құстар біздің досымыз
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Сабақтың мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс – тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту. 1. Білімділік: Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру; 2. Дамытушылық: Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой – өрісін дамыту; 3. Тәрбиелілік: Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер, теледидардан құстар жайлы диафильм .
Сабақтың көрнекілігі: : Дала, үй құстары, қыстайтын құстар, құстардың дыбысы жазылған таспа, «Табиғат» туралы сызба.
Сөздік жұмыс: көгершін – бейбітшілік құсы
Полилингвалды компонент:құстар-птицы-birds, қарлығаш – ласточка-swallow, қараторғай – скворец-starling, т. б.
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекет | Ресурстар |
Мотивациялық-қозғаушылық | Психологиялық сәт. Сұрақ – жауап. ● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
Ал енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам?» ойынымен байқап көрейік. /Топқа бөлу. Жауап берген балаларды жұлдызшамен бағалау/. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Өлі және тірі табиғат Өлі табиғат жануар ——– Сүтқоректілер, |
Ұйымдастыру-іздестіру | – Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Қ Ұ С Т А Р 1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай. Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай(қарлығаш) 2) Тал басында, түндіксіз отау(ұя) 3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды. Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?(сауысқан) 4) Орманда жоғары, ағашқа қонады. Тұмсығын балға қып, тоқ – тоқ соғады.(тоқылдақ) 5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу талтандап(балапан) 6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені. Жаздай сайран салып – ақ, қыста алысқа кетеді(қараторғай) Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар» – Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді білетін боламыз. Теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі. Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың атын атаңдаршы Құстар туралы түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу: Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшайық.
«Құстар – біздің досымыз» атты бұрышпен таныстыру (бұрышта құстарға байланысты альбомдар,қанатты сөздер қойылған,құстардың бейнесі). |
Балалар жұмбақтың жауабын шешуге тырысады.
(қарға,сауысқан,торғай, қарлығаш,тыр- на,қараторғай,аққу). Мұқият тыңдайды.
Ойын ойнайды. Балалардың жауаптары: (Жем, бидай, дән, зиянды жәндіктер) Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық
Сергіту сәтін жасайды, іс-қимыл көрстеу арқылы.
Мұқият тыңдап,танысады.
Д/о: ойнайды
Ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
Балалардың жауабы |
Рефлексивті-түзетушілік | 1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды. 2) Сұрақ – жауап әдісімен: а) Құстардың қандай пайдасы бар? ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе? 3) Құстар туралы мақал – мәтелдер: а) Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. ә) Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар. Қорытындылау: балаларды жұлдызшалармен мадақтау |
Тыйым сөзді қайталайды.
Балалар қорытынды Сұрақ-жауап әдісін орындайды.
Балалар жұлдызшаларға қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл құстарын және олардың атауларын.
Игерді: Құстарға қамқор жасау, табиғатты қорғау керектігін игереді.
Меңгереді: Құстардың пайдасы зор екендігін меңгереді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718