“Мен ертең солдат боламын!”

Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.Музыка.

Тақырыбы: «Мен ертең солдат боламын!»

Мақсаты: Мамыр айындағы мерекелер туралы мағлұмат беру.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып,өз елін,жерін қастерлейтін саналы да,парасатты,елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Батырлардың суреттері,жеңіс туралы видео,түрлі-түсті қағаздар,қайшы,желім.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Барысы:

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Тәрбиеші: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктем мезгілінің қай айы?

-Мамыр айы

-Мамыр айындағы қандай мерекелерді білесіңдер ?

-1 –інші мамыр –Бейбітшілік күні.

-Дұрыс балалар.Бүгін біз «7-мамыр Отан қорғаушылыр мерекесі» «9-мамыр Ұлы жеңіс күні» туралы білетін боламыз.

Балалар екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы,22 маусымда басталды.Жау әскерлері біздің жерімізге басып кірді.Қазақстан халқы Отанын қорғауға өз еріктерімен көптеп жазылды.Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұловаларды болды.Мәншүк Мәметова ол кезде небәрі 19 жастағы студент қыз  болатын.Ол алматыдағы Медицина Институтының студенті еді. Ол «Менің соғысқа баратын ағам да,апамда жоқ.Сондықтан мені жіберулеріңізді сұраймын деп өтінініш жасады.» Ол соғыста ерен ерлікпен қаза тапты.

Әлия Молдағұловада соғысқа әскерлермен бірге аттанды.Ол мерген болды.Әлияның аты барлығымызға өнеге,оның аты тарихта алтын әріптермен жазылады.

Талғат Бигелдинов майданда әуе көліктерімен шайқасан.Ол небәрі 23 жасында Кеңес Одағының батыры атағын жеңіп алған.

Бауыржан Момышұлы майданда жау қамалын 5 рет бұзып өткен батыр.Ол көзсіз шайқастарымен жаудың бетін қайтарып отырды.

-Балалар,біздің өзіміз қалағандай өмір сүріп жатқанымыз,шат-шадыман күлкіміз ол осы батыр ата-апаларымыздың арқасы.Бұл кісілеріміз еш уақытта ұмытылмайды.

1945 жылы 9 мамырда жаудың бетін қайтарып,Ұлы Жеңіске жетті.Содан бері 74 жыл уақыт өтті.

-Ал,1991 жылы Қазақстан Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.Ол өзінің Қарулы Күштерін құрды.2012 жылы 7 мамырда Қарулы Күштердің 20-жылдық мерекесіне орай,Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев  мерекелік заңнамаларға толықтырулар енгізіп,7 мамыр мерекесін жариялады.

-Балалар,әкелеріміздің,ағаларымыздың мерекелеріне арнап ашықхат жасайық.(Балалар үлгіге қарап,ашық хат жасайды.) Жасаған ашықхаттарын көрмеге іледі.

Тақпақтар

Мұстафа: Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмады жау бірақ.

Айсұлтан :Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды,

Бейбітшілік болса.

Аналар болады аман,

Балалар болады аман,

Бейбітшілік болса.

Әсия: Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоямын алау-қабірға.

Еске алып атамды,

Үн қосамын дабырға.

Балалар,біздің майданда ерлікпен қаза тапқан аға-апаларымызға арналған мәңгілік алауға гүлдерімізді қояйық.

Балалар алауға апарып гүлдерін қояды.

Ән: «Катюша»

Қорытынды:

-Балалар,сендер ешқашан соғыстың батыры болмаңдар.Сендер бейбіт елдің батыры болыңдар.Сол үшін еңбек етіп,сол үшін білім алыңдар.Сендер өз елдеріңнің ,өз жерлеріңнің патиоты болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *