ҚЫЗ БАЛАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ ТӘРБИЕСІ, ТАЗА БОЛСА АРЫ МЕН ЖАН ДҮНИЕСІ

Муталханова Меруерт Ерболқызы

Түркістан облысы

Шардара қаласы

№16 колледж

Жалты білімдік пәндер мұғалімі

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ ТӘРБИЕСІ,

ТАЗА БОЛСА АРЫ МЕН ЖАН ДҮНИЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

1 Әзірлегендер:    Т-12- топ жетекшісі:……………………………………………………..Муталханова М

Т-12 топ шебері…………………………………. ……………………….Абдукаримова А.

2 Бірінші рет енгізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы тәрбие сағатын №16колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1 Сабақтың мақсаты………………………………………………………………………………………………………….4
2 Сабақтың көрнекілігі ……………………………………………………………………………………………………4
3 Сабақтың барысы…………………………………………………………………………………………………………..4
3.1 Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………………………….4
3.2 Ерекшеліктер тәрбие саласы……………………………………………………………………………………..4-5
4 Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………………6
5 Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………………………………….6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

 

1.1 Студенттерге қазақ халқының қыз баласына ерекше назар аударып, оларды тәрбиелеудегі ерекшеліктерді тоқталу.

1.2 Өзара ой бөлісу, қорытындылау қасиеттерін дамыту.

1.3 Тәрбиенің бағалы байлық екенін түсінуге жағдай жасау.

 

2 САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ

2.1 Слайд

2.2 Талдауға арналған сұрақтар жазылған тарқатпалар, нақыл сөздер.

 

3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

3.1 Кіріспе

Құрметті студенттер!

  1. Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс- тіршілігімен, тұрмыс- салтымен және мәдениеттілік тығыз байланысты. Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланы тәрбиелеу, негізінен, отбасында жүзеге асырылған.
    Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді мекендердің, ата- анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге ” Ұят “, ” намыс “, ” ар “, ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақылдау талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған. Қазақ отбасының күнделікті тіршілігінде қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баласының адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды, ілтипатты, қамқорлық қатынас жасау: тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, маралдық қолдау, сенімін арту, өзіне деген сенімін нығайту, жауапкершілік жүктеу т. б, қазір мағанасын жойған жоқ.Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі тұспалдап айту.
    ” Қызым саған айтам, келінім сен тында “, ” Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді “, ” Таң еттен, сөз сүйектен өтеді ” деген халық нақылдары осының кепілі.
    Арамызда кім нақыл сөздер, мақал – мәтелдер біледер біледі. Осы танға дейін естігеніміз, жаттағанымыз болар сонықтан барлығын 2 нақыл сөз айтайық.
    Қазақ қыздары туралы тек мақал – мәтел, нақыл сөздер ғана көп емес, сонымен қатар қазақ қыздары туралы ақын- жазушыларымызда, жас ұрпақтарымызда ой қозғаған.Кім оқыған мақалалары туралы оқиды.
    Осы тақырып бойынша кім мақала жазды, сен де өз мақаланды оқып өт.
    Шашайын маржан сөзді тұнықтағы.
    Ашайын құпия сырды құлыптағы.
    Басымнан ұша берген бақтай болды.
    Баяғы қыздарымның қылықтары.
    Таязба талай жастық ұғымдары.
    Таңдайдай кетпей жүрген шырын дәмі
    Қалмады қала түгін ауылда да.
    Баяғы қыздарымның бұрымдары.
    Тербесем қаламымды ой көктеді.
    Артық өкпе, наздық сөйлеткені.
    Шалбарға шын құрбан боп кеткені ме
    Баяғы қыздарымның көйлектері.
    Өмірдін дәл өзіндей сабақ барма.
    Әр күнім айналғандай парақтарға
    Қымсынып қымыз “шер қыздарымды
    Үйреткен кімдер екен шараптарға
    Жігітпен қыздардың, бір кейімдері
    Шетжұрттың, жасығына сүйенеді
    Саусақтан өнер тамған қыздар қайда.
    Икемсіз ақ білектен дара сөзді
    Ізеймін дәстірімді сонау кезгі
    Қазақтың қасиетті қанға сіңген
    Қашаннан қадірлеймін қара көзді.

    2.” Тән саулығының тамыры- тазалықта”.
    А) Адамдар ертекезде- ақ өз денсаулығын күтіп, сақтауды білген. Денсаулық дегеніміз – адамның тәнің, жанның және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі, оның басқа адамдармен мейірімді қарым- қатынасы. Міне сондықтанда жеке бас гигиенасына аса көніл бөлген жөн.Әр адамның жеке сүлгісі, тіс шөткесі, сабыны т. б. Көптеген нәрсені бөлек болуы тиіс. Жеке адам өз денесін таза, киімін ұқыпты, құралдарын дұрыс ұстауы қажет. Жеке бас гигиенасы- бұл адамның жеке мүшелерін күтуде гигиеналық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білу.
    Б) Қолда, саусақтардың арасындағы қатпарларда, тырнақтардың астында микроптар көп мөлшерде жиналады. Сондықтан қолды тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, даладан келгенде үнемі жуу керек. Қолды, әсіресе, тырнақтардың астыцн, саусақтардың арасын сабындап жуған дұрыс. Апта сайын тырнақты қайшымен абайлап алып тастау керек. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады.Оның түбінде қан тамырлар, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық еті талшық қара талшықтары ұштасып жатады.Шаштын түсі ондағы бояғыш затқа байланысты. Боялғыш заттын ыдырауына шаш ағарады.Денеге үш турлі түк түседі, өседі. Ұзын түк шаш басты күнінең және суықтан сақтайды, қайратты түк- мұрт, сақал жәнетанауда, құлақтын сыртқы дыбыс өткізу жолында және жұмсақ түктер дененің қалған жерінде. Адамның басында шамамен жүз мыннан астам шаш түбі кездеседі. Шаш ағаруды заттан, керотиннен,күкірт және азоттан құралады. Күніне 100 шашқа жуық түсіп, орнына жаңа 100 шаш өседі. Бастағы шаш 2-3 жылда ауысып отырады. Шашты уақытында май және шан тазалыынан, қайызғақтан тазартып, жуып кету қажет. Оның кермектігі адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуінен тері құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шаштыжіңішкертіп, үгілгіш етеді. Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бір сағат қайнатады немесе 5 литір суға 2-3 шай қасық ас содасын салады. Шашты орамалмен құрғаттады. Су шашты женіл кептіруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп бұйралауда шаштын өсіруін нашарлатады.
    В)Аурудың алдын- алудың басты шарты- тазалық. Үйді, төсек- орныңдвы, ыдыс- аяқты, киімді арнайы тазартқыш заттарментазалау. Аптаға 1 рет моншаға тусіп, төсекті ауыстыру. Өздеріңізге таныс П. К Ивановтың ” Қарағым ” атты ілімінің 6 ережесінде:” Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірігегіне түкірме, жалпы қақырынып- түкірініп, ішіннен ештене шығарма. Осыған әдеттен : бұл – сенің денсаулығың ” делінген.
    Көпшілік адамдар денсаулығын қорғауды медицинаға жүктейді, егер адамдар өздерінің денсаулықтарын сақтамаса медицина ғылымының жетістіктері денсаулық әкеліп бермейтіндігі шындық.Қазақта мынадай мақал бар: ” Ақша жоғалтсаң- еш нәрсе жоғалпағаның, уақыт жоғалтсаң – көп нәрсені жоғалтқаның , денсаулығынды жоғалтсаң – бәрінде жоғалтқаның” дейді. Осынау мақалада қаншама ой жатыр. Мыс: қарапайым құрудын түрі – Педикулез.Бұл биттердің кесірінен болатын ауру.Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулу пайда болып, биттер мекендеген жер қыши басбастайды. Сондай – ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасмылдаушылары (бөртпе, сүзек т. б ) болып табылады.
    Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары – жеке бас тазалығы мен санитарлық талаптарды қатаң сақтау. Шаш пен денеге гигиеналық күтім керек. Жуылған соң төсек пен ішкейімді ауыстырып тұру қажет.Бит түскен кезде дәрігерге қаралған жөн.Емдеу шараларын кешіктірмей жүргізу қажет.
    Осы тақырып бойынша кім мақала жазып әкелді.
    Менің оқыған баяндамам Ләззәттің шағын ой- пікіріндей сендерде өз ойларынды білдіріп, тәртіп- тәрбие бойынша оқуларына болады, бағана айтып өткендей қыздар туралы көптеген ойлар қозғалған мысалға мына кітаптарды алайық

    Қ. Жарықбаев Жантануға кіріспе хрестаматиясы 2005 Алматы
    Әдеп және жантану хрестоматия 1996 Алматы
    3. “Бүгінгі қыз – ертенгі ана” Қыз бала 12-14 жасқа келгенде бүкіл тазалық шараларын өз бетінше орындауы тиіс. Қыздын жыныстық тәрбиесі туған күннен басталады.Оның өзінің жеке төсек орны мен киім кешегі болуға тиіс.Алғашқы етеккірдін басталуына шамалы уақыт қалған кезде бойының жылдам өсе бастағаны байқалады, осы кезеңде жыныс ағзасы үлкейіп, қасағасы мен қолтық аумағына түк шыға бастайды.Жыныстық жетілудің айқын белгілерінің бірі- бұл етеккірдің келуі. Алғашқы етеккір кезінде көбіне жалпы әлсіздік, бас ауруы, бел және іштің төменгі жағында ауырсыну байқалады.Қызға- бойжеткенгә жыныстық тәрбие берудің мақсаты біреу- оны отбасылық өмірге дайындау. Қыздар ұлдарға қарағанда жыныстық жақтан ерте жетіледі, және өздерінен жасы үлкен бозбалаларға көз сала бастайды, ал оның ізі көбіне өкінішті, келеңсіз жағдайларға алып келеді, Кейде бозбала жыныстық қатынасты ерте бастап, артының қандай жағдайға апаратынын ойламайды.
    Қыз пәктігі, қыз намысы, қыздық түсініктері өз манызын жоғалтқан жоқ. Мынау тіршілікте бәрі де бір- бірімен тығыз байланысты.Адам баласы дамудың балалық, жасөспірімдік, жастық, есею кезендерінен табиғи түрде әдемі өтуә тиіс.Қыз бойында ақыл- парасаттылық, сымбаттылық, тазалық болуы тиіс.Қыз бала сонымен әдемі.
    Тәрбие сағатын мына өлең жолдарымен аяқтайын:

    Осал да болма ойыңнан оңай адасқан
    Өжетте болма орынсыз сөзге таласқан
    Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық
    Одан соң жаным, жаз мінез керек жарасқан
    Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле
    Сабырлы таудың мінезі керек күлсенде
    Қыз мінез деген сұлулық сыры өмірдің
    Жұмбақтай қиын жатқандай болсын сыр сенде
    Десекте біздер жастықтын сырын аз ұқтық
    Өмірдін жолы болмайды тегіс жазықтық
    Әрдайым сен есіне сақта жарқыным
    Жеңілмен мықты қаруын сенің – нәзіктік
    Қайғынын жүгі жаныштап сені жатсада
    Досынды тағыдыр –талқысы сол деп тастама
    Дұшпанның саған айласы алуан қастандық
    Қалайда өзін жақсылық ойла басқаға
    Қадірлеп сонда қалтықсыз танып асыл ар
    Өзгелер сені сені адамның бірі осы деп
    Арына тиіп жолынды кескен тентектер
    Алдына келіп өздері кейін бас иер.

4 ҚОРЫТЫНДЫ

Оқытушы қорыта келе студенттерге келесі сұрақтарды қояды:

1 Сіздер қандай жаңалық білдіңіздер?

2 Сіздерді не таң қалдырды?

 

5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

5.1 Ғаламтор беттері

5.2 «Мектептегі сыныптан тыс жұмы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *