Ормандағы тұрғындарын құтқару
Ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің квест конспектісі.
Өткізу күні: 28.04.18ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық,Денсаулық, ,Таным,Коммуникация,Әлеумет
Пән:Аппликация,сурет салу,қмұқ,дене шынықтыру ,қоршаған орта
Тақырыбы: «Ормандағы тұрғындарын құтқару»
Мақсаттары:
Оқыту :1 ден 10дейін білімдерін бекіту, балаларды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санату. Қағаз бетінде бағдарлау (жоғары,төмен,ортасы,оң жағы,сол жағы)» .Күндер атауларын бекіту. Дьенеш блоктармен жұмыс жасау(геометриялық пішіндерді табу).
Дамытушылық:Геометриялық пішіндерді ажырату және белгілер бойынша жіктеу. Логикалық ойлау, есте сақтау, есту және көрнекі назар; конструктивті және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қиялындамыту;
– бір-бірімен балалардың өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту;
– балаларды берілген тапсырманы орындауға және оның өз бетіментүсінугебілуді
– сөйлеу, білу, айту және негіздеу өз ой-пікірін дамыту;
– бастамасын және дербестік арқылы еркін материалдарды таңдау дамыту;
Тәрбиелік:
Математикаға қызығушылығын;
– ықыластық, тілектестік, мейірімділік, табандылық, ерік-жігер тәрбиелеу;
– өзара көмек, сезімін тәрбиелеу ;
Балаларда бақылаушылық тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар : Модельдеу ойын жағдайды жолға қою мақсатында проблемаларды және құру ынталандыру, жаттығулар, логикалық ойлау және шығармашылық сипаттағы сұрақтар балаларға қолдану, дидактикалық, көрнекілік материалдар, сергіту, техникалық құралдар.
Көптілдік: үш тілде амандасу,1 ден 10дейін санау,түстерді атау
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Салынған конверт, хат, жоспар – картасы, суреттер бейнеленген орындары (таулар, шалшық, мұзды тастар, жалмауыз кемпірдің үйшігі, сурет “Қарға”, сандар, 1-ден 10-ға, блоктар Дьенеша, 2 шеңбер, рәміздер-фигуралардың қасиеттеріне, 4 кілт және 4-құлып, картоннан жасалған, сандық жиынтығы, геометриялық фигураларды қағаздан әр түрлі нысандарын, түстер мен мөлшерін, аңдар пішіндері практикалық жұмысына, бейнелеу құралдарын таңдау – акварель, қылқалам, сумен банкалар, кесілген жіп, желім, жармалар (ұнтақ жарма, қарақұмық).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдаструшылық кезеңі
Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келді. Балалар залға кіріп үш тілде
амандасады және қонақтарға жақсы көңіл-күй білдірейік(балалар алақандарынан қонақтарға жақсы көңіл-күй үрлейді)
Балалар, қараңдар, бұл не? Бізге біреу хат тастапты,
Хатта жазылған: “Балапан” ересек тобының балаларына.
Қараңдар, хатта кімге екені жазылған, ал кімнен екені жазылмаған. Қалай ойлайсыңдар, кім оны жіберген екен. (балалар тәрбиешімен ойластырады)
Тәрбиеші: Хатты ашайық сонда білеміз кім оны жібергенін.
Хатты оқиды:
“Сәлеметсіздер ме, балалар! Сізге Ормантай жазып отыр. Маған сендердің көмектерің қажет.Мыстан Кемпір достарым,орман тұрғындарын сыйқырлап ғажайып ормандағы төрт құлыпты сандыққа салып тастады. Ал мен жайлы ұмытып кетті. Өтінемін, достарымды табуға және оларды босатып құтқаруға көмектесіңіздерші, маған оларсыз өте көңілсіз. Сандықты тауып аңдарды құтқару үшін не істеу керектігін білемін. Төрт құлыпты ашу үшін сіздерге төрт тапсырманы орындауға тура келеді. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға кілт аласыздар. Егер төрт кілтті алсаңыздар, онда сіздер төрт құлыпты ашып аңдарды сыйқырдан құтқарасыздар. Міне, менің картам. Мен сендерге сенемін, сендер өте тапқырсыңдар және, тапсырмаларды оңай шешесіңдер. Досыңыз Ормантай…”.
– Ал, сонда бізге не істеу керек? (балалардың жауаптары)
– Бірақ, сандыққа жету үшін, бізге Ормантайдың картасы бойынша кедергілерден өтуге және бірнеше тапсырмаларды дұрыс орындағанымыз үшін кілттер алуымыз керек. Сендер дайынсыңдар ма? (иә)
2.Негізі бөлімі
Бірақ алдымен сендер Ормантайға көмектесе аласыңдарма соны тексереміз. Сендергеойын ойнауға ұсынамын.Менің әрі қарай сөйлемді бастаймын, ал сендер, оны аяқтауға тырысыңдар.
– біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығу жасаймыз …..(таңертең)
– Күндіз күннің көзі жарқырайды. Ал ай….(түнде)
– Сендердің ата-аналарың жұмыстан қай кезде келеді? (Кешке)
– біз кешке тамақ ішеміз, ал ұйықтаймыз(түнде)
– Кеше қандай күн болды? (бейсенбі)
– Бірінші жұмыс күні қалай аталады? (Дүйсенбі)
– Демалыс күндері қалай аталады? (Сенбі, жексенбі)
– Жарайсыңдар, енді мен сенімдімін, біз дайынбыз кедергілерден өту…. Әуелі картаны қарайық.
Қандай кедергілер бізге кездеседі?
Дұрыс –
Сапарға аттандық
Біздің жол қашық: шалғынмен, даламен, қалың орман арасымен жүретін боламыз. (Шеңбердің бойымен бірінің артынан бірі жүреді).
Міне, біз сендермен табиғат аясындамыз. (Басты оңға-солға бұру).
Қандай таза ауа. Кәне терең дем алайық (бірнеше рет терең тыныс алу).
Міне жолымыз бетін мұз басқан шалшық су арқылы өтеді. ( кезек-кезек: біресе аяқтың ұшымен, біресе өкшемен жүру).
Біз орманға келіп қалдық, бірақ біздің жолымызда үлкен бұталар өсіп шығыпты. Біз олардан секіріп өтсек орманға келеміз. Міне біз ормандамыз.
2.Негізгі бөлім:
– картаны қарайық қай жаққа қарай жүреді екенбіз? (тура, үлкен шалшықтарға – 1)
– Дұрыс….
Тапсырма №1 ” шалшықтарға тастар лақтыру” (2обруч)
– Алдымызда екі үлкен терең шалшық (2 шеңбер және олардың айналасында – Дьенеш блоктары). Бізге олардың үстінен аяқты су қылмай өту үшін, оларды таспен толтыруымыз қажет. Сақ болыңдар, әрбір көлге тек белгілері сәйкес келетін тастарды лақтыру керек. Барлық кеңістік толтырылуы тиіс.
Бір шеңберге барлық жуан, ал екінші шеңберге – барлық жіңішке фигураларды салу керек.
Балалар өз бетінше орындайды.
– Тексереміз. Екі шеңбердің түйіскен тұсына қандай фигуралар қойдыңдар және неліктен? Міне біз бірінші кілтті де алдық енді әрі қарай жүре беруге болады.
– Картада ары қарай не бар? (оңға қарай бұрылып, биік тауларға қарай жүреміз – 2)
– Дұрыс….
– Дұрыс, алдымызда –биік таулар.
Бізге одан қалай өтуге болады? (Балалардың жауаптары-әуе шарында, ұшақта, тікұшақта және т. б.)
Ал сендер ұшатын кілеммен ұшып көрдіңдер ме? Ендеше ұшатын кілеммен ұшамыз.
Тапсырма №2 ” ұшатын кілемді жөндеу” ( жетіспейтін фигураны қою)
– Ұшатын кілем ұша алмайды, оны жөндеу керек.
Бәрімізге жетеді ме, енді не істейміз? (жұптасып жұмыс істеу)
Барлық тор көздерді фигуралармен толтыру қажет. Әр қатарда қандай фигура жетіспейтінін анықтаңдар. Мұқият болыңдар.
Балалар срақтарға жауап бере отырып кілемді жөндеуге сай келетін фигураларды анықтайды және орындарына қояды: Сенде қандай фигура? Ол қандай түсті ( көк түсті шеңбер….)
Жарайсыңдар! Барлық кілемшелер жөнделді және олармен таулардан ұшып өтеміз.
Тоқтаңдар, балалар! екінші кілтті үлкен қара құс қорғайды. Ол қандай құс? (қарға). Қанекей ол бізді байқап қалмауы үшін орынымызда қатып қозғалмай тұрып қалайық және оның қай жаққа қарай ұшатынын көзімізбен ғана бақылайық. (көзге арналған жаттығулары) тәрбиеші айтып тұрады: құс жоғары, төмен, оңға, солға ұшты деп)
Тәрбиеші: Болды, ұшып кетті. Міне біз екінші кілтті де таптық. Әрі қарай баруға болады.
Бізді алда не күтіп тұр? (жол жоғары көтерілген– 3)
Тапсырма № 3.Тәрбиеші:.Тағы да кедергі. Жолды тастар басып қалған. Әрі қарай өту үшін жолды тастардан тазарту керек, сандық қатар жасаңдар 1-ден 10-дейін солдан оңға қарай. Сан жазылған тасты алып қатардағы өз орнына қойыңдар.
Сандарды үш тілде санау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, міне жолды тастардан тазарттық. Үшінші кілті аламыз
Сергіту сәті. «Орман»
Тербелейді ағаштар
Самал желді есейді
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Қанша кілт таптық(3)
Қанша кілт қалды табылмаған?
Картаны көрейік. Жол қайда апарады? (оңға, тура үйшікке-4)
Бұл кімнің үйшігі? Дұрыс біз Мыстан Кемпірдің үйінің қасындамыз.
Қалай ойлайсыңдар, соңғы төртінші кілт қайда?
Дұрыс, Мыстан Кемпір, өз үйшігіне тығып қойған шығар. Қанекей көрейік.
Тапсырма №4 “кілт қайда, ойлан тап”
Мыстан Кемпір осында тығып қойды (бір парақ картон, оның үстінде бірнеше блоктар). Сендер кілттің қандай фигураның астына жасырылғанын табуларың керек. Маған фигуралардың қасиеттеріне байланысты сұрақтар қоясыңдар. Мысалы, кілт үлкен, көк фигураның астында және т. б. Ал мен сендердің сұрақтарыңа жауап беремін.
– Міне, таптық төртінші кілті.
Сонымен, бізде қанша кілт бар? (төрт).
Ал сыйқырланған аңдар салынған сандық қайда? Ендеше оны іздейік. (балалар сандықты үйшіктің ішінен тауып алады)
Барлық кедергілерді еңсердік және сандықты алдық.
(балалар қалауы бойынша әр құлыпты ашады. Сандықта аңдардың үлгілері)
Жарайсыңдар, міне біз сандықты аштық. Ал қазір бізге ең бастысы – біз аңдарды сыйқырдан құтқаруымыз қажет.
Қалай ойлайсыңдар, оларды қалай құтқарамыз?
Оларды құтқару үшін саусақтарға арналған жаттығуларды жасайық.
Саусақтарға арналған жаттығу.
«Лесные звери»
Этот пальчик – белочка,
Рыженькая девочка.
Этот пальчик – зайчик,
Зайчик – попрыгайчик
Этот вот – лисичка,
Хитрая сестричка.
Этот – мишенька – медведь,
Любит громко пореветь.
Этот – серенький волчок –
Получился кулачок.
Разожми кулак скорей,
В лес всех выпусти зверей.
(загибают пальцы, начиная с мизинца)
Алдарыңда түрлі бейнелеу материалдары. Қандай? (акварель, желім, жіп кесілген, жармалар) Өз жануарыңды сыйқырдан немен құтқаратыныңды таңда.
(Балалар өздері жұмыс істейді)
3. Қорытынды
Біздің сынағымыз және саяхатымыз аяқталды.
Сұрақ: Қандай сынақ ең қиын болды? Неге? Қандай сынақ оңай. Егер біз қиындықтарды жеңе білсек қандай боламыз? Бүгін сен қандай болдың? (Балалардың жауаптары)
Телефон қоңырауы. Ормантай балаларға терезе жағынан санағанда үшінші терезеде медальдар қалдырғанын айтты..
« Қайырымдылық және мейірімділік үшін»медальдарымен балалар марапаттау.
– Сендерге сабақ ұнады ма?
– Сендер қалай ойлайсыңдар, барлық тапсырмаларды орындадық па?
– Кімге бір нәрсе қиын көрінді?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718