«Ұлы даланың жеті қыры»-Туған өлкеме саяхат»

«Ата –аналармен бірлескен іс –шара)
Мақсаты: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқылы Туған өлкеміздің құндылықты жерлері жайлы және атталған тарихымыз туралы
ата -аналарға түсінік беру
Міндеттері:
• Командада жұмыс істей білу арқылы ата –аналарды сөзге шешендіктерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, сөз таптарын дұрыс құрай білуге, оқылған ертегіні драматизациялай білуге сөздік қорларын, тілдерін, креативтілікті және сыни ойлау қабілеттерін дамыту;
• Коммуникативтілік арқылы ата – аналар мен балабақшның арасындағы байланысты нығайту,ауызбіршілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіңе көз жоқ шығар, тамсанбаған
Рухани жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар таңбаланған
Жылқы мінген біз қазақпыз ,тегінен
Қазанаты ,құйрық –жалы төгілген
Ат мінгізіп,шапан жапқан әу баста,
Қазы –қарта,жал-жаясын жегізген
Орын алған тарихымның төрінен,
Үлгі аламын Елбасымның сөзінен
Ұлы даланың жеті қырын сақтауды
Айтқан жоққой ол кісі де тегіннен
Қазағымның болашағы жастар дейді,
Білім кілтің балабақша бастар дейді.
Өнер мен тәрбиеге бағытталған
Балабақшам өзінсің , әр жанырдан танытқан
Осыларды айта келіп бүгін біз
Туған өлкем тарихына енеміз,
Қарағайлы орманым мен Ертісім
Көпіріммен мақтанып біз келеміз.
Сәлем беріп «Ақбота» атты тобынан
Бүгін ашып, тақырыпты молынан
Үйретеміз баламызды осыннан.
Тәрбиеші:
Бүгінгі күн ерекше сіздермен талқылайтың бүгінгі тақырыбымыз Ел басшымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыбына арқау ете отырып Ұлы дала қазынасындағы «Туған өлкеме» саяхат . Туған өлкем саяхаттары арқылы біз өз туған жеріміздегі қасиетті орталардың шығу тарихтарын жетік білетін боламыз.
Қалай ойлайсыздар біздің туған өлкеміздің қандай құндылықты жерелер
бар ?
Ата –аналардың жауабы:Біздің жерімізде баға жетпес құндылықты жерлері көп атап айтқанда Қарағайлы орманымыз, сылдырлап аққан ертіс өзеніміз, әлемге таңылған көпіріміз және тағы басқалар бар.
Слайд -2
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар Семей өніріндегі ең құндылықты, көрікті жерлер көп солардың ішіндегі бірден бір ерекше танымалы жерлерді атап өттік. Ендеше қазір біз осы тұрғыда 2 топқа бөлініп жарысып өзіміздің білімзді жеті қырдан көрсетейік.
Менің сиқырлы сандығымда көпір , қарағайлы орман және ертіс өзеніміздің суреттері бар сіздер осы суреттерді таңдай отырып топқа бөлінесіздер.(ата аналар суреттерді таңдай отырып топқа бөлінеді)
Ал енді біз сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларын сайлап алайық.Балабақшамыздың меңгерушісі Н.М. әдіскер; Г.Б. қазақтілі мұғалімі Б.Ж.
Слайд -3
Жүр: Дұрыс айтасыңдар ендеше ортаға Қарағайлы орманның келген қарағайды шақырайық.
Музыка 1 (Музыкамен қарағай келеді)
Қарағай: Ия мені танымайтын ел жоқ мені барлық ел таниды менің басымнан не өтпеді Слайд -4
мен отқада жандым, Слайд -5 кесілдім бірақ мен басымды тік көтеріп табиғатымның сәнің кетірген жоқпын.
Слайд -6
Қарағай – тек әдемі ағаш қана емес,табиғаттағы дәрігер деуге де болады. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат – фитонцид бөлінеді Таза ауа- денсаулық кепілі .
Слайд -4
«Мың теңге тұратын дәрі өз аулаңда өсіп тұр» Халық дналығы Қарағайдан жүйкені емдеуге, өкпе, бауыр , тіске, , қан тоқтатын дәрілердің- алынады, адам ағзасына керекті дәрумендерге, минералды тұздарға, қышқылдарға, шайыр мен эфир майына, крахмал, дәрумендер «С», «В», «К», «Р» – тағы басқа пайдалы заттарға баймын.
Қарағайлы, шыршалы орманның адам денсаулығына зор пайдасы бар. Демалыс үйлері, санаторийлер осындай қарағайлы орман ішіне салынады. Себебі: оның ауасы таза, әрі шипалы. Мен туралы ақпараттар өте көп оны мына кітаптардан біле аласыздар.
Ал мен өзім сіздерге құр бос келген жоқпын мен өзімен бірге тапсырмаларымды ала келдім.
1 тапсырмам:
“Орман концерті”ойыны.
Ата аналар сіздерге берілетін тапсырмам «Орман концерті »деп аталады. Бұл тапсырмада сіздерге музкалық әуен ойналады. Ойналған әуен арқылы орманда тұрғындар қалай өмір сүреді. Олардың әрқайсысының өз дауысы, өз дыбысы , өз әні бар сонымен қоса онда тіршілік ететін әр түрлі жан жануарлар бар . Енді көзімізді жұмайықта осы ормандағы дыбыстарды тындайық көз алдымсызға орманның әсем табиғаттарын елестетейік. (музыка қосылады) Қазір нағыз орман концертін тыңдайсыздар. Тыңдаған концерттеріңізді көз алдарыңызға елестете отырып салуды ұсынамын Енді көздеріңізді ашып нені елестеттіңдер соны қағаз бетіне бейнелеп түсіре отырып мәтін құрап айтып бересіздер.
Слайд -8 “Орман концерті”
2 тапсырмам:
Орман сөзінің әрбір дыбысынан сөз құрандар. Кім көп сөз құрайды сол ойынымызды жеңімпазы болады.
Слайд -5 Ойын: “Сөз құрау
Қарағай: Мен өзім туралы біраз мағұлмат бердім деп ойлаймын.
Слайд -6 Ертіс өзені
Ертіс өзені келеді (музыка ойналады судың дыбысы)
Мен оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылып жатырмын Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр.
Сендер мен туралы аңыз білесіңдерме?
Менің сендерге қоятын бірінші тапсырмам өзім жйлы аңызды мұқия тыңдандар соны маған көңілімнен шығатындай ролдерге бөліп ойнап беріңіздер.
Ерте , ерте,ертеде , ешкі жүні бөртеде алатаудың ар жағында, қаратаудың бер жағында ноғай халқы өмір сүріпті. Сол ноғай жерін басқаратын ел билеушісі патш ауырып қасына екі ұлдарын шақырып алыпты.
Слайд -7 «Ертіс туралы аңызды ролге бөліп ойнау »
Патша : Ұлдарым менің уақытым таяп қалды сендер осы елге ие болып, халыққа жақсылық жасандар . менің ізімді жалғастыршы сендерсіңдер. Үлкен ұлым ақылдысын, сөзге шешенсын , парасаттысын сондықтан сені мен өз орынымды саған ұсынамын.
Ағасы: сіздің айтқанызды орындаймын әкешім.
Әкесі: Ал кіші ұлым сен ағанның тіреуіші бол -деп өсиет айтады.
Әкесінің сөзіне келісе алмаған інісі ағасына қастандық ұйымдастырмақшы болады.
Оны сезген ағасы жанұясымен бір үлкен өзеннің жағасын паналайды. Бірақ інісі ағасын іздеуды жалғастыра береді. Ағасын іздеп келген сарбаздарға әйелі «адал ниетпен келсеңіз, аттан түсіңіз» дегенді « Ер,түс!» деген сөзбен білдіреді екен.Әйелінін сөзі елге тарап халық өзенді Ертіс деп атап кеткен. Міне менің Ертіс деп аталуым осынан екен.
2) тапсырма: Менің келесі тапсырмам мақал мәтелдер, бұл мақал мәтелдерді құрастыру үшін арнайы сіздерге дайын суреттер беріледі осы суреттер арқылы сіздер мақал мәтелдерді құрастыру қажет
Слайд -8,9,10 Мнемотехниканы қолдану арқылы табиғат туралы мақал –мәтелдерді құрастыру:
Бұл таблица мнемо таблицасы деп аталады. Уақыт шектеулі екенің ұмытпау қажет.
Ертіс:Менің сәнімді келтіретін қаламыздың көрікті жеріміздің бірі-
Аспалы көпірді шақырайын.
Аспалы көпір: мен қарағайлы орманмен ертіс өзеніне қарағанда жаспын.
Слайд -11
Семей қаласының мақтанышы саналатын аспалы көпімін ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, ал әлем бойынша көлемі жөнінен 17-ші орынды иеленемін. Мен аспалы көпір – қала өңірінің оң жағы мен сол жағын байланыстыратын теңдесі жоқ құрылыс нысаны болып табыламы. Мен арқылы күніне 60-80 мыңнан астам көлік қаланың ана бөлігінен мына бөлігіне жүйткіп өтеді. Ал жалпы Семей қаласында қаланының екі бөлігін біріктіріп тұратын үш көпір бармыз: біреуі – теміржол көпірі, екеуі – жай көпір. Мен 1998 жылы қаңтар айының 24-ші жұлдызындажоспары қабылданып мені 2000 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Менің биіктігім – 90 метр Енім – 35 метр ұзындығым – 750 метр
Тапсырма : алдарыңыздағы сурет бөліктері бар осы сурет бөліктері арқылы мен сендерге сұрақ қоямын қай топ бірінші жауап береді сол топ бір бөлігін апарып құрастыру қажет.
Слайд -12 Сұрақ –жауап ойыны
Қала өңірінің оң жағы мен сол жағын байланыстыратын құрлыс нысаны қалай аталады?
Мен сияқты көпір ТМД –ді елдерінде нешеу?
Әлем бойынша мен нешінші орында тұрмын?
Мен арқылы күнніне қанша көліктер өтеді?
Семейде неше көпір бар?
Мен туралы жоспар қай жылы қабылданып, қай жылы пайдалануға берілді?
Менің биіктігім, ұзындығым, енім қанша деп ойлайсыздар?
Рахмет жарайсыздар!
Слайд -13
2) Тапсырмам: Мен жайында және қарағайлы орман, сылдырлап аққан ертісті қоса отырып өлең шумақтарын шығарыңыздар.
Өр Ертіс, қарағай, көпірім –дүр намысым.
Сәнісің сен Семейімнің
Сен менің қаламның көркі едін
Танытқан әлемге таң қалдырып.
Ән: « Шығысым шырайлы елім»
Ал енді құрметті ата аналдар бүгінгі өткен «Ұлы даланың жеті қырын » арқау ете отырып өздеріңізді жан жақтан білімдеріңізді, өнерлеріңізді көрсете білдіңіздер. Енді осы бүгінгі өткен іс –шараллардан алған әсерлеріңізді мына жаңғаққа жазып ой бөлісеңіздер. Рахмет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *