Өрт- тілсіз жау
Қазіргі заманда табиғат апаттардан, яғни, дауылдан, селден, тасқыннан, өрттен ешкім сақтандырылмаған. Біз үлкендер, балалар үшін аса қорқыныш сезінеміз. Балалардың отпен ойнауларынан өрттер жиі пайда болады: балалардың білуге құмарлығы сіріңкемен, тұрмыстық электр приборларымен, тез тұтанатын материалдармен ойнауларына әкеледі. Балалар төтенше жағдайлар кезінде көмекке шақырудың орнына, әдеттегідей қорыққандарынан оңаша бұрышқа тығылады. Сондықтан, барлық үлкендердің міндеті-әр балаға өртке қарсы қауіпсіздіктің негізгі түсініктерін беру.
Балалар мен үлкендердің өрт қауіпсіздік қағидаларына жауапты және саналы қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында Талдықорған қаласы «Ален» балабақшасында «Қарлағаш» мектеп алдыдаярлық тобымен «Өрт қауіпсіздігі айлығының» аясында қалалақ Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе «Өрт-тілсіз жау» атты театрландырылған көрініс көрсетік.
Талдықорған қаласынын төтенше жағдай бөлімінің инженері Талғат Болатұлының басшылығымен өрт сөндірушілер келіп, балабақша қызметкерлері мен балаларға өрт шыққан кезде қалай қорғану керек екенін үйретті. Балаларға ата-аналарсыз үйде жалғыз қалғанда техникалық қауіпсіздікті сақтау әрекеттері жайлы айтып, оларды қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
Іс-шараның соңында «Абайла, от!» және «Судағы қауіпсіздік қағидалары» туралы үйрететін бейнероликтер көрсетілді.
Ален балабақшасынын тәрбиешісі Жаикова Гаухар Сапарбековна