Тәрбиеден – өзін – өзі тәрбиелеуге

Пән: Өзін – өзі тану

Сыныбы: 10

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Тәрбиеден – өзін – өзі тәрбиелеуге

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Қоғамға риясыз қызмет ету, жауапкершілік

 

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы, оқушыларды өзін өзі тәрбиелеуге баулу

Міндеттері:

1.      Білімділік: Оқушыларды  қоғамға риясыз қызмет жасауға баулу

2.      Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz

2.[1]Ысқақ. Ә. Абзалдық әліппес. – Шымкент: Шекер, 1996. – 51-52 бет.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

5        Т – ережесі:

1.      Тәртіп.

2.      Талап.

3.      Тыныштық.

4.      Тазалық.

5.    Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Бұл кім?»

Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.

Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген…Ол кім?… Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар… Ол кім?…».

Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.
2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №11 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №12, «Тоғыз тағлым» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1.      Мәтіндегі автордың «Барлық адамда қабілет бар. Тек оны көрсету үшін кейбірімізге еңбекқорлық, ізденіс, шыдамдылық жетіспейді» деген ойынан не ұқтыңыздар? Автордың ойымен келісесіздер ме? Неліктен?

2.      Автор «Ойлана білмейтіндерден, жіберген кемшілігінен қысылмайтындардан қорқамын. Бұлар қоғамның да, өзінің де нағыз жаулары» дегенде жас ұрпаққа не айтқысы келді деп ойлайсыздар?

3.      Мәтіндегі «тоғыз тағылымнан» қандай тағылым алуға болады?

4.      Ата-аналарыңыздың, жақындарыңыздың айтқан осындай ақыл-кеңестері туралы айтып беріңіздер.

5.      Осы мәтіннен іс-әрекеттеріңізді, мінез-құлықтарыңызды жақсылыққа қарай жетілдіруге қандай кеңес алдыңыздар?

3. Сабақтың дәйексөзі.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады…

Б.Момышұлы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. Кеңесодағының батырыжазушыЕкінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және

тактик

Сұрақтар:

1.Өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады?

2. Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі – дегенді қалай түүсінесіз?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты. Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді. Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді. Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады. Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді. Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік. Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді. Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс мәселелер берді. Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп ақыл мен қуат берді. Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді. Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде. («Көбелектен алған сабақ» Өсиет әңгіме)

Тапсырма: Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңыздар? Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңыздар.

 
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

4-тапсырма. Жағдаятты шешіңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сынып үшін маңызды іс жасау керек болды. Бірақ балалар бұл іске бірден кірісіп кетпеді. Олар бір-біріне, барлығына, біреуге, әркімге сеніп, солар жасайды деп күтті. Жұмысты ешкім жасамады. Барлығы әйтеуір біреудің жасайтындығына сенді. Бұл жұмысты жасау бәрінің де қолынан келетін еді. Алайда ешкім жасамады. Балалар бір-біріне ренжіді. Өйткені жұмыс жасалмады. Біреу жасайды деп күткен үміт ақталмады. Өкініштісі ешкім де жұмыс істелінбей қалады деп ойламапты. Соңында әркімнің жасай алатын ісін ешкім жасамағаны үшін барлығы белгісіз біреуді кінәлады…

• Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңіздер?

• Аталған жағдай оңтайлы шешімін табуы үшін оқушылардың қандай ұстанымда болуы қажет деп ойлайсыздар?

 
6. Топпен ән айту.

Құстар қайтып барады

Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі

Әні Нұрғиса Тілендиевтікі

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырлайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал, адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,

Тамаша әнмен келіп еді көктемде.

Өскен жерге сыймай кетіп барады,

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады.

 
7. Үй тапсырмасы.

1. №12 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №13, «Ақиқаттан аттауға болмайды» мәтінін оқып келу.

 
8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет)немесе1………………2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *