«Денсаулық -зор байлық»

Алматы қаласы
Жетісу ауданы
КММ«№103 санаториялық
бөбекжай-балабақшасы»
Абилашимова Кумискул Дагашевна.
тәрбиеші
Білім беру саласы: «Денсаулық»Оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы:«Денсаулық -зор байлық»Мақсаты: Дәстүрден тыс спорттық құралдар туралы балаларға түсінік беру,және осы құралдармен ойындар ойнату арқылы балалардың бойында ептілік,жылдамдық,мергендік қимыл әрекеттерін дамыту; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту;дәстүрден тыс құралдармен тыныс алу жаттығуларын орындауға деген қызығушылықтарын арттыру; балаларды өжеттікке, батылдыққа тәрбиелеу.Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз құтылардан жасалған кегелдер,6 дана;екі мәре белгісі, 2 доп; 2 ұяшығы бар жәшік ,бала санынымен ұсақ доптар ,2 хоккей таяқшасы , 5литрлік 12 бөтелке ;2 гимнастикалық таяқша ;бала санына байланысты әр балаға екіден плассмас бөтелкелерден жасалған гантельдер мен гүлдер, көбелектер байланған пластикалық шеңберлер,зырылдауықтар (баласанына байланысты) ,белгі сызықтар,мәре белгі сызығы; оқу қызметіне қажетті слайдтар.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Еріншектер елі» мултьфильмін көрсету.Әдіс-тәсілдер: көрсету,сұрақ –жауап ,әңгімелеу,түсіндіру.
Спорттық киім киген балалармаршпен кіріп, бір қатарға тұрады.Көтеріңкі музыканың сүйемелдеуімен Спортакус (бала) спорттық қимылдар (сальто) жасап залға кіреді .
Спортакус: Сәлеметсіңдерме,достар.Менің атым –Спортакус. Тәрбиеші:Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді.Қәне ,біз де сәлемдесейік.Кімді кездестірсек те денсаулық тілейміз.Бір-бірімізге «Сәлеметсің бе!» деп күліп амандасайық. (Балалар күліп амандасады)Спортакус: Балалар сендер мен сияқты шымыр, жүйрік,жігерлі болғыларың келе ме? Балалар:Иә,
Спортакус:Олай болса, мен сендерді «Денсаулық және спорт еліне» еліне саяхатқа шақырамын.
Секіріп,билеп Қызыл шаш келеді
Қызыл шаш: Сәлем достар! Сәлем Спортакус. Спортакус мен де сен сияқты күшті,епті, төзімді болғым келеді. Мен де Денсаулық еліне саяхатқа барамын.
Тәрбиеші: Балалар, Спортакус және Қызылшашпен бірге Денсаулық еліне саяхатқа барамыз ба?
Балалар: Иә,барамыз!
Тәрбиеші: Спортакус біз саяхатқа дайынбыз.
Спортакус: Ал онда менің соңыма сапқа тұрыңдар. Кеттік.
Марш әуеніменбалалар шығып кетеді.Екінші есіктен Кесір Робби келеді:
Кесір Робби:Мен «Еріншектер елінен» балаларды алып кеткені үшін Спортакустың жолына кедергілер қоюым керек.Оларды қайткен күнде де «Денсаулық еліне» жеткізбеуім керек. (Имитациямен кедергілер қойып шығып кетеді)
Қызықты дене қыздыру жаттығулары:
Тізені көтере адымдап жүру; аяқ ұшы,өкшемен,аяқтың ішкі және сыртқы қырымен;бір бүйірмен аяқты аяққа тақап секіре жүру,еңбектеп жүру, адымдап жүру, ирелеңдеп жәй жүгіру;адымдап жүру. Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдің жұпар иісі»
Қызылшаш:Спортакус біз «Денсаулық еліне» келдік пе? Спортакус:Жоқ,Қызылшаш біз әлі «Денсаулық еліне» жеткен жоқпыз. Достар сапарымызды жалғастырайық. Маршпен балалар шығып кетеді. Кесір Робби ашуланып жүгіріп келеді. Қап,бәлем!Мына Спортакус пен Қызылшаш менің жалқаубектерімді қызықтырып алып кетіп барады.Олардың жолына тағы да тосқауыл қояйын. Гантельдерді қойып шығады. Мен сендерге қиындық туғызудан ешқашан жалыққан емеспін.Ал,енді Спортакус еріншектер елінің тұрғындарын сен мына тосқауылдардан қалай алып өтер екенсің.Олар өте жалқау ғой.ХА-ха-ха-ха!(Қуанып шығып кетеді) Балалар сап түзеп келеді.Тәрбиеші: Балалар,мына қызықты қараңдар .Балалар, мынау қандай спорттық құралдар? Балалар: Бұл гантельдер. Спортакус:Балалар, гантельдермен бұлшықеттерімізді шынықтырамыз ба? Балалар: Иә, бұлшықеттерімізді шынықтырамыз.Балалар сап түзеп қатармен жүре отырып 3 қатарға бөлінеді.
Гантельмен жалпы дамытушы жаттығулар:
1. Б.қ.н.т,аяқ алшақ, гантельдерді бастан асыра жоғары көтеріп,оған қарау.4- рет. Б.қ.келу.
2. Б.қ. н.т. аяқ алшақ, бір қолды жоғары көтеріп,екінші қол дене бойында қолдарды артқа серпу 2 рет, қолдардың орнын ауыстыру.4-рет.Б.қ.келу.
3.Б.қ.н.т: Екі қолды иық деңгейінде қойып, жоғары көтеріп,түсіру.Б.қ.келу.4рет. 4.Б.қ.н.т. Екі қол дене бойында,қолды алға созу,еңкейіп аяқ ұшына тигізу.Б.қ.келу.4рет. 5.Б.қ.аяқ бірге,қолды алға созып, отырып-тұру.Б.қ.келу. 4рет. 6.Б.қ.Гантельдерді жерге қойып, секіру 10рет. 7.Тыныс алу жаттығуы: «Зырылдауық»
Кесір Робби басы салбырап келеді. Кесір Робби: Балалар,Спортакус,Қызылшаш кешіріңдерші мені. Мен сендермен бірге «Денсаулық еліне» саяхаттап барғым келеді.Мен сендер сияқты көңілді, епті,жылдам болғым келеді. Тәрбиеші: Балалар,Спортакус,Қызылшаш Роббиді кешіреміз бе? Балалар: Кешіреміз. Нұрали: Робби сен енді ешкімге жамандық жасама.Бізбен бірге сапқа тұр. Балалар бір қатарға тұрып,спорт залынан айналып шығып кетеді. Екінші есіктен балалар айналып кіреді. Спортакус:Балалар, міне біз «Денсаулық еліне» де келіп жеттік. Қызылшаш:Балалар біз қазір қызықты ойындар ойнап жарысамыз. Менің тобыма кімдер келеді? Спортакус: Менің тобыма кімдер келеді? Балалар екі топқа бөлінеді.
Тәрбиеші:Эстафеталық жарыс ойындары күш-жігерді арттырып, төзімділікке, шыдамдылыққа, батыл, ержүрек,табанды,епті болуға тәрбиелейді.Кәне, балалар мен сендердің күштеріңді тексеріп көрейін.Бүгін «Денсаулық» елінде екі топ күш сынасады. Екі топқа да сәттілік тілеймін. Бірінші топ: «Спортакус» тобы. Екінші топ: «Қызылшаш» тобы.Екі топты бағалау үшін,әділ қазылар алқасын сайлап алайық.Әділ қазылар алқасын сайлау.
Тәрбиеші: Жарыс кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтаймыз.Бір-бірімізді итермейміз, қатты ентігіп жүгірмейміз, жарыс кезінде өте мұқият боламыз және бір-біріміздің аяғымызды басып кетпейміз.Ойынның шарттарын қатаң орындаймыз. Тәрбиеші; Олай болса,жарысымызды бастайық.
1.Эстафеталық ойын: «Кім епті?».
Ойынның шарты:Жолға қойылған тосқауылдар арасымен ирелеңдей жүгіріп, межеден айналып өтіп ,қайтар жолда кедергілер арасымен қайта ирелеңдей жүгіріп кезектегі келесі ойыншыға допты ұсынып топтың соңына тұру.Осылай ойын ең соңғы ойыншы ойнап біткенше жалғаса береді.
2.Эстафеталық ойын: «Кім ұяшыққа допты дәл,әрі тез түсіреді?» Ойынның шарты: Ұяшық алдында бірнеше доп жатады.Балалар кезек-кезек допты таяқшамен дәлдеп түсіп жарысады, 3.Эстафеталық ойын «Кім жақсы төсбауырлап жүре алады?»Ойынның шарты: 5л бөтелке үстіне таяқша қойылады бала құлатып кетпей төсбауырлап өтуі керек.
Тыныс алу жаттығуы: «Көбелектерді ұшырамыз»
4. Сабырлы ойын: « Гүлге араны қондырамыз» Ойынның шарты:Ойыншылар дөңгелене шеңбер құрып отырады.Гүлге араны қондыруға тырысады.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Тәрбиеші: балаларды мадақтап сыйлық таратады.
Балалар қоштасып шығып кетеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *