Қыс қызығы
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Аппликация,тіл дамыту,қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:Қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту.Қыс мезгілі,қыстағы адамдардың,жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.Дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы,фетр матасымен жұмыс жасауға дағдыландыру.Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін қолданып,домалақ жасауды бекіте отырып ,ұсақ қол моторикасын дамыту.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ғажайып сәт,ойын,сергіту сәті.
Тәрбиеші:Балалар ,далада күн суық болса да,біздің жүрегіміз жылы.Сондықтан жылуымызды жан жағымызға беріп,жылулық беріп ,жылулық шеңберін құрып ,келген қонақтарымызбен амандасып алайық:
Мейірімділік жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Қол ұстасып ,кәне біз,
Достасып бір алайық.
-Балалар көңіл-күйлерін қалай?
Балалар:Жақсы.
-Балалар,бүгінгі біздің оқу қызметіміз өте ерекше болмақ,өйткені бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр.Ендеше келген қонақтарымызға өзіміздің білімді,ақылды ,әдепті балалар екенімізді көрсетемізбе?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Балалар ,мен ендеше оқу қызметімізді бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр,ал сендер мұқият ойланып ,шешуін табындар:
«Шанамен зырғып келетін ,
Коньки,шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтың,
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың.»
Балалар:Қыс мезгілі!
Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар,бұл-қыс мезгілі.Балалар қыс мезгілінде неше ай бар және айлары атап беріндерші?
Балалар:Үш ай бар.Желтоқсан,қантар,ақпан.
Тәрбиеші:Жарайсындар,балалар!Ал,қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар:Күн суытады,қар жауады,аяз болып,боран соғады,күн қысқарып,адамдар жылы киынеді т.с.с.
Тәрбиеші:Ия,өте дұрыс!Балалар қатты аяз болып ,тоңғанда не істейміз?
Балалар:Қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады.
Тәрбиеші:Ал,күн шыққанда не істейміз
Балалар:Алақай деп,қолдарын шапалақтап көтереді.
Тәрбиеші:Өте жақсы балалар,енді осындай жақсы көңіл-күймен орнымызға отырайық(Орындарына отырғызады)
-Балалар,Тындандаршы,не естіп тұрсындар.Кім екен есікті тоқылдатып
жатқан.
(Осы кезде есіктен ,қолында дәу қорапшасы бар хат тасушы кіреді де балалармен амандасып,дәу қорапшаны балаларға тапсырады)
Тәрбиеші:Балалар,қарандаршы ,қандай дәу және өте әдемі қорапша ия.Балалар осындай әдемі қорапшаның ішінде өте үлкен екі щар бар екен.Бірақ бір шарда хат ілініп тұрған сияқты ия.Осы хатты алып сендерге оқып берейін кімнен келгенін,жәрайма?(хатты алып оқып береді)
-Балалар бұл хат Балаусадан келіпті.Балауса сендерді Жаңа жылдарымен құттықтап ,сендерге сыйлық жіберіпті.Бірақта ол сыйлық 5 ші қорапшаның ішінде екен.Сондықтан сол қорапшаға жету үшін сендерге алдындағы төрт қорапшадағы тапсыпмаларын орындауын ұсыныпты.Осы төрт тапсырмаларды орындасандар бесінші қорапшадағы сыйлықты аласындар.Енді,балалар осы тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма?
Балалар:Ия,дайынбыз.
Тәрбиеші:Ендеше,балалар сендерге іске сәт!
1 тапсырма:Шыршаның ойыншықтарын безендіру.
2 тапсырма:Ұй құстары мен дала құстарын ажыратып,орындарына орналастыру.
3 тапсырма:Қимылды ойын: «Әуен бойынша жабайы аңдардың қимылдарын,жүріс-тұрыстарын салу.»
4 тапсырма:Шырша жасау .(жасыл түсті жұқа фетрдан шыршаны қиып оны ақ түсті фетрға жапсырып ,сосын ойыншықтарын түрлі-түсті ермексаздан жасап оны шыршаға жапсыру)
-Міне,балалар біз төрт тапсырмаларды да орындап шықтық .Енді барлығымыз ортаға шығып сабағымызды қорытындылап ,бүгінгі келген қонақтарымызбен қоштасып және бесінші қорапшаны ашып ішінде қандай сыйлық бар екенін көрейік.
-Балалар біз бүгін жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
-Қыс мезгілі туралы.
-Бізге қонаққа не келді?
-Сиқырлы қорапша
-Ал сиқырлы қоропшаның ішінде не бар?
-Сиқырлы қоропшаның ішінде не бар?
-Сиқырлы қорапшаның ішінде хат және тапсырмалар бар
-Қандай тапсырмалар бар,атап беріңдерші?
-Шыршаға ойыншықтарды ілу
Ойын : «Жабайы аңдардың қимылдарын салу»
Құстарды ажырату
Шырша жасау.
-Өте керемет балалар!Енді келген қонақтарымызбен қоштасайық:
Балдай тәтті баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыныз бәрініз.
Бүгінгі сабаққта бәрілерін өте жақсы жауап бердіндер.Жарайсындар.Ал ,енді мен сендерге Балаусаның сендерге арналған сыйлықтарын таратып берейін.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718