Тақырыбы: « Сүт өнімдері»
Білім беру саласы:Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: « Сүт өнімдері»
Мақсаты: Балаларға сүт тағамдары туралы түсінік беру. « Сүт өнімдері» туралы ұғымдарын кеңейте отырып, олардың дайындалу тәсілдерін, оларды өндіруші адамдар мен үй жануарларына қамқорлық туралы түсінік беру. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сиыр, жылқы, ешкі, қой суреттері. Сауын кастюміндегі қуыршақтар.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ- жауап,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері: Сары, ақпыз, қарамыз
Бәрімізде баламыз,
Бір ауылда тұрамыз
Бір бақшаға барамыз.
Ақ қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Жарайсыңдар балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын мұқият тыңдаңыздар.
Жұмбақ шешу:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып ,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады ? «Қыс»
Балалар жылда неше мезгіл бар?
Жыл мезгілдерін сұрау.
– Қазір жылдың қай мезгілі ?
– Қазір жылдың қыс мезгілі.
– Қыс мезгілінде неше ай бар?
– Қыс мезгілінде үш ай бар олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
– Қыста ауа райы қандай болады?
– Күн аяз ызғар болады.
– Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар.
– Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, мұқият тыңдаңыздар.
Жұмбақ шешу:
Сырлы сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады
Ақ болсада қар емес,
Шешуін кім табады? «Сүт»
Дұрыс айтасыңдар, олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы сүт өнімдері. Ендеше мен сендерге сүт өнімдері туралы слайд көрсетейін.
Сүт тағамы халқымыздың негізгі тағамы болып табылады. Төрт түлік малды асырап қамқорлап отырған аға апаларымыз олардың сүтін, терісін, жүнін пайдаға асырып үй тұрмысына пайдаланып жүрген. Сүттен дәмді айран, қатық ұйытқан. Түйенің сүтінен шұбат, жылқының сүтінен қымыз сияқты шипалы сусын даярлаған. Сиыр сүтінен қаймақ, сүзбе, одан құрт жасаған, ірімшік қайнатқан. Күнделікті өмірде сұтті шайға құйып та, былай өзін де ішеді. Жалпы сүт өнімдері адам ағзасына өте пайдалы, сүйекті қатайтады дені сау болып өсулеріне көмегін тигізеді.
Балалар бізге әдемі қорапша беріп жіберіпті. Бұл қорапшаның ішінде не бар екен келің ашып көрейік. Балалар қорапшаның ішінде суреттер бар екен.
– Балалар мында ненің суретін көріп отырмыз?
– Үй жануарлардың суреттері.
– Бұл жануарлардың төлдері не екен? Дұрыс айтасыңдар.
– Балалар сиырды кім сауады?
– Сауыншы апай, аналарымыз, әжелеріміз, әпкелеріміз сауады.
– Дұрыс сауыншы апай және өзіміздің аналарымызда сауады екен.
– Сиыр немен қоректенеді?
– Шөп береміз, су береміз, жем береміз.
– Дұрыс айтасыңдар, сиырға жем, шөп, су береміз. Сосын сиыр бізге көп сүт береді.
Ал, енді қорапты ашып тағы не бар екенін көрейік. Балалар қараңдаршы мынау сиырдың желініне ұқсайды, келің балалар сиырдан сүтті қалай алатынын білейік.
Балалар барлығымыз жақындап сүтті ұстап, ішіп дәмін көрейікші. Балалар сүттің дәмі қандай екен?
Дұрыс айтасыңдар сүттің дәмі өте тәтті денсаулыққа пайдалы екен.
« Ақ дертке дауа, жанға шипа» демекші, бүгін біз сүт және сүттен жасалатын тағамдар туралы үйрендік.
Сергіту жаттығу:
Тіктеп титтей құлағы,
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын,
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын,
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Балалар мына қораптың ішінде тағы бір нәрсе бар сияқты. Ішінде тағы не бар екенін көрейік. Балалар мына қораптың ішінде сүттен жасалған өнімдер бар екен: йогурт, айран, ірімшік және құрт бар екен. Әжелеріміз құрттың қалай жасайтынын білесіңізбе? Балалар құртты сүзбеге тұз араластырып жасайды екен. Бізде сүзбе болмағандықтан , біз құртты ермексаздан жасаймызба. Қәне бәріміз құрт жасайық.
Жарайсыңдар балалар, енді осы жасаған құртымызды әжелеріміз бетін жауып, күннің көзіне қояды екен, төрт бес күн, күннің көзінде тұрғаннан кейін дайын болады.
Жарайсыңдар балалар.
Қорытынды:
– Балалар біз қандай өніммен таныстық?
– Сүт өнімімен таныстық.
– Балалар өнімін неден алады екен?
– Сүт өнімін сиырдан алады.
– Сиырды кім сауады?
– Сауыншы апай.
– Сүт өнімдерінен нелер жасалады?
– Айран, ірімшік, құрт, май, қаймақ жасалады.
– Жарайсыңдар балалар!
Балаларды бағалау, мадақтау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718