Кабинеттік және далалық зерттеулер

III бөлім. Әрекеттегі маркетинг Мектеп: «Н. Бекежанов атындағы №13 ЖОМ» КММ
Күні:12.02.2020ж. Мұғалімнің аты-жөні:К. Бекбергенова
Сынып: 10 Қатысқандар: 17 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Кабинеттік және далалық зерттеулер
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.3.3.1. Кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі
10.3.3.2. Кабинеттік және далалық зерттеулер әдісін қолданады
Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:
– Кабинеттік және далалық зерттеулер айырмашылығын білуіне
– Кабинеттік және далалық зерттеулер әдістемесін қолдануына
Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) 1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі (өнімсіз деңгей) ;
2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; кабинеттік және далалық зерттеулер әдісін қолданады (конструктивті деңгей)
3-меңгеру деңгейі.
Тілдік мақсаттар Лексика және терминология:
Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ыстық алақан», « Жұптас-бөліс», «Сұрақтарға жылдам жауап беру», «Джигсо»,«Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
Алдыңғы білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:
Маркетинг-микс дегеніміз не?
Сабақтың басы ( 5 мин) 1.Оқушылармен амандасу.
Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру
10 минут 1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.жұптасып жұмыс істеңіздер. Өткен материял бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер
1. Маркетингілік зерттеу дегеніміз не?
2. Маркетингілік зерттеудің мақсаты қандай?
3. Маркетингілік зерттеулерде қандай процестер бар?
4. Кабинеттік зерттеулер дегеніміз не?
5. Қосымша ақпараттың артықшылықтары қандай?
6. Қосымша ақпараттың кемшіліктеріқандай?
7. Далалық зерттеулер дегеніміз не?
8. Алғашқы ақпараттың артықшылықтары қандай?
9. Алғашқы ақпараттың кемшіліктері қандай?
10. Әлеуетті талдаудың мақсаты қандай?
11. Бәсекелестердің мүмкіншіліктерін талдаудың қандай тиімді әдістері бар?
12. Маркетингтің микроортасының факторлары қандай?
13. Далалық маркетингілік зерттеулерде ақпарат алудың әдістері қандай?
Мұғалім әрбір тапсырма бойынша нұсқаулар береді, топта жасалған жұмыстың барысын тексереді.
Сергіту сәті
2 мин. «Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз….мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.
Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.
«Талдап, салыстырайық» дағдысы.
1. Кабинеттік және далалық зерттеулердің арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар
2. Алғашқы және қосымша ақпараттың арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар
4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кабинеттік және далалық зерттеулердің салыстырмалы кестесін құрыңыздар
5.Қолданып көрейік дағдысы. Сабақтағы материалды пйдаланып, өз жобаларыңызды құрастырыңыздпр.
Өзіңіз білетін бірнеше кәсіпорындағы далалық және кеңселік зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін көрсетіңіздер
6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер
Сабақтан алған ақпараттар пайдалы және қызықты болды ма?
Оларды болашақ кәсіби қызметіңізге пайдалана аласыз ба?
Шығармашылық тапсырма
Сыныптастарыңыздың жұмыстарын бағалап, оларға белгілі кәсіпорында далалық және кабинеттік зерттеулерді пайдалану мүмкіндіктерін анықтап, жақсысын таңдаңыздар.
Сабақтың соңы.
10 мин.
Кері байланыс
(3 минут) Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.
Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.
Рефлекция
5 мин. (Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
2.Бүгін оқушылар не білді?
3.Сыныптағы ахуал қандай болды?
4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Қорытынды бағалау
5 мин. 1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы
«Н.Бекежанов атындағы №13 жом» кмм-нің
технология пәнінің Бекбергенова Күлшат Сламғалиқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *