Елдің ертеңгі тірегі – біздің балаларымыз

“Ақ желкен” санаторлық балабақшасының тәрбиешісі Бекпенбетова Айгүл Түркістан қаласы.
Қазақ халқы қай уақытта бол¬ма¬сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та¬лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке¬рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа¬уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де¬ген ғұлама ғалым Әбу На¬сыр Әл-Фа¬ра¬би ой¬ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо¬лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы¬нып қаралмайтын күрделі про¬цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы¬лай де¬ген бо¬ла¬тын: «Ба¬ла¬ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке¬ле¬шек за¬ма¬ны¬на лайық қылып шығару ке¬рек». Иә, Мағжан ата¬ла¬ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке¬рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – біздің балаларымыз. Олар за¬ман та¬ла¬бы¬на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік ар¬тып отыр. Ба¬ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу ол – за¬ман та¬ла¬бы¬на сай ұрпақ тәрбиелеу.
Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ере¬сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба¬ла¬лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо¬лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо¬лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай¬да ба¬ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор¬ны ерек¬ше. Себебі, ба¬ла- бақшаға ба¬ра¬тын ба¬ла қоғамда өз ой¬ын ашық айтуға үйренеді. Со¬ны¬мен қатар жан- жақты жетіледі.
Ба¬ла¬лар — біздің болашағымыз.» Сон- дықтан ба¬ла¬лар¬ды ерек¬ше күтіп, тәрбиелеу ке¬рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бо- йы¬на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр¬май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба¬ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол¬май¬ды, адам¬дар¬мен тез ара¬ла¬са¬ды. Балабақша ең ал¬ды¬мен ба¬ла¬ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой¬лау қабілеттерін ар¬т¬ты¬ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба¬ба¬ла¬ры¬мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас¬та¬ла¬ды, яғни тәрбиенің негізі от¬ба¬сы¬нан бас¬тау ала¬ды. Балабақша баланың қоршаған ор¬та¬да же¬ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты¬рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се¬беп¬кер бо¬ла¬ды деп ой¬лай¬мын. Ата-ана¬лар таңертең бізге ба¬ла¬ла¬рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама¬нат¬тап бізге сеніп тап¬сы¬рып кет¬кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол¬май¬ды. Ба¬ла¬лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар¬ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *