Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп

Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп

Болашақ ұрпағымызды жаңа заман талабына сай оқытуда оқыту әдістерін қалайша түрлендіру керектігі туралы сұрақ мені де ойландыратын, ол сұрақтардың жауабын кембридж технологиясы бойынша педагог кадрларды даярлау курсынан өткенде тапқандай болдым. Курста оқи жүріп деңгейлік бағдарламасының теориялық негіздерімен танысып, оқытудың әдіс- тәсілдерін жеті модуль мәтінінде қолдану арқылы бағдарламаның артықшылықтары мен құндылықтарына көз жеткіздім. Қазірде сабақ беру әдістеріне деген көзқарасым өзгерді.
Мен университетте жұмыс жасай жүріп өз тәжірибемде оқушыларды топтарға бөліп, арнайы тапсырма беріп, жұмыстандыруды сабақтарымда сирек те болса пайдаланып жүрдім. Алайда топтық жұмыстың маңыздылығын, нәтиженің көрінісін осы Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курсынан үйреніп, түсіндім. Топ жұмысын ұйымдастыру үшін, алдын –ала әр сабақтың алдында арнайы ұйымдастырушылары тағайындалды, сабақ барысында оқушылардың жұмысын реттеу және бағалау үшін бағалау критериялары көрсетілген парақтар таратылды, бұл арқылы студент өз жұмысының қадағаланатындығын түсінді. Cабақ басталар алдында студенттер бірлесіп жұмыс жасау үшін топтың ережесі даярланып, оның маңызды екендігі айқындалды. Сергіту сәтінде «шаттық шеңбері», «ханшайым, айдахар, ханзада» әдістерін өткізу арқылы студенттердің көңіл күйі көтерілетіндігін, бауырмалдығы оянатындығын, бірін-бірі тыңдауға үйренетіндігін байқадым. Көңіл күйі көтеріңкі, өздерін еркін сезінетін топтың жұмысы нәтижелі болатыны түсінікті. Топтық жұмысты ұйымдастыруда мен “галереяны шарлау” және “ыстық орындық”, “джигсо” “бір минуттық әңгіме ” әдістерін қолдандым. Бұл әдістің ұтымды жағы топ мүшелерінің әр біреуі жұмыстанғандығында болды, белсенділік танытпай отырса да аудиторияда отырған, теориялық білімі орташа деп есептейтін оқушы мәселені талқылауға келгенде өз ойын жүйелеп, логикалық ойлау қабілетінің жоғары екендігін көрсете алды. Мені бұл жағдай әрине қуантты. Топ ішінде мәселені талқылау барысында студент әңгімелесу арқылы ой қорыта алды, ақпаратты өз бетінше меңгере алды, ол мәселені шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік берді. Әр топқа берілген тапсырмалар арқылы олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, шеберліктерін көрсетті. Ол жағдай әртүрлі жасалған постерлерінің бір-біріне ұқсамайтындығынан байқалды. Топпен жұмыстану нәтижесінде топ мүшелері арасында сыйластық, ұйымшылдық пайда болды. Ол болашақта студенттің кез келген ортада өзін еркін сезініп, өзінің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік беретініне көз жеткіздім. Себебі топ мүшелерін ауыстырған кезде де ортаға тез үйреніп, ортақ мәселені шешу үшін жұмыла кірісті. Топ мүшелері арасында сыйластық, ұйымшылдық пайда болды. Себебі топ мүшелерін ауыстырған кезде де ортаға тез үйреніп, ортақ мәселені шешу үшін жұмыла кірісті. Топ мүшелерінің топ жұмысына жан ашуы, жеткізе алмаған жерін толықтыруы жақсы байқалды, Оқушылар жұмыс нәтижесінде салынған постерлерімен мақтанды. Топта жұмыстана отырып, оқушы нені білетінін немесе білмейтіндігін анықтай алды, оны рефлексиядан анықтадым. Сонымен топ ішінде жұмыстану өз білгеніне сынмен қарауға, сөйлеу мәнеріне, тыңдай және тыңдата білу қабілетіне және уақытты үнемді пайдалануға үйренуге мүмкіндік берді.
Топ ішінде жұмыстануда жиі кездескен сәтсіз жағдай шу мен уақыт жеткіліксіздігі болды. Тапсырманы талқылау, бұл шуды тудырды, оны түсінуге де болды, бірақ ол басқа тыңдаушыларға кедергі болмауы тиіс. Сосын шудың бір-бірін тыңдауда кедергі болатыны, сондықтан жарты дауыспен түсіндіру және талқылау керектігін айттым. Оқушылар бұны құптағанмен, “шу” кедергісін жоюға жұмыстану керектігін түсіндім. Сонымен қатар, студенттерді топпен жұмыс жасатудағы көңіл бөлетін жағдай топты бағалауға келтірген қиындық болды. Осындай қиындық келтірген жағдайлардың себебін рефлексия арқылы анықтап, сабақты қайта жоспарлауда, тапсырманы және ресурсты дұрыс беруде, бағалау критерийін қайта қарау керек екендігіне түсіндім.
Қорыта келе, топпен жұмыс барысында оқушы өзін қызықтырған мәселені өзі шеше алады, өз жұмысын және бірін-бірі бағалауға қатысып, рефлексия жасады, өзін өзі жетілдіруге мүмкіндік алады деп ойлаймын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *