“Аквариумды мекендеушілер”

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Аквариумды мекендеушілер

Мақсаты: Тірі және өлі табиғат туралы түсіндіру. Табиғат бұрышындағы балықтарға бақылау жасау, олардың сыртқы келбетімен,қорегімен және тіршілік ортасымен таныстыру. Балықтарға күтім жасауға үйрету.  Балалардың саусақ маторикасын,ойлау қабілеттерін және шапшаңдыққа,ептілікке дамыту. Қандай пішіндерге ұқсайтынын айтып өту.Балаларды қамқорлыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

  

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру,ой қозғау,ойын,тақпақ

Қолданылатын көрнекіліктер: ғажайып сәт,сергіту сәті,аквариум, үлгі сурет,фетра,слайм,дәнді-дақылдар,қол сүрткіш,дидактикалық суреттер.

Билингвизм: балық-рыба-fish,су-вода-watter

 

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме,қымбатты балалар! Балалар,бүгін ерекше күн! Өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.Кәне бәріміз қонақтармен амандасып алайықшы.Үш тілде амандасу.Балалар тыңдаңдаршы.Бұл судың дауысы ма?

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Аквариумды мекендеушілер» .Балалар бүгін біз осы аквариумның ішіндегі мекендейтін балыққа  тоқталмыз. Аквариумда көптеген балықтар және көптеген мекендеушілер өмір сүреді.Негізі аквариумда ұлулар,балықтар т.б.  өмір сүреді.Балықтар суда ғана өмір сүре алады.Судан басқа балықтарға жылу,жарық,ауа,қорегі керек.Аквариумдағы балықтарға адамдар қамқорлық жасау керек.Оларды күтіп,қоректендіріп,суын ауыстырып тұру керек.Балықтар уылдырық шашады.Ал сол уылдырықтардан балықтар пайда болады.

Ғажайып сәт: Алтын балық келеді.Сәлеметсіңдер ме ,балалар.Мен алтын балықпын.Мен адасып кеттім.Өзеннің жағасына шығып қалдым.Маған көмектесіңдерші мекеніме барайын.

 

Балалармен бірге қайыққа отырайық.

Балалар біз алтын балыққа көмектесу үшін өзенді тауып алайық.Балалар қараңдаршы мұнда су бар екен.Керемет жер екен.Балалар сендерге ұнап жатырма.Алтын балық осында өмір сүреді.

Балаларды 3 орталыққа бөлу.

Әдебиет орталығы: Балалар бұл орталықта балықтармен танысады және балық туралы тақпақ жаттайды.

Су астында балықтар,

Сазан,шортан,бекіре

Неше түрлі балық бар,

Шошытасың секірме.

Өнер орталығы: Балалар слайммен балықтың қалыптары арқылы балықты жасайды және дәнді дақылдар көмегімен көзін орналастырады.

Үстел-үсті орталығы: Геометриялық пішіндерді құрастыра отырып,балықтардың бейнесін жасау.Осы жұмысты фетраның төменгі жағына жапсыру.Ал тәрелкеге салынған балықтың суретін фетраның жоғары жағына жапсыру.

Ал енді балалар менің қолымдағы текшелерді алып,өз орталықтарыңа іліңдер.

Тәрбиеші: Балаларды сылдырмақпен белгі беру арқылы ортаға шеңберге жинау. Балалардың орталықтарда жасаған жұмыстарын айтып өту және мадақтау.

Балалар сендер шаршадыңдар ма? Денемізді сергітіп аламыз ба?

Сергіту сәті:

Балалар Алтын балықпен бірге «Бэби шах» сергіту сәтін орындайды.

Алтын балық балалармен қоштасып,өз мекеніне кетеді.

 

Дидактикалық ойын: «Балық аулау»

Ойынның мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.Балықты көздеп аулауға үйрету.Жылдамдыққа,ептілікке тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Хауыздағы балықтарды балалар қармақпен аулап алу керек.Кім қанша балық жинағанын санап оның пішіндерін,түстерін атайды.

 

Балаларды мақтау,мадақтау.Балаларға смайлик тарату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *