Жылдың сәні кім болады?

Шәмбілева Анар
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды ауылы
«Ұлан» балабақшасы.

Жылдың сәні кім болады?
Мен тәрбиеші мамандығын бітірген, қазіргі таңдағы тәрбиеші маманымын. Өз мамандығымды жақсы көремін. Балапандармен жұмыс жасаған, солардың менен бірдеме үйреніп, мамандығымның, жұмысымның жемісін көрген маған ұнайды. Содан шабыт аламын, жігерленемін. Әсіресе өмірге деген қызығушылықтары енді оянып келе жатқан, бәрін білуге талпынатын балапандардың білімге деген құштарлығын арттырып, солардың пайдаларына жарасам, мен үшін сол үлкен бақыт. Менің мамандығым қызығы мен шыжығы қатар жүретін профессия. Кей кездері баламен бала болып өзіміз бірге қозғалып, бірге ойнап күлеміз. Әрбіреуі бір- бірдің еркесі. Әрқайсысының көңілін табу менің міндетім. Сол үшін жұмыс жасаймын. Жақында жаңа жыл қарсаңында бір қызық жағдайға тап болдым. Шырша туралы бір сабағымда, шыршаның тарихын оқып отырып шырша ағашының жылдың төрт мезгілінде де жап жасыл күйінде қалатыны мені қатты таңырқатты. Шынымды айтсам бұрын соңды, бұны оқымаппын. Себебі шыршаға қызықпаған болуым керек. Оқысамда есімде қалмапты. Содан бұл кереметті балаларға қалай жеткіземін деп, ойланып отырып, ертегі құрастырып, қойылым қылып қояйын деп шештім. Соны өзімнен де басқа тәрбиешілермен бөлісейін деп отырмын. Егер ұнап, пайдаға асып жатса, қуаныштымын.
Ерте, ерте, ертеде орманға барған Аяз ата жаңа жылда қасына сән беретін қыста да, көктемде де, жазда да, күзде де жасыл болып қала беретін дос іздепті. Орманға барып неше түрлі әдемі өсімдіктер, ағаштар, гүлдер көріп басы айналған Аяз ата ойланып тұрғанда қасына қоян келеді.
-Аяз ата неге ойланып тұрсыз?
-Сәлеметсіңбе Қоян. Мен өзіммен мерекелерге ала баратын, балалар сәндеп қуанатын, айналып би билеп, ән айтатын өзіме дос іздеп жүрмін. Соған сен маған көмектесесің бе?
-Әрине олай болса мына гүлді ал. Сұлулығына көз тоймайды. Өте әдемі, әрі маған бал береді. Балаларың сондай қуанады, гүлді ал,- дейді.
Гүлге барып қарағаны сол ақ еді, гүл мақтана жөнеледі. Мен сұлумын, сіздің қасыңызға сән беріп тұрамын дей бергенде (қатты соққан желдің даусы естіледі) қыстың аязына шыдамай гүлдері солып, жапырақтары құлап, түсе бастайды. Мұны көрген Аяз ата
-ЖОООООҚҚ, бұл жарамайды. Маған мәңгілік серік болатын дос керек, деп мұңайып отырғанда қасына сумаңдаған түлкі келеді.

-Аяз ата неге ойланып тұрсыз?
-Сәлеметсіңбе Түлкі. Мен өзіммен мерекелерге ала баратын, балалар сәндеп қуанатын, айналып би билеп, ән айтатын өзіме дос іздеп жүрмін. Соған сен маған көмектесесің бе?
-Әрине айтсаң болды. Менің білмейтінім жоқ. Өзіме жемісін беріп қысы жазы пана болатын мына ағашты ал. Балалар көлеңкесінде ойнап, жемісін жеп мәз болсын,- дейді.
-Аяз ата ағаштың жанына барғаны сол еді, ағаш жапырақтарын сыбдырлатып , мақтанып, жазда сая боламын, қыста пана боламын, мені алсаңыз өкінбейсіз дей бергенде (қатты соққан аяздың даусы естіледі) жапырақтары түсіп, қурап, жылтырап тек бұтақтары ғана қалады.
-ЖОООООҚҚ, бұл жарамайды. Маған мәңгілік серік болатын дос керек, деп мұңайып отырғанда қасына қасқыр келеді.
-Аяз ата неге мұңайып тұрсыз?
-Сәлеметсіңбе Қасқыр. Мен өзіммен мерекелерге ала баратын, балалар сәндеп қуанатын, айналып би билеп, ән айтатын өзіме дос іздеп жүрмін. Соған сен маған көмектесесің бе?
-Әрине. Олай болса еш ойланбастан шыршаны ал. Ол қыста да, көктемде де, жазда да, күзде де жап жасыл болып тұра береді. Көркіне көз тояды. Әдемі шамдармен безендіріп қойсаң балаларың да мәз болады.
Қасқырдың ойын ұнатқан Аяз ата, шыршаның жанына жақындап ұстап қарап, жап жасыл екенін көреді. –Мені ойыншықтармен сәндеуге болады, түрлі түсті болып жанамын, әрі жылдың төрт мезгілінде де жап жасыл шырша болып қала беремін- деп мақтанады Шырша.
Аяз атада шыршаны ұнатып, Балапан тобының мерекесіне апарып, түрлі түсті шамдар іліп, ойыншықтармен сәндеп балалармен шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін айтып көңіл көтеріп, мерекені тамаша өткзіпті.

Шәмбілева Анар
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды ауылы
«Ұлан» балабақшасы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *