Adobe Photoshop бағдарламасы .

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №____

Пән аты: Қолданбалы бағдарламалау пакеті
Оқытушы: Сопбекова М. Ж.
Дәрісхана: 301
Дәрістің түрі: Зертханалық сабақ
Оқыту әдісі: Жаттығу, іскерлік ойын,  интерактивті тақта, электрондық оқулық
Дәрістің тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасы .
Дәрістің мақсаттары:  
Білімділік: Студенттерді Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау.

 

Дамытушылық: Студенттердің танымдылық, іздемпаздық  қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке,  сауаттылыққа, үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке,  ұқыптылыққа,  пәнді сүюге тәрбиелеу.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, мәтіндік редакторда

Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Дәрісхана, тақта тазалығына назар аудару, оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру,оқушылардың сырт көрінісін  және төс белгісін қадағалау. Оқу құралдарының түгел болуына  басты назар аудару

 

ІІ.Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (15 мин) «Контурлармен жұмыс істеу»

Сұрақтар:

  1. Контур (path)- құралдар панелінің қай объекті?
  2. Олар қандай сызықтармен қосылған нүктелерден тұрады?
  3. Контурдың немесе фигураның нобайын өзгерту үшін контурды не істеуге болады? 4. Қабаттан айрық шаулау контуры- бұл не?

 ІІІ. Сабақты өткізуді  ұйымдастыру: (55 мин) Әр оқушыны жеке компьютерге отырғызып, нұсқау кітапшаларын таратып беру. Техника қауіпсіздігін сақтау туралы дәптерге қол қою. Нұсқау кітапшасындағы  Жұмыстың орындалу тәртібі мен техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Жұмысты нұсқауға сәйкес орындау. Тапсырма мен бақылау сұрақтарының орындалуын қадағалау.

        Adobe Photoshop бағдарламасы – графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб- дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны əркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.

Adobe – Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді.Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:

  1. Меню қатары: Edit, layer, image, select, filter, view, window, help.

Image – тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.

Layer – қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Select – ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.

Filter – функцияның әртүрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерінің жиынтығы

Window – палитраларды қосу және ажырату.

  1. Инструменттер палитрасы: Жұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі

құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан

  1. Параметрлер палитрасы (Options): Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.
  2. ПалитраларСпецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе.
  3. Қыстырмалар – Үнсіз келісім бойынша экранда 3-ші пайда болады. Олар:Browser (Шолушы), Too Presets және Layer Comps.Олар жиі қолданылатын файлдарды тез шақыру қызметін атқарады.Кез келген палитраны қыстырма ретінде қаастыруға болады.

Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен

70 мемлекетте қолданылатын программа.       

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және  дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр.

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі

Adobe Photoshope бағдарламасының  қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа. 

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг  бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды.  Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.

Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие.  Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық  клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек,  Adobe Photoshop бағдарламасы адамның  бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта. 

            Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады.  Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет    емделушінің  операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.

Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн – операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, Photoshop  күннен күнге дамып келе жатыр.  Photoshop –тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын  қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар.  (Мысалы: суреттің өңделуі )

 Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер,  открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.

Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялыөнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: «СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ»,  «PRINT», «Регион Сем Пресс», «МАСКА» дизайн студиясы, «ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ»,  «ПОЛИГРАФСЕРВИС» типографиясы, «Семей Коркем», «Konica», «Фотомир» т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: “Арбат”, ЖК Евдокимов , Амиргазина А.О.,  «Аскар и К» т.б. 

Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар.  Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.

Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.

Халықты алдап –арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.

Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе көтерді.   Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығарды. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан.

 

 ІҮ. Сергіту сәті:(10 мин)     Ал қанекей балалар енді сендерді кішкене сергіту мақсатында жаттығу жасап жіберейік, біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

    Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, – ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».

                                                          Таңертең көбелек оянды, тартылды,

                                                          Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

                                                          Азғана айналып, барлығына күліп,

                                                          Қайта гүліне оралды.

 

Ү.Сабақты қорытындылау және  бағалау: (5 мин) Жұмыстың орындалуына қарай оқушыларды бағалау. Жұмысты аяқтау, компьютерді дұрыс өшіру

ҮІ. Үй тапсырмасы: Н1:209-212  «Файлдарды сақтау»  тақырыбын оқып келу.

 

Н1: О.Камардинов, К.Б.Есекеев «Информатика».- Ғылым, 2004

 

                      Оқытушы:_______________М. Сопбекова

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *