Ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті.
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным
Бөлімдер: Тіл дамыту ,Жаратылыстану
Тақырыбы: Көктем келді.
Мақсаты: көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру; балаларды көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету; табиғатты аялауға тәрбиелеу; табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнеліктер: слайд, аю, ағаштар, құстардың суреттері, геометриялық пішіндер.
Билингвальді компонент: көктем-весна, өзен-река, қар-снег, мұз-лед.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
-Бүгін бізге қонаққа апайлар келді, барлығымыз амандасайық.
Шаттық шеңбер құрып,бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Қайырлы күн, қайырлы таң!
Қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңберін орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Суретпен жұмыс:
Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады. Ауа райы, көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіреді:
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық.
Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады
Ал, балалар айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде « Көктем келді» деген тақырыпты өтеміз.
Наурыз көктемнің алғашқы айы.Балалар көктемнің алғашқы күндерінде қандай мерекені тойладық? Көктемде күн қандай болады? Көктем айларын атандар.
Слайдтарды тамашалайды. Көктем туралы білетіндерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақты шешеді.
Көктем туралы тақпақтарын айтады.
1. Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
2. Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.
3. Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
4. Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Көктемде табиғатта ғана емес жануарларда да өзгерістер болады. Балалар мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау қандай аң?
– Қыста аю не істейді?
– Қай мезгілде ұйқысынан тұрады?
Аюды ұйқыдан тұрғызайық,тақпақтар айтып, аюды
сергітейік .
Аю, аю тұрсаңшы, көп ұйқыны қойсаңшы
Көктем келді тамаша, ән салайық қаласаң!
Сергіту сәті.
Қорбандаған аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп, теріп алайық, қалтамызға салайық!
Аю жұмбақ жасырып, балалар шешуін табады.
1.Күн күледі,
Жер түлейді. (көктем)
2. Жатты да жатты, жылғаға ақты. (қар)
3.Аспандағы әдемі белбеуді
Беліме байлап алайын. (кемпірқосақ)
Балалар кемпірқосақтың түстерін орысша, ағылшынша айтайықшы. Красный – red, оранжевый-orang,желтый- yelou, зеленый- green, голубой,синий-blu, фиолетовый- violet.
Балалар, аю кеткелі жатыр, аюға сыйлығымызды беріп шығарып салайық.
-Аю нені жақсы көреді?
Ал, енді балалар құстарды қалай қарсы аламыз? Оларға қандай қамқорлық жасаймыз?
Алдарымыздағы пішіндерден қараторғайға үйшік жасайық. Мынау қандай пішіндер?
Дайын үйшікті ағашқа іліп қояйық. Құстар біздің досымыз.
Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.Табиғат туралы тыйым сөздерді қайталатып, мағынасын түсіндіру.
Гүлді үзбе.
Құстың ұясын бұзба.
Ағашты сындырма.
Суға түкірме.
Рефлексифті-түзетушілік.
Қорыту.
Балалар сендерге көктем мезгілі ұнады ма?
Ал, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді Б.Серікбаевтың өлеңімен аяқтайық.
-Күн , сен неге күркірейді?
-Көктем келді,көктем келді!
-Жаңбыр, неге сірікірейді?
-Бұлақ, неге сылдырлайды?
-Құлын, неге құлдырайды?
-Гүлдер, неге жайнайды?
-Құстар, неге сайрайды?
Міне, балалар, көктем келгеніне табиғат та, жануарлар да не істеп жүр?
Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Сұрақтарға жуап береді.
Қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже :
Нені білу керек: көктем мезгіліндегі табиғи өзгерістерді.
Нені игереді : табиғат пен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуді.
Нені біледі: табиғатты қорғауды, қамқорлық жасауды.