«Ұрпағымыз-Абайдың!»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
технологиялық картасы
Күні: 20.11.2019ж Тәрбиеші: Тағаева А.Ж
Білім беру саласы: Коммуникация, таным
Білім көзі: Көркем әдебиет, жаратылыстану
Тақырыбы: «Ұрпағымыз-Абайдың!»
Мақсаты:Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақын өлеңдерімен таныстырып, мән-мағынасын түсіндіре білу. Ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең-жырларын дұрыс түсіне білуге, бір-бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу. Суреттер арқылы сөйлем құрастыра білуге, өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу. Тілдерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
1. Ұлы ағартушы ғалым А.Құнанбаев туралы біледі.
2. Сөздерді ұйқастырып айта білуді игереді.
3. Ойын ойнай отырыпшапшаңдықты қолдануды меңгереді.
Сөздік жұмыс:күз, қыс, көктем, ақын, адамгершілік, достық
Билингвалды компонент: күз-осень-autumn, ақын-поэт, достық-дружба, адамгершілік-мораль
Көрнекі құралдар: А.Құнанбаев суреті, жыл мезгілдерінің суреті.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,ойын, сұрақ -жауап.
1. Кіріспе
Шаттық ше
ңбері:
Қайырлы таң!
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
-Жарайсыңдар, балалар, орнымызға отырайық!
2. Негізгі бөлім
Тақтаға ұлы Абай Құнанбаевтың суреті ілінеді. Тәрбиеші балалардың назарын суретке аударады.
-Балалар, бұл кім? Балалардың жауабын естіп:
-Бұл- ағартушы ғалым Абай Құнанбаев. Абай атамыз Семей облысының Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты -Құнанбай. Анасының аты-Ұлжан. Әжесі-Зере. Өте тәрбиелі, көргенді отбасында тәрбие алған. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен өшпестей із қалдырған. Абай Құнанбаевтың мән-мағыналы өте көп өлеңдері бар. Сонымен қатар адамды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтін көптеген өлеңдері бар. Бүгін сол өлеңдерінен үзінді оқып берейін.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
-Балалар, өлең не туралы екен?
Тәрбиеші балалармен бірге өлеңнің мән мағынасын ашады.
-Жыл мезгілдеріне байланысты «Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем» өлеңдері бар. Тәрбиеші табиғат бұрышынан жыл мезгілдерін көрсетіп , түсіндіреді.
Ғажайып сәт: Топқа 4 жыл мезгілдерінің ханшайымдары келеді (музыка ырғағымен). Өздерін таныстырады.
Тәрбиеші ханшайымдардың киімінің түстерін жыл мезгілдерімен байланыстырып, түсіндіріп өтеді.
-Жарайсыңдар, ханшайымдар! Бүгін біздің қонағымыз болыңыздар!
Үнтаспадан жыл мезгілдеріне тән табиғат дыбыстары есітіледі «жаңбыр, күзгі жапырақтардың түсуі, суық жел, найзағай, құстардың сайраған дыбысы) т.б.
-Балалар, бұл ненің дыбысы?
-Жаңбыр,
-Найзағай,
-Жапырақтар дыбысы.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы дыбыстардың қай жыл мезгіліне тән екенін айтып бере аламыз ба?
Сергіту сәті: Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс-тырс, тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
Күнге қолды созамыз,
Күннен жылу аламыз.
Бойымызға таратып,
Біз көңілді боламыз.
-Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
Дидактикалық ойын: «Сәйкестендір».Шарты: Себетте жыл мезгілдерінің түсіне сәйкес шарлар жатады. Балалар шарларды ажыратып, өз ханшайымдарына апарып беруі тіс.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып алаң».Ортаға 4 орындық қойылып, әр орындыққа жыл мезгілдерінің суреттері қойылады. 4 бала шығып орындықтарды айнала жүгіреді. Музыка ойнап тұрады. Музыка тоқтағанда бала қай орындық алдына тоқтаса, сол жыл мезгілі туралы әңгімелеп береді.
Дидактикалық ойын: «Киімдерді ажырат».Тәрбиеші әр жыл мезгіліне байланысты киімдер гардеробын алып шығады. Балалар бір-біреуден тақтаға шығып, киімдердің аттарын, қай уақытта киілетінін ажыратып айтуы тиіс.
-Жарайсыңдар, балалар!
3. Қорытынды
-Балалар, бүгін біз қай ақын, жазушы туралы өттік?
-Абай атамыздың қандай өлеңдері бар екен?
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші. Тәрбиеші күзге байланысты суреттері бар карточкаларды көрсетеді. Балалар сурет бойынша сөйлем құрастыра отырып, күз мезгілін бейнелеп береді.
-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма сендерге? Өте тамаша, балалар, сендерге көп рахмет! Осымен оқу қызметіміз аяқталды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *