«Тәуелсіздік тұғырым»
МДҰ «Айналайын»
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
«Қызғалдақ» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тәрбиеші: Орынбасарова М.С
Ақтөбе – 2019ж
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Нұрсұлтан Әбішқлы Назарбаевтың және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың портреттеріі, ҚазақстанРеспубликасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсанТәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: ҚазқақстанРеспубликасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресей мен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсан да сайланды. Жылда Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі. Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанов атағы басқа жап-жасаға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 28 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымыз дыиіп, еске аламыз. Өздері өмірлерін қисада,арттарын да өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан Республикасында 2017жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өтті Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.
Есік қағылады.
Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті. Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті. Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешеміз бе?
Алтын күнаспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (ҚазақстанмемлекетінңТуы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күн мен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қайсәтте де бірлікболмаққалауы,
Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей арнамысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Раяна Егемендіелдіңбіздер,
Ұланымызжасқанат
А. Мансур Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Ж. Мансур Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата алған
Аяулым Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Айбар Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Қайрат Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралыжырлаймын
Аружан Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Айсәуле Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Серігітужаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жасұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жы лтолды?
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 28 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз Тәуелсізеліміздіңжерітеңдігіөзіндежәнетуымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Өз елім- өлең төсегім.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол. Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді, балалар «Көгершін» деген әнді айтайық.
Тәрбиеші: Енді балалартағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Би «Тәуелсізелім»
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығы мен таң қалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар