«Менің мамандығым»
Эссе
«Менің мамандығым»
«Өмір-ағып жатқан өзен»-дегендей, ағын су өз ағысымен дұрыс ағып жатса, соңы үлкен теңізге қосылары анық. Сол секілді бізде өз ағысымызбен дұрыс бағыттай білсек, түбінде мақсатымызға жетеміз.
Ағыс бойымен дұрыс жүзу-мамандықты дұрыс таңдау деп білемін.
Егер адам өз мамандығын сүйсе, өмір жолындағы қиындықтар мен кемшіліктерге оң көзбен қарары анық.
Егер өзіне ұнамаған мамандық бойынша жұмыс жасап жатса, ортасы ұнамаса, демек ол адам өз ортасында дамуға да, жоғарыға ұмтылуға да тырыспайды.
Әр адам өз кәсіби мамандығына әр түрлі жолмен келеді. Біреулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, ал кейбіреулерге отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін әйтеуір бір мамандық алып шығу керек болған соң т.б.с.с себептер болып жатады.
Мамандықты дұрыс таңдау үшін, адам алдымен өзін дұрыс танып білуі қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Не істеп жүрмін?», «Менің осы өмірдегі орным қандай?», «Болашақта қандай белестер бағындырамын?» секілді сұрақтар қояотырып және сол сұрақтарға жауап іздеп, өзін-өзі дамыта білгені абзал.
Көп салалы елімізде мамандықтың түрі өте көп. Мамандықты дұрыс таңдай білу де оңай емес. Сол себепті де әркім мамандықтарын әр түрлі жасқа келіп те таңдап жатады. Кейбіреулер отыздан асып, жан қалауындағы мамандықты таңдап жатса, ал кейбіреулер тіпті жанына да жуымай, туған-туысы немесе ата-анасы таңдаған мамандық бойынша нан тауып жүр.
«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» дегендей, мектеп бітірген соң журналист боламын деп армандадым. Бірақ соңғы сәттерде бойымды сенімсіздік билеп, аяқ асты жаратылыстану бағытын таңдап кеттім. Мақсатым- «Жастар қаласы» Алматы қаласына түссем болды еді.
Уақыт өте, бала тәрбиелеу, баланы дамыту- менің мамандығым екенін сезініп, педагог мамандығын қосымша оқып алдым. Қазіргі таңда мамандығым бойын жұмыс жасап келемін. Мамандығым ұнайды. Әр баланың жүзіне күлкі ұялатып, жүрегіне жылу беріп жатқаныма қуанамын.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
-деп ұлы ғалым Әл-Фараби айтқандай, өз-өзімізді танып, жанымызға жақын мамандықты таңдап, сол мамандығымыз арқылы биік белестерді бағындыра берейік.
Алматы қаласы, 2019ж
Наурызбай ауданы
«ALATAUБалабақшасы»
«Қошақан» тобының тәрбиешісі
Тағаева Аижан Жаныбекқызы