«Денсаулық еліне саяхат».
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
КММ«№103 санаториялық
бөбекжай-балабақшасы»
Шолпанкулова Жансая Турсынжановна
тәрбиеші
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат».
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: самакат, доптар, кедергілер, мешок, қоян мен кірпі атрибуты сәбіздер мен алмалар муляждары, ысқырық, арқан, уақыт өлшеуіш.
Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Денсаулық еліне саяхат» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топтың яғни, «Айгөлек» және «Қарлығаш» тобының балалары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
– Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ – қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ – қазылар өз бағасын береді.
– Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.
Топпен танысу
– «Айгөлек» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
– «Қарлығаш» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
– Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын. (Жүру және жүру түрлері)
Қара жорға әуенімен қимыл қозғалыс жаттығулары
– Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.
І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп жүру» (Самакатпен)
Шарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
ІІІ. Кезең. «Қоян мен кірпі сайысы»
Шарты: балалар қолдарынасәбіз бен алма толтырылған екі шелекті ұстап, қоян мен кірпінің іздерімен жүріп, қоян немесе кірпі суретінің үстіне қос аяқпен секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген және шелектегі сәбіз немесе алма мөлшері көп болған топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
ІҮ. Кезең. «Кім жылдам?» (Мешокпен)
Шарты: Топ басшысы өздеріне берілген мешокты киіп кегли арасымен ирелеңдеп секіріп келеді. Бұрын келген топ басшының тобы жеңіске жетеді.
Ү. Кезең. «Арқан тартыс»
Шарты: сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін балалар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң тәрбиешінің берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Балалардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ – қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ – қазы алқаларына беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, – демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718