Балуыз

Моминова Бақтыгүл Тұрсынбайқызы
Шардара қаласы, №16 колледж МКҚК

БАЯНДАМА

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – БАЛУЫЗ

Уыз – жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз» , «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп , ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.
Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. иммунитеттік қуатты күшейтеді. Уыздың құрамындағы глубулин өзгеше қарсылық күшпен әрі түрлі бактерялармен вирустардың шабуылын бөгеп, организмнің инфекциялануынан сақтайды, жасөспірімдердің иммунитеттік жүйесі толық жетіле қоймағандықтан, олардың денесіндегі глубулин мөлшері ересек адамдардан аз болады. Сол себепті тыныс алу жолы мен ас қорыту жолы ауруына оңай шалдығады, тіпты қайта – қайта ушығып, өсіп _жетілуге ықпал жеткізеді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың ұлттық тағамдарын өзге ұлттарға таныту, ұлттық тағамдарды жастар арасында насихаттау, уыздан балуыз дайындау арқылы оның құнарлылығын жоғарылату
Зерттеу мақсаты: Уыздың адам денсаулығына пайдасын анықтау, уыздан балуыз жасау, оның химиялық құрамын зерттеу, тағамның құнарлылығын арттыру
Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт дайындау ісі ертеден белгілі.
Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Демек, «сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.
Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек.
Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі.
Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түңгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар тамақты түңгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.
Сүт тағамдары жіне уыздың химиялық құрамы. Сүт және уыз — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары , оңай сіңетін өнім. 100 грамм өнімде 3 грамға жуық белок , көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары , сондай – ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм сүтағзаға 60 – қа жуық килокалория береді екен.
Сүт өнімдері басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай- сүт өнімдері амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі. Сүт өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.
Сүт өнімдерінің жоғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: бір литр сүт өнімінің құрамындағы белок мөлшері – 150 г., ол сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белоққа тең.
Сүт өнімінің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүт өнімінің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің1/3 бөлігін қамтамасыз етеді екен.
Сүт – сүтқоректі жануарлардың сүт безінен бөлінетін күрделі химиялық құрамының биологиялық сұйықтық. Сүт адамдарға биологиялық құнды тағам өнімі болып келеді. Азық-түліктердің тағамдық құндылығы және әсіресе сүтте зат алмасуында маңызды рөл атқаратын сүтті майдың липидтерінің саны мен құрамына, қанықпаған май қышқылдарының мөлшерімен бағаланады.
Сүт тағамдарының құрамындағы дәрумендер рөлі:
А — адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады.
Д — сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды.
В1 — адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады.
В2 — ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды.
В6 — баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді.
В12 — қанның пайда болу процесіне қатысады, анемия ауруына қарсы тұратын қасиетті қалыптастырады.
Е — адам бұлшық еттерінің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
РР — қан ағымын және бауыр жұмысын жақсартады.
Балауыз сүт тағамдарынығ дайындалуы
1. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге көңіл бөлу.
2. Ең алдымен сүт уызын ыдысқа құйып, оған: мейіз, бал, жержаңғақ қосып жәймен араластырамыз.
Қазанда қайнап тұрған суға дайын болған балуыз тағамын салып жәймен отқа қойып, суы тартылғанша 2-3 сағат қайнатамыз.
Содан соң суытып тоңазытқышқа саламыз. 3 сағат қатқанша. Дайын болған балуыз тағамын бірнеше бөліктерге кесіп ыдысқа салып ұсынамыз.
Уыздың нәрлілік қасиеті кәдімгі сүтті екі орап алады. Уыз құрамында антиоксиданттар өте көп. Сондықтан ол балаң ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттырып, ас қорыту жүйесін ретке келтіреді. Анасының уызын тойып емген төл мықты болып өсіп, тез ширайды. Сондықтан қазақта «уызына жарымаған» деген сөз қалған. Бұл әлсіз және ауыршаң балаларға және төрт түліктің әлсіз төлдеріне де қатысты айтылады.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрлерінің бірі – уыз , қайма , сары май , айран , құрт, қымыз, шұбат.
Ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағамдар ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен сүт тағамдарының түрі көп. Сүт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады.
• Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау, ғылыми жоба қорғау.
Зерттеу барысында:
• Теориялық материялдарды жинақтау;
• Тақырып бойынша материялдарды іріктеу;
• Тәжірибе жүзінде уыздан балуыз жасау әдіс – тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесі:
– Уыздың адам денсаулығына пайдасы анықтадық.
– Уыздан балуыз жасадық.
– Сүт өнімдерінің, (уыз, балуыз) химиялық құрамын зерттедік.
– Тағам ретінде құнарлылығын арттырдық.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
– Зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты толық орындалды.
Сонымен қатар, біздің көздеген мақсатымыз – сүт өнімдерін тиімді ұйымдастыру, азықты толық пайдалану, сүт өнімдерінен тағамды дәмді дайындау және дұрыс сақтау; сәнді әшекейлеп, әр түрлі талғаммен дастарханды дұрыс әзірлеуді үйрену еді. Шығармашық ізденіс жұмысымыз барысында бұл мақсатымызға жеттік.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматы кітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
4. «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»,Қазақ энцоклепедиясы 1998ж.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *