты шарты. Мәселен, адамда қабілеттіліктің дамуы  кейбір мінез  бітістерінің болуын талап етеді. Айталық, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбексүйгіштік, энтузиазм, өзін-өзі реттей алу сияқты мінез бітістері ерекше маңызды. Осындай қасиеттерді болашақ тәрбиеші педагогикалық оқу орнында оқып жүрген кезінен бастап дамыту керек. Себебі, студенттік жас адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады. Осы кезеңдегі болашақ педагогтің кәсіби даярлануындағы  басты мәселе – мінезіндегі сапалық ерекшеліктерді дамыту.

Қолданылған әдебиеттер:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж
  • Аль-Фараби //Историко-философские трактаты. Философия Аристотеля.- Алма-ата: Наука, 1973. – 223 с.
  • Личностный потенциал работника: проблемы формирования и развития / под ред.: Л.И. Иванько, В.Г. Нестеров, – М.: Наука, 1987. – 225 с.
  • Личностный потенциал работника: проблемы формирования и развития / под ред.: Л.И. Иванько, В.Г. Нестеров, – М.: Наука, 1987. – 225 с.
  • Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту, Кенжебаева Т.Б. – Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін орындалған диссертация – Алматы, 2014
  • Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту, Тұрғынбаева Б.А. Алматы – 2005, 208б

Аңдатпа: Бұл мақалада болашақ тәрбиешілердің тұлғалық әлеуетінің құрылымы ретінде психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері қарастырылған.  Сондай-ақ, педагогтің тұлғалық әлеуеті ретінде мінезге әсер ететін темперамент, өзін-өзі бағалау және стрессті диагностикалауға  бағытталған констатациялық эксперименттің нәтижесі сипатталған.

Аннотация: В данной статье рассмотрены психические особенности и  своиства как структура личностного потенциала будущих воспитателей ДОУ. А так же, приведены результаты констатирующего эксперимента направленные на диагностику стресса, мотивации, темперамента и самооценки влияющих на характерологические особенности педагога.

Abstract: This article describes the mental characteristics and properties of the structure of personal potential future tutors of preschool. And also, the results of the experiment aimed at ascertaining the diagnosis of stress, motivation, temperament and self-esteem affect characterological features of the teacher.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *