Менің отбасым.
Абилдаева Тынышкуль Нұржанқызы
№66 «Толағай» балабақшасы, I cанатты тәрбиеші
ҰОҚ құрылымы
Күні:15.11.2019 жыл
Білім беру саласы: Әлеумет, қатынас, шығармашылық.
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту, музыка, сурет салу.
Тақырыбы:Менің отбасым.
Мақсаты: балалар отбасы мүшелерін атайды, оларға қамқорлық жасауды біледі, суреттерді топтастыра алады, тақпақтарды жатқа айтады, отбасы туралы әңгімелей алады, суретті салады.
Билингвалды компонент: отбасы- семья- family
Ресурстар: (материалдар, жабдықтар): отбасылық суреттерден коллаж, дидактикалық ойындардың құралдары, ватман, маркер, көрнекіліктер.
ҰОҚ барысы:
І кезең: ұйымдастырушылық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері: (музыка әуенімен) Релаксация
- Біз қай тәулікте балабақшаға келеміз?
- Біз кешке қайда барамыз?
- Бізді үйде кім күтіп отыр?
Балалардың жауаптары.
Ендеше ата- аналарымызға жүрегіміздегі жылы лебіздерімізді арнайық:
А- дегенім анам,
Көңіліңді табам.
Ұзақ өмір Алладан,
Мен тілеймін саған!
Ә- дегенім әкем,
Сені мақтан етем.
Сеніміңді ақтап,
Арманыма жетем!
ІІ кезең: ұйымдастырушылық-ізденістік
- Балалар, бізге қонаққа құыршақ келді. Ол сендердің білімдеріңді, тапқырлықтарыңды көріп, сендермен дос болғысы келеді. Қонағымыз сендердің топта қалай жұмыс жасайтындарыңды көргісі келеді. Қонағымыз сендердің отбасыларың туралы, фотоколлаждағы суреттер арқылы білгісі келеді.
- Ендеше, суреттер арқылы 2 топқа бөлінейік. «Қояндар» тобы, «Көліктер» тобы
1 тапсырма: – Құрылымдаған ойын: «Суретте кім не істеп жатқанын түсіндіру»
Шарты: Әр топқа 3 суреттен беріледі, сурет бойынша сөйлем құрастыру.
2 тапсырма: – Дидактикалық ойын: «Үйде кім тұрады?» Мақсаты: үйге отбасы мүшелерін жайғастыра алады.
3 тапсырма: – Еркін ойын: «Күннің шуақтары». Шарты: отбасыларына тілек айтып, күннің шуағын бояу.
Сергіту сәті.
Балалар фотоколлаждағы суреттерді әңгімелейді.
- Балалар, кім отбасы туралы тақпақтарды айтады?
Отбасым менің бақытым,
Отбасым менің шаттығым.
Отбасым барда ешқашан,
Үзілмес менің үмітім.
Отбасы жылы ұямыз,
Тірегі ата- анамыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында адам боламыз.
Ең жақын адамдар,
Әжем мен атам бар.
Сендергі жақсы көремін,
Арқашан сыйлап өтемін.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар!
ІІІ кезең: рефлексиялық-түзетушілік
Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: « Еркелетіп айт…»
- Жан- жаным, құлын- құлыным, алтын- алтыным, бала- балапаным, күн- күнім.
Қорытынды:
- Жанұяларыңа қандай көмек бересіңдер?
- Отбасы мүшелерін қалай еркелетіп айтуға болады?